Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н


Дәріс №8. PR тілінің сипаттары



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата29.05.2020
өлшемі132,66 Kb.
#71561
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс №8. PR тілінің сипаттары.

1. Газет мәтініндегі тілдік манипуляция.

2. Мәтін тілімен жұмыс.

«Жұртшылықпен байланыс» дегенді білдіретін «PR» сөзінің уақыт өте

келе аясы кеңіп, қоғаммен байланыс құралы ретінде  әртүрлі мәнде, позитив

және   негатив   бағытта   жұмсалып   жүр.   Позитивті   PR   мәтіндер   қоғамдық

санаға нақты саяси идеяларды сіңіреді, дұрыс таңдау жасауға бағыттайды, ал

негатив немесе «қара PR» мәтінде ақпарат бұрмаланады, жалған мәліметтер

беріледі. Тіпті арандату әрекеттері де жоспарланады. Позитив бағыттағы PR

мәтіндер мен негатив бағыттағы PR мәтіндердің функционалдық міндеттері

бір-біріне   қарама-қарсы.   Негатив   бағыттағы   PR-мәтіннің   қызметі

«жұртшылықпен байланыс» деген ұғымды білдіретін PR-дың шын мәніндегі

мазмұнына   қайшы   әрекеттер   болып   табылады.   PR-мәтінді   тарату   үшін   ең

қолайлы БАҚ түрі ретінде газеттерді атауға болады. Қазіргі қазақ газеттерінің

кез   келгенінен   PR-мәтінді   кездестіруге   болады.   Мәселен,   «Егемен

Қазақстан»,   «Қазақ   әдебиеті»,   «Жетісу»   газеттердегі   PR-мәтіндер   түгелдей

жағымдылығымен, оң пікірлерге негізделгенімен  сипатталса,  «Жас  Алаш»,

«Апта-KZ» басылымдарындағы кейбір PR-мәтіндер сынап-мінеуге, объектіге

алынған   PR-субъектінің   кемшіліктерін   көрсете   отырып,   жағымсыз

көзқарастар   қалыптастыруға   бағытталғандығы   байқалады.   Қазіргі

газеттердегі негатив мәндегі PR-мәтіндердің өзін іштей 1) агрессивтік сипаты

басым, журналистік этиканы ескермейтін және 2) мақала кейіпкеріне ашық

агрессия   көрсетпейтін   журналистік     этика     ережелерін     сақтай     отырып

жазылатын  жағымсыз  теріс пікірлерін ашық түрде емес, бейтарап формада

беретін мәтіндер деп бөлуге болады.

БАҚ-та     негатив   бағыттағы   PR-ақпаратты   тарату   тәсілдерінің   бірі   –

газет мәтініндегі тілдік манипуляция. Манипуляция «шындықты бұрмалау»

деген мағынаны білдіреді. Бұл, әсіресе, саяси дискурсқа байланысты кеңінен

қолданылатын   тәсіл   екендігіне   көз   жеткізілді.   Қазақ   баспасөзінде   сананы

бұрмалауға,   өзгертуге   тырысатын   ақпараттардың   (автордың)   қолданатын

тәсілі.   Мысалы,   «Егер   Азат   Перуашев   Алашқа   жаны   ашыса,     олардың



артында   қалған   мұраларын   неге   жарыққа   шығармайды?   Өкінішке   қарай,

оның «Ақ жолды» Алаш партиясының рухани ізбасары деп атауы саяси сауда

екен. («Жас Алаш», №5, 19 қаңтар, 2012 жыл).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет