Каз Мектеп-10-2015. indd



Pdf көрінісі
бет27/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

Екіншісі,  оқушыларды  өз  алдына  ізгі  мақсаттар  қоюға  баулу.  Абай 

бойынша,  адам  психологиясының  маңызы  (суть)  мынадай  үш  нәрсенің 

біртұтастығынан  тұрады,  ол  «ақыл,  қайрат,  жүректі  бірдей  ұста,  сонда 

толық  боласың  елден  бөлек».  Бұл  үшеуін  басқаратын  ғылым  әр  адамның 

өзін-өзі ғылыми тұрғыдан танып білуі «ғылым сол – үшеуінің жөнін білмек». 

Біздің бағамдауымыз бойынша, мұратқа жетуде ізгі мақсат болуы керек.

Мектептегі  «Абайтану»  оқушыларды  өзін-өзі  тануға,  өзі  білмесе  оны 

ақын  мұрасынан  іздеп  тауып,    соны  үйренуге  жетелеу  болуы  тиіс.  Ақын 

мұраларындағы  адам  туралы  пікірлерден  оқушы  «мен  қандаймын,  қандай 



бола аламын, ол үшін не істеу керек» деген сұрақтарға  жауап алады.

Үшінші, ақын шығармаларына сүйеніп оқушыларға өзін-өзі жетілдірудің 

жолдарын игерту. Тұлғаның біртұтастығы мен ішкі дүниесінің бүтіндігі – әр 

адамның өзін-өзі іздеуі, адамзатына махаббат, Аллаға сенуі, өзіне сенуі, өнер 

үйренуі,  ғылым  іздеу,  тынбай  еңбектену  арқылы  өзін-өзі  жетілдіруі.  Алай-

да бұл «орынды харакет табу» (4 қ.с.), «өнер – өзі де мал», «дүниеде өзі, 

мал да өзі  ғылымға көңіл берсеңіз», «еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның 

тіленбей». Бұлар мұрат адам қалыптастырудың ұрымтал құралдары. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет