Төртінші, ақын мұрасын оқушыларға жеткізуге Абайдың өз басының
тұлға қатарлы өсіп, даму жолын бірізділікпен көрсету. Ақынның өз
шығармаларына сүйене отырып бала Абай, жасөспірім Абай, бозбала Абай,
ақын Абай, ойшыл Абайдың бейнесін сомдау. Ақынның шығармашылығы
мен өмір жолын зерделеуде оқушылардың жас кезеңдері мен ерекшеліктерін
ескеру. Мысалы, «тайға міндік, тойға шаптық...атамыз бар, молдамыз бар
айтқанына көнбедік... арт жағында, біз соған зар боламыз деп білмедік,
ұрланып қаштық...», тағы басқа да шығармаларынан балалардың жасына
сәйкес санасына қонымды үзінділерін оқыту, талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |