Каз Мектеп-10-2015. indd


 Қандай  әнші-ақындарды  білеміз?  3



Pdf көрінісі
бет40/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

2. Қандай  әнші-ақындарды  білеміз? 

3. «Балуан», «Жаяу» деген  қосымша  атаулардың  қосылуы  неліктен? 

4. Жалпы әнші-ақындар  өз  өлеңдерінде  қандай  мәселелерді  көтерді? 

5. Сал-сері деп  кімдерді  айтамыз? 

ІІІ. Мағынаны тану. 

Кіріспе. 

«Ақан деген – киелі аққу самсаған», – деп  жырлаған  ақиық ақын Мұхтар  

Шаханов    Ақанды    киелі    аққуға    теңеп    тұрса    шын    мәнінде  ақынның  

эстетикалық    сезімі   нәзік,  сұлу,  талғамсыз лирик  ақын  екендігін өлең-

дерінен  бүгін  сабақта   байқайтын   боламыз.



1. Ақан сері өмірімен таныстыру.

Музыка пәні мұғалімі. 

1.  Ой  қозғау.  Үнтаспадан    Ақан  серінің  «Балқадиша»  әні    «Жігіттер» 

тобының орындауында  тыңдатылады.

– Ән сіздерге таныс деп  ойлаймын.

– Ән не туралы? Психологиялық талдау жасау.

– Қандай ән?

– Кімнің орындауында тыңдадық?

– Кімге арналған деп ойлайсыңдар?

– Ақанның қандай әндерін білесіңдер? 

– Ақан серінің әндерін кімдер орындады? 

– Ақан сері кім? Ол туралы не білесіңдер?

Бұл әнге түсірілген бейнеклипті  тамашалайық. 

2. Ақан сері ақын, әнші,  сазгер. ( Өмірбаянына шолу жасау.) 

Ақан  сері  –  сегіз  қырлы,  бір  сырлы,  ұлы  талант  иесі.  Ақынның 

шығармашылық өнері – тазалықтың,  әсемділіктің көрінісі. Ол жай ғана ақын 

емес, әнші-ақын, өзі шығарған өлеңін өзі әнге салып, домбырада ойнап, өзі 

орындаған.  Бұндай  өнер  иелері    қазақ    әдебиеті  мен  мәдениеті  тарихында 

біздің  ұлттық  өнеріміздің  мақтанышы    болған,  сондықтан  (Біржан,  Ақан, 

Мұхит, Ыбырай, Жаяу Мұса, Естай, т.б.) бұлар ақындық пен композиторлық 

жалын бастаушылары еді.  Ақан жас кезінен  ұғымтал, өте зерек болып өседі. 

Жасынан-ақ  ән-жырға әуес болып 16-17 жасында-ақ қолына  домбырасын 

алып, ән салып, өлең шығара бастайды.

Ақанның  махаббат  туралы  өлеңдері – лирикаға толы, сезімтал, шын-

шыл өлеңдер. Ол жастық, бозбалалық  сезімді  қызықтады, адал  достықты, 

махаббатты   ардақтады.  Оның  махаббат  туралы  лирикалық  өлеңдеріндегі  

кейіпкерлері    махаббатты      шын      құрметтеген    қазақтың      сұлулары    мен  

арулары  еді.  Ақынның  әсем ,  сазды  әндері  “Сырымбет”,  “Үш  тоты”,  

“Мақпал”,  “Балқадиша”,  қай-қайсысы  болса  да  сұлулықты  сүйген, соған 

табынған жанның  өмірдегі  бейнесі  еді.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет