Каз Мектеп-10-2015. indd



Pdf көрінісі
бет24/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

Түйінді сөздер.  Оқыту,  тәрбиелеу, Абай мұрасы арқылы тәрбиелеу, Абай мұра-

сын оқыту, насихаттау.

Қ

мұрасы» атты ғылыми конференция өтті. Мұнда ақын мұрасын насихаттау, 

тәрбиеде  пайдалану  мәселесіне байланысты бірқатар ойлар айтылды.  

1995    жылы  Абай  Құнанбаевтың  туғанына  150  жыл  мерейтойы 

қарсаңында  Қазақстан  Республикасының  Білім  министрлігі  тарапынан 

өткізілген конференцияда ақын шығармаларын әр сыныпта оқыту жүйесін 

қайта  қарау,  оқулықтардағы  ақынның  өмірбаянын,  ата-тегін,  ақындық 

мектебін, шығармашылық нәр алған  көздері, педагогикалық, психологиялық  

ой-пікірлері,  басқа  да  мәселелерді  ғылыми  жаңалықтарға  сәйкес  ашу, 

қара  сөздерін  6-7  сыныптан  бастап  батылырақ  енгізу  қажеттігі  жайлы  сөз 

қозғалған еді.



24

www


.kazmektep.kz

Осы  мерекедегі  «Абай   туралы   сөз»   баяндамасында   Елбасының     



«...оның  терең ойы мен өжет пікірі тек айта жүрер әңгіме болмай, күнбе-

күнгі тірлігімізге бір кірпіш болып қаланып жататын нақты іске айналса 

тіптен құба-құп» деген сөзі ақын  мұрасын тәлім-тәрбие ісіне батыл енгізу 

қажеттігіне  меңзейді.  Бастама  ретінде  осы  оқу  жылынан  (2013-2014)    бас-

тап  мектептерде  «Абайтану»  пәні  енгізіле  бастады.  Бұл  көптен  бері  педа-

гог  қауымның  ойындағы    іс  болатын.  Ендігі  маңызды  мәселе:  жастар  мен 

балалар  ондағы  өмірлік  маңызды  пікірлерді  танып-білумен  ғана  шектел-

мей, күнделікті  өмір салтына айналдыруына шарт туындату. Ол үшін ақын 

мұраларын    жастар  мен  балалардың  жас  және  психологиялық,  әлеуметтік 

ерекшеліктеріне  қарай  жүйелеп,  сәйкестендіріп,  педагогикалық  негіздерін 

нақтылап  ғылыми  тұрғыда  ұсыну.  Бұл  істі  абайтанушы  философ,  педагог, 

психолог, әдебиеттанушы, т.б. ғалымдар бірлесіп ғылыми негізде жүзеге асы-

ру жолдарын ұсынуы істің ұтымдылығын қамтамасыз етері анық.  

Педагог, әлеуметтанушы және басқа да ғалымдар шетелдік  құны төмен, 

адамды  тәрбиелеуден  гөрі  аздыруға  бағытталған  өнімдердің  тигізетін  зия-

ны  жайлы  айтып  келеді.  Өсіп  келе  жатқан  жас  буындарды  солардың    кері 

әсерінен сақтап, еңбек жолына бағдарлаудың бір құралы осы өшпес ойларға 

толы ақын мұралары. Осыған орай бірқатар мәселелерді атап өтпекпіз.



1.  Абай  (Ибраһим)  Құнанбаевтың  күрделі  де  терең  әрі  көп  мағыналы 

шығармаларын,  жастар  мен  балалар  (мектеп  оқушыларының)  түсінігіне 

сәйкестендіріп  жеткізудің  психологиялық,  педагогикалық  шарттарын  

айқындап жүзеге асыру.



2.  Оқу-тәрбие    үрдісіне    енгізілген  жаңа  технологиялар,  оның  ішінде 

электрондық  құралдардың  мүмкіндіктерін  ақын мұраларын танып-білуде  

пайдалану  жолдарын  қарастыру.

3.  Мектеп  оқушыларына   арнап  жазылатын  оқулықтар  мен  оқу  құрал-

дары,    хрестоматия,    оқу-әдістемелік    құралдардың    мазмұны    мен    құры-

лымын  оларға    қойылатын    педагогикалық,    психологиялық  талаптармен  

қабыстыру.

Атап өтетін басты мәселе: ақын мұрасын балабақшадан бастап мектеп, 

орта кәсіптік оқу орындары мен жоғары оқу орындары, әсіресе болашақ пе-

дагог мамандар даярлайтын білім мекемелеріне енгізуді жүйеге келтіру.  Одан 

кейінгі маңыздысы: оқытудың әр сатысында ақын мұрасы жайлы берілетін 

білім мазмұнын айқындауда  білім алушылардың жас ерекшеліктерін, өмір 

тәжірибесін  ескеру.  Абайтану  мектептерге  пән  ретінде  енгізілгендіктен, 

оның типтік бағдарламасы әзірленіп,  оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік 

құралдар сол бағдарлама негізінде талапқа сай жазылуы да істің  тиімділігін 

арттырмақ.  

Оқулық әзірлеуде оларға қойылатын талаптарды ескерумен бірге оның 

мазмұнын анықтауда негізгі ұғымдар, басты ұстанымдары, ереже-қағидалар  

Абай шығармаларының өзінің ішінен табылады. 

Абай мұрасын оқыту бұл өте кең ауқымды еңбекті ізденуді керек етеді. 

Мектепте  ақын  мұрасын  оқытудың  мақсатын  айқындауда  ақынның  өз 

шығармаларынан  алуға болады. Ол мақсат – қазіргі күн талаптарына сәйкес 

азамат  тәрбиелеу  және  жеке  тұлғаның  қабілеттерін  дамыту,  сапаларын 

нығайту,  адамдық  қасиеттерін  тәрбиелеуде    оқушының  жекебас  пайдасын 

көздегенде  ғана тиімді болатыны анық. 

Тұлғаны  қалыптастыруда  Абай  Құнанбаевтың  оқушының  сана-сезімі, 

мінез-құлқы  іс-әрекетіне  ықпалы  күшті  шығармаларына  арқа  сүйегеніміз  

абзал.  Мектеп  оқушыларының  жас  және  психологиялық,  педагогикалық  

ерекшеліктерін,  әлеуметтік  сұрау-талаптарын  ескере  отырып  ақын 

мұраларынан  таңдап  алу  өлшемдерін  (критерийлерін)  педагогиканың  

қағидаларына табан тірей отырып анықтау керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет