Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата29.05.2020
өлшемі132,66 Kb.
#71561
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс №7.Ақпарат және PR

Қосалқы коммуникациялар кезеңдері.

PR мәтіндерді таратушы – БАҚ-пен жұмыс.

ХХІ ғасыр - ақпарат заманы. Қазіргі қоғамдағы негізгі ақпарат көзінің

бірі   –   бұқаралық   ақпарат   құралдары   (БАҚ).   Қазіргі   коммуникативтік

кеңістікте ақпарат көздері сан алуан болып келеді: радио, теледидар, газет,

журнал, кітаптар, жарнама, интернет жүйесі, жаңа медиа-технологиялар т.б.

Ақпарат көздерінің қай-қайсысының  да  басты мақсаты - көпшілік назарын

аудару.

Ақпараттар   арнасы   шектен   тыс   көбейген   осындай   ортада   бірнеше

кезеңнен тұратын қосалқы коммуникациялар жүзеге асырылатындығын атай

келіп, зерттеуші Қ.Есенова ол кезеңдерді былайша атап көрсетеді: 1) белгілі

бір   аудиторияның   назарын   аударту;   2)   ұсынылатын   хабарламаға

қызығушылық   тудыру;   3)   осы   ақпаратқа   сәйкес   әрекет   ету   ниеті   мен

қажеттілігін   қалыптастыру;   4)   осы   хабарламаға   сәйкес   әрекет   етушілердің

мінез-құлқын, іс-қимылдарын басқару. Осы қосалқы коммуникация саласына

үгіт-насихат, жарнама және PR жатқызылады 

PR (паблик рилейшнз) тіркесінің тура мағынасы «жұртшылықпен байланыс»

дегенді   білдіреді.   Кейде   оның   баламасы   ретінде   «баспасөзге   арналған

материалдар» деген тіркес те жұмсалады. Оның мақсаты - субъектілер мінез-

құлқын өз қажеттілігіне орай өзгерту.

PR   мәтіндерді   таратушы   –   БАҚ.     PR-ақпаратқа   құрылған   мәтіндер

негізгі   коммерциялық   құралдар   ретінде   танылады.   Себебі,   олар   жекелеген

мекемелердің,   фирмалардың,   ұйымдардың,   ЖШС   т.б.   туралы   мәліметтерді

жұртшылыққа таратады. Бұл қызметті   PR-менеджерлер атқарады. Олардың

міндетіне   баспасөзге,   басқару   органдарына,   инвесторларға   арналған




ақпараттық   материалдарды   (брошюралар,   мақалалар,   пресс-релиз   т.б.)

дайындау   енеді.   Ақпараттық   материалдарды   зерттеушілер,   негізінен,   екі

топқа бөліп қарастырып жүр: 1) жаңалықтар деп танылатын іс-шараларды

ұйымдастыру   және   өткізу   барысында   таратуға   арналған   материалдар;   2)

БАҚ-та тікелей жариялауға арналған материалдар [2, 112 б.].

Әдебиеттерде   бұл   құбылысты   «PR   –   жарияланым»,   «PR   –   мәтін»

терминдерін   қатар   қолдану   тәжірибесі   байқалады.     Алайда,   «PR   –

жарияланым» тіркесінің «PR – мәтінге»  қарағанда қолданылу аясы тар. «PR

–   мәтін»   терминінің   мағынасы   Б.Момынованың   «Қоғамдық-саяси

лексиканың   түсіндірме   сөздігінде»   былай   беріледі:   ПИАР   –   зат.   Ақпарат

алмасу мен қоғамдық пікірге баға беруді өрістете отырып, жеке тұлға, ұйым,

топтар   мен   қоғам   арасындағы   өзара   түсіністіктің   қалыптасуына   әсер   ету

(pablik relations (PR) (ағылш.) – қоғаммен байланыс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет