шағын жинақталған мектептерде сабақ береді.
28
www
.kazmektep.kz
2010 жылы бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»
шағын жинақталған мектептерге ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, олар
мыналар:
– шағын жинақталған мектептердің барлық мәселесін шешу;
– Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы базасында
шағын жинақталған мектептерді дамытудың республикалық орталығының
ашылуы;
– әр облыста өңірлік орталықтар ашылуы;
– мектептері жоқ елді мекендерде тұратын білім алушыларды тегін әрі
қауіпсіз түрде тасымалдау стандарты қабылданды;
– қашықтықтан оқыту «e-learning» электрондық оқыту шеңбері
ұйымдастырылды;
– 160 тірек мектептері мен ресурстық орталықтар ашылуы.
Осы аталған іс-шаралардың бәрі республикамыздағы шағын жинақталған
мектептердің сапалы білім беру үрдісін іске асыруға арналған игі іс-әрекеттер
екені даусыз.
Шағын жинақталған мектептің мақсаты мына төмендегілерден тұрады:
– шағын жинақталған мектеп оқушыларына жалпы орта білім берудің
мемлекеттік стандартына сәйкес білім беру;
– мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,
ғылыми техникалық білімін жетілдіру;
– қабілеттерін дамыту, өмір бойы үздіксіз білім алуын, өз бетімен
білімін жетілдіруін қалыптастыру;
– ауыл шаруашылығы мамандығына бағытталып, ауыл мәдениетін,
экономикасын дамытуға үлес қосуы.
Шағын жинақталған мектептің ерекшеліктері мынада:
– оқушылар саны аз;
– мұғалімдер саны аз;
– сабақ 2 не 3 сыныпта қатар жүреді;
– сабақ кестесі мен жоспары өзгеріп тұрады;
– сабаққа (1-2 апта) даярлану қиындығы;
– пән кабинеттерінің болмауы;
– ауылда балабақша жоқ балалар мектепке даярлықсыз келеді;
– ауыл (мектеп) орталықтан қашық орналасады;
– техникалық көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар, электрон-
дық оқулықтар аз не болмауы, интернет жоқ;
– тірек мектептері қашық болуына байланысты уақтылы әдістемелік
көмек болмауы;
– озат тәжірибелермен пікір алмасу үрдісі аз болады не болмайды;
– шағын жинақталған мектеп мұғалімінің педагогикалық функциясы сан
қырлы, ол пән мұғалімі, тәрбиеші, кеңесші әрі ауыл еңбеккері, тәлімгер, т.б.
Шағын жинақталған мектептің қиыншылықтары:
– оқушыларға тереңдетіп білім беру мүмкіншілігі жоқ;
– зертханалық тәжірибелер жасалынбайды;
– оқу жүктемесі аз;
– кәсіби шебер мұғалімдер аз;
– оқу-әдістемелік кешеннің аздығы;
– балаларды, ата-ананы әлеуметтік қорғау жоқ;
– сабақты технологияландыру, ақпараттандыру мүмкіндігі аз;
– мектептің материалдық-техникалық базасы нашар;
– тірек мектептерімен тәжірибе алмасу жоқ;
– пән бірлестіктері жоқ;
– мұғалімнің ішкі тәжірибе алмасуы аз;
29
www
.kazmektep.kz
– шағын жинақталған мектеп үшін арнайы маман жоқ (қос пәндік, хи-
мия-биология, физика-математика, т.б.);
– ұстаздардың өзіндік білім көтеруі аз;
– мектеп мәдени орталықтан алыста орналасқан.
Солай болып тұрса да шағын жинақталған мектептің ауыл жағдайында
прогрессивті рөлі бар:
– мектеп – ауылдағы мәдени орталық;
– жастардың ауылда тұрақтануына әсер етеді;
– ауылдың рухани мәдениетін көтереді (кеш, кездесу, т.б.);
– мұғалім ата-аналармен етене жақын жұмыс істейді, себебі бәрін та-
ниды.
Мектеп оқушылары, ауыл қызметкерлері ауылдағы шағын жинақталған
мектеп жағдайын жақсарту үшін бағдарламаны заман талабына сай жаңалау
қажет. Атап айтсақ, мына төмендегілер жүзеге асырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: