ӘОЖ (УДК): 378.091.33:802.0
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАҚСАТҚА СҮЙЕНЕ
ЖАСАЛҒАН МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ
ҰСТАНЫМДАРЫНА СИПАТТАМА
Қарлығаш МОЛДАБАЕВА,
Алматы энергетика және байланыс
университетінің аға оқытушысы
Аннотация. Бұл мақалада оқушының білім сапасын көтеруге ықпал ететін
модульдік технологияның өзектілігі, оның теориялық және практикалық мәні баян-
далады.
Түйінді сөздер. Интеграцияланған дидактикалық мақсат, дербес мақсат,
модульдік технологияның серпімділігі, оқу элементі.
Б
іскерлік қабілетті дамытатын білім қорын беру проблемасын туғызды және
сонымен қатар оқытушылардың біліктілік даярлығына кері әсерін тигізді.
Орын алған бұл жағдаяттан шығудың бірден-бір жолы тек қана іс-әрекет
түрін ғана емес, іс-әрекет ету жолдарын үйрету болып табылады. Сол себепті
модульдік технологияның ұтымдылығы, іскерлігі және қарқындылығы
ұстанымының маңызы зор. Аталған ұстанымды қолдану барысында төменгі
педагогикалық ережелерді есте сақтау аса қажет.
Модульдік оқытудың теориясы жалпы дидактикалық спецификалық
қағидалармен тығыз байланысты болса, модульдік оқытудың жалпы
бағыты, мақсаты, мазмұны және ұйымдастыру әдістері оқу элементтерінің
арасынан ең керекті деген элементтерді оқудың қарқындылығына қарай,
модульділігіне, серпімділігіне қарай, жүйесінің ыңғайлылығына қарай,
әдістемелік ақыл-кеңестік ауқымдылығына, бағыттылығына қарай бөліп алу
қағидаларына байланысты болады.
33
www
.kazmektep.kz
Енді аталғандардың әрқайсысына жеке тоқталып өтейік.
Модульдік ұстаным оқудың ұйымдастыру формасы, әдістері, мазмұнына
байланысты оқыту бағытын анықтайды. Аталған ұстанымда оқу белгілі
бір дидактикалық мақсатқа жету мақсатында құрастырылған дербес
функционалдық бөліктерден-модульдерден құралады. Бұл ұстанымды іске
асыру үшін келесі педагогикалық ережелерге сүйену қажет:
– оқу материалы алға қойылған дидактикалық мақсатқа жететіндей
етіп құрылуы міндетті;
– оқу материалы логикалық тұрғыдан қарастырғанда толығымен
аяқталған блок болуы керек.Түпкі мақсат дербес модульдер арқылы
оқытудың кешенді дидактикалық мақсатына жететіндей етіп жасалуы
тиіс;
– оқу материалымен сәйкестендіре отырып түпкі мақсатқа жете-
лейтін оқытудың түрлі формалары кіріктірілуі керек.
Ал оқу элементтерінің арасынан ең керекті деген элементтерді бөліп
алу ұстанымы кіріктірілген дидактикалық мақсатқа сәйкес келуі керек.
Модульдік ұстаным ақпараттық оқытудағы элементтерге ұқсайды, бірақ
модульдік оқытудағы оқыту мазмұнының ең кішкентай бірлігі ретінде
дидактикалық мақсат талабына сай келіп, белгілі бір курс тақырыбын немесе
оның фрагментін алады.
Оқу элементтерінің арасынан ең керекті деген элементтерді бөліп алу
ұстанымын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарғанда келесі педагогикалық
ережелерге сүйену керек:
– кіріктірілген дидактикалық мақсатқа жету барысында дербес
мақсаттар қою;
– дербес мақсаттың әрқайсысы оқу материалының әр элементінде
орын табуы;
– кіріктірілген дидактикалық мақсаттың әр дербес мақсаты бір
модульді құрауы.
Модульдік технологияның серпімділігі туралы әңгіме қозғағанда, оқу
материалының бірлігі туралы айтып кеткен Дж. Расселдың пайымдауын
ескерген жөн. Модульдер әртүрлі бөліктерге топтаса алады. Бір ғана мо-
дуль бірнеше талаптарға жауап бере алады. Жаңаларды қосып, ескілерді
бағдарламадан алып тастап отыру арқылы модульдің серпімділігіне қол
жеткізуге болады.
Модульдік оқыту барысында оқытудың мақсаты іс-әрекет әдістерінің
терминдері арқылы берілуі керек. Алға қойған мақсатқа жету барысында
практикалық және теориялық тұрғыдан логикалық түрде дұрыс құрылған,
пәнішілік және пәнаралық байланыстар ескерілген модульдің мазмұнын жа-
сау ұтымды.
Оқуға шығармашылық қатынас қалыптастыру мақсатында оқыту
проблемалық бағытқа негізделіп құрылуы қажет. Оқуға шығармашылық
қатынас қалыптастыру үшін оқыту проблемалық бағыт арқылы қолданылуы
шарт. Ең бастысы, бағдарламаны білім берудің түрлерін өзгертіп отыруға
мүмкіндік беретіндей құрастыру керек.
Модульдік оқытуды үйымдастырудың икемділік ұстанымында оқудың
мазмұны мен оны игеру жолдары оқушының дербес қажеттіліктеріне икемді
етіліп құрастырылуы тиіс. Бұл икемділік ұстанымы келесі педагогикалық
ережелерді ескеруді талап етеді:
– оқу мазмұнын индивидуализация немесе даралаған жағдайда міндетті
түрде бастапқы білім диагностикасын жасау қажет;
– оның мазмұны бойынша жеке оқу модулін жасауға мүмкіндік тууы
керек;
– оқу мазмұнының индивидуализациясы кезінде оқушының білім
қажеттілігі ескерілуі тиіс;
34
www
.kazmektep.kz
– модульдің әдістемелік жағы оқу технологиясының индивидуализация-
сын қамтамасыз етілетіндей етіліп жасалуы қажет;
– оқудың белгілі бір мақсаты орындалғаннан кейін дербес бақылау өтуі
тиіс.
Перспектива ұстанымы оқушылардан оқудың жақын, орта, алыс мақсат-
тарын түсінуді талап етеді. Сондықтан оқушы мен оқытушы арасындағы
бақылау мен басқарудың тиімді әдісін айқындап алу керек.
Тым қатал басқару олардың ынтасының төмендеуіне алып келеді және
оқушының өз бетінше оқу қарқынын төмендетеді.
Оқушының өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін қолданатын болса, онда
оларға аралық және түпкі мақсаттарды анық айқындап беру керек. Бұл перс-
пектива ұстанымында келесі қағидаларды естен шығармау керек:
– әр оқушыға о бастан бүкіл оқу курсына арналған модульдік бағдар-
ламаны ұсыну керек (курс, жыл);
– модульдік бағдарламада кешенді дидактикалық мақсат толығымен
көрсетілуі тиіс;
– оның құрамына түпкі мақсатқа жету барысындағы іс-әрекеттер
кіреді және оқушылар өздеріне жақын, алыс, түпкі мақсаттарына жетуге
арналған ақпаратпен қамтамасыз етіледі;
– әр модульдің басында іс-әрекет нәтижесі ретінде интеграцияланған
мақсаттар көрсетілуі керек;
– әр элемент барысында іс-әрекет нәтижесі ретінде дербес
мақсаттарды айқындау қажет.
Бірақ, осы талаптарға көп жағдайда оқушы да, оқытушы да сай
келмей жатады. Оқушының бойында өз бетінше жұмыс істеу дағдысы
қалыптаспаған болса, оқытушының әртүрлі әдістерді тиімді пайдалануға
тәжірибесі жетпейтіндігін көрсетеді.
Әдебиет
1. Наренова А.Б. Модульдік оқыту технологиясы. Инновациялық педагогикалық техноло-
гияларды жоғары оқу орнында жүзеге асыру мәселелері ғылыми-практикалық семи-
нар конференциясының материалдар жинағы. – Ақтөбе: Ақтөбе мемлекеттік педагоги-
калық институты, 2007. – 206-207-бет.
2. Нұрлыбаева М. Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі // Оқыту-тәрбиелеу тех-
нологиясы. – 2007. – №4. – 43–45-бет.
3. Остапенко А.А. Моделирование многомерной педагогической реальности: теория и тех-
нологии. – М.: Народное образование; НИИ школьных технологий, 2005. с. 384.
4. Соколова С.В. Организационно-дидактическая модель модульного обучения Текст. /
С.В. Соколова // Профессионал, 2005. – № 1. – С. 7–10.
Резюме
Актуальность модульной технологий, теоретическое и практическое значение, которые
будут способствовать к повышению качества знаний ученика описывается в данной статье.
үр-түс әлемі – табиғаты өте күрделі құбылыс. Қазақ тіліндегі негізгі
түр-түс атаулары сан жағынан онша көп болмаса да сапа жағынан, яғни
Достарыңызбен бөлісу: |