44
Кәсіпке бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыруда мектептік
оқу бағдарламасының аясынан шығатын қосымша материал-
дарды қолдану мүмкіндігі бар. Осы мақсатта физика мұғалімі
мектеп орналасқан аймақпен алдын-ала танысып, мектептің
бағытталған мамандығы бойынша кәсіби оқытудың типтік
бағдарламаларын мұқият талдауы керек. Материал таңдаудағы
негізгі критерий – бұл қазіргі заманғы өндіріске тән еңбек
процестері мен мамандықтардың,
мектептік бағдарлама
материалдарымен байланысы бар ақпараттың болуы. Одан әрі
физика мұғалімі тақырыптық жоспар құрып, мазмұнын, оқылып
жатқан физикалық материалға сәйкес кәсіпке бағдарлау
материалдардың формасы мен көлемін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: