Каз Мектеп-10-2015. indd


www .kazmektep.kz 1



Pdf көрінісі
бет25/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

25

www


.kazmektep.kz

1. Әр сынып оқушыларының ұғым, түсініктері мен өмір тәжірибелерін 

ескеру. 


2. Оқушылардың жан дүниесіне әсер етіп, сезімін қозғайтын, ақылына 

ақыл  қосып,  байытатын  мазмұны  терең  шығармаларын  жеткізу  жолдарын 

қарастыру.

3.  Алынған  шығарма  оқушылардың  күнделікті  өміріне  есқататындай 

пайдалы, қабілет-қасиеттерін дамытатындай практикалық маңызды болуы. 



4.  Таңдап  алған    шығармалардың  оқушының  өзін,  басқаларды,  қор-

шаған  ортаны  танып-білуі  және  олармен  қарым-қатынасын  реттейтіндей 

ұрымталдығын ескеру. 

Әрине, ақын мұрасының қайсысын алсақ та осы талаптарға сәйкес. Бірақ, 

олардың  жас  буындарға  лайықтысын  таңдап  алуда  табан  тірейтін  қағида 

не  болмаса  тұжырымдама,  идеялар  жүйесі  қажет.  Ақын  шығармаларының 

ерекшеліктеріне  қарай  ондағы  тәрбиелік  тұжырымдардың  көптігіне  бай-

ланысты  жүйелеп  ұсыну  –  осы  күнгі  оқытуды  ұйымдастырудың  жаңа 

технологияларының талабы.  

Абайтану  пәні  –  оқушылардың  нақты  іс-әрекетін,  мінез-құлқын  ұйым-

дастыру,  оған  бағыт  беруді  негізге  алуы  керек. 

Мектептегі    Абайтанудың  мақсаты  –  ақын  шығармаларындағы  аса 

маңызды  пікірлерді  өсіп  келе  жатқан  жас  буындардың  саналылығын 

қалыптастыру, сезімін тәрбиелеу, іс-әрекетін ұйымдастыруда  пайдалану жол-

дарын оқушыларға  ғылыми тұрғыда меңгерту.  

Білім  саласына  жаңаша  жуықтау  (подход),  кез  келген  пәнді  оқытуда 

оның тұжырымдамасын (концепциясын) анықтап алу – қазіргі оқытудың та-

лабы. Мұнда да соған мән берілсе,  істі заман талабына сай ұйымдастыруға 

тірек  болар  еді.  Мектепте  оқытатын  «Абайтану»  пәнінің  тиімділігін  арт-

тыру  мақсатында  тұжырымдама  жасаған  едік.  Бұл  жерде  барлық  ғылыми 

мәселелерді  келтіріп  отырмастан  сол  тұжырымдаманың  өзін  көрсетеміз.

Сондықтан  бізден  бұрынғы  зерттеу  жұмыстарына  сүйене  отырып, 

Абайтану  практикасын  ескере  келе,  Абай  шығармаларын  оқу-тәрбие  прак-

тикасында  қолданудан  келіп  шыққан  тарихи-педагогикалық  тәжірибелерге 

табан  тіреген  өзіміздің  әдіснамалық-әдістемелік  педагогикалық  пікірімізді 

теориялық тұжырымдама ретінде ұсынамыз. Оның негізін ақын шығармалары 

мен ондағы ойлар құрайды. Біздің тұжырымдамамыз мынадай біртұтас бес 

түрлі ой желісінен құралады. 



Бірінші,  оқушыларда  біртұтас  тұлға  туралы  ұғым    қалыптастыру. 

Бұның  басты  пікірі – жастар  мен балаларды  толық адам ретінде өсіп-өнуге 

бағдарлау.  Абай    мұрасына    сүйенсек,  біртұтас  тұлға  –  мұрат  адам  (идеал 

адам).  Абай  шығармаларының  барлығын  теориялық  жақтан  терең  талдау, 

оның  бүкіл  өмір  бойы,  тоқтаусыз  ізденулерінің  түпкі  мақсаты  –  адам  бол-

мысы,  оның  ішінде  «толық  адам»  ақын  үшін  басты  арман,  мұрат  болды. 

Мұрат адам болмысы оның шығармашылығының қомақты бөлімін қамтиды.  

Көптеген  шығармалары  осындай  біртұтас  толық  тұлға  қалыптастыруға 

бағытталған. Абай ұғымында тұтас тұлға немесе толық  адам деп мынадай 

қасиеттер жүйесіне ие болған адамды айтуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет