35
физикалық білімдер элементтеріне фактілерді, түсініктерді,
заңдарды, теорияларды, әлемнің физикалық бейнесін, техникада
физикалық заңдарды қолданулар жатқызылады. Білімнің бұл
элементтері әртүрлі деңгейлерде игерілуі мүмкін.
Сонымен жалпы міндетті білім берудің мемлекеттік стан-
дартында көрсеткендей «Физика» пәнін оқытудың басты
мақсаттары:
1)даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас
жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық
бейнесі
арқылы
оқушының
ғылыми
дүние
танымын
қалыптастыру;
2)оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге
мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін
шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ іс-
әрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды
құндылық қатынастың әлеуметтуік тәжірибесін меңгерту
негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту.
Бұл мақсаттар оқыту процесінде оқытудан күтілетін
нәтижесінде елеулі саралауды, сондай-ақ физиканың типтік оқу
бағдарламасында көрсетілуі тиіс көптеген қосалқы және басқа
жеке мақсаттарға жетуді көздейді.
Физиканы оқытудың мақсаттарынан оның мынадай басты
міндеттері туындайды:
1)білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін
тиянақты меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға
дайындау, ол үшін оқу-эксперименттік зерттеулер жүргізуге және
бақыланған физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда
түсіндіруге мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерінің қажетті
дағдыларын қалыптастыру;
2)оқушылардың санасына табиғат пен
оны танып білу туралы
білімнің қисынды жүйесін қалыптастыру;
3)оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын
дамыту;
4)планеталық ауқымдағы процестерге оқушылардың қаты-
насы бар екенін және олардың өз іс-әрекетінің экологиялығына
жеке жауапкершілігін қалыптастыру;
5)оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған
технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу.
36
Физиканы оқытудың басты міндеттері негізінде типтік оқу
бағдарламасында неғұрлым нақты дидактикалық міндеттер
айқындалады оның ішіндегі аса маңыздысы-оқушыларға білім
алу тәсілдерін үйрету.
Физиканы оқыту мақсаттарын білім беру, тәрбиелеу және
дамыту деп жүктеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: