Каз Мектеп-10-2015. indd


 Негізгі лексикалық сын есімге тән мағына, оған жоғарыда келтірілген  мысалдар жатады. 2



Pdf көрінісі
бет36/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

1. Негізгі лексикалық сын есімге тән мағына, оған жоғарыда келтірілген 

мысалдар жатады.



2.  Ауыс  мағына:  мұның  өзі  де  іштей  неше  түрге  жіктеледі,  мәселен, 

«сүттен  ақ,  судан  таза»  дегендігі  «ақ»  атауы  –  өзіне  тән  көптеген  ауыс 

мағыналардың тек бір қырын ғана – «күнәдан таза, айыбы жоқ, пәк адам» 

дегенді аңғартып тұр.

3. Туындық мағына: оған мәселен, «кедейдің аузы аққа тигенде, мұрны 

қанапты»  деген  мақалдағы  «ақ»  атауының  «сүт,  сүт  тағамдары»  деген 

мағынасы жатады. Бұл мағынаның «туынды» болатын  себебі – сүт тағам-

дардың басқа қасиеттеріне емес, түріне байланысты мотив негізінде жасалу-

ында.


4.  Түр-түс  атауларына  тән  тағы    бір  мағына  –  одардың  символикалық, 

рәміздік мағынасы. 

Егер  түр-түс  атауларының,  сайып  келгенде,  түр-түстің  өзінің  негізгі 

лексикалық  мағынасы  белгілі  зат  пен  құбылысқа  тән  бояу-реңкті  анықтау 

нәтижесінде,  ауыс  мағынасы  –  олардың  арасындағы  логикалық  байланыс 

пен  ұқсастықтан,  туынды  мағынасы  –  мотивтік  сәйкестік  негізінде  пайда 

болса, символдық, рәміздік мағынаның қалыптасуы бұлардан сәл өзгешелеу. 

Символдық, рәміздік мән-мағына әдетте нақтылы заттармен бірге олардың 

сыртқы  бояу-реңкіне байланысты және қоғамдық өмір салты, дәстүр, ұлттық 

наным, әдет-ғұрып ретінде қалыптасуы шарт. Демек, символикалық, рәміздік 

мән-мағынаға  ие  болған  заттар  мен  құбылыстар  тек  тіл  тұрғысынан  ғана 

емес, этнолингвистикалық таным тұрғысынан да зерттелуі қажет.

Сондықтан біз бұл  мақалада  түр-түс символикасын жалпы сөз етуден гөрі 

«ақ» және «қара» түстерге байланысты ұлттық салт-дәстүрімізде кездесетін 

символдық, рәміздік қолданыстарды ғана қарастыруды жөн көрдік. Сан алу-

ан түр-түс атауларының  ішінен тек «ақ» пен «қара» түстерді ғана бөліп алып 

қарастыруымыздың өзіндік себебі де жоқ емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет