Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет23/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

2.3. Оқушыларды физикалық ойлау және  
шығармашылық кабілеттерін дамыту 
Оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамыту  –  мектептің  білім 
берудегі  басты  міндеттердің  бірі.  Ойлаудың  даму  проблемасы-
ның  ерекше  мәнділігі  білім  берудің  мақсаты  мен  міндеттерінің 
өзгеруімен  байланысты.  Білімдер,  іскерліктер  және  дағдыларды 
меңгеру осы дамудың құралдары болып табылады. 
Мектеп  жағдайындағы  белсенді,  мәдениетті  жеке  тұлғаны  
қалыптастыру талаптары жөніндегі қоғамның тапсырысы педаго-
гикалық қауымдастықтың білім мазмұнына, оқытудың жүйесіне, 
құралдарына деген көзқарасты өзгертті. Білімнің шығармашылық 
тәжірибені,  әлемге  деген  эмоционалды-құндылықтық  қатынас 
тәжірибесін  беру  мектеп  оқушысының  дамуы  үшін  үлкен 
маңызға  ие.  Сонымен  қатар  оқушының  тұлғалық  дамуы  үшін 
оның  өзінің  оқу-тәрбиелік  процесінің  объектісінен  мұғаліммен 
белсенді  өзара  әрекеттесетін  субъектіге  айналғандығы  қажет. 
Оқушының жеке тұлғасының дамуы, ең алдымен,  оның ойлауы-
ның дамуын болжайды. Ойлау – бұл объективті болмысты бей-
нелеу процесінің, адамзаттың танымның ең жоғары сатысы. 
Жалпы  айтқанда,  мектеп  оқушыларының  ойлауының  дамуы 
оқытудағы  басты  міндеттердің  бірі  болып  саналады,  мұғалім  оны 
шеше  отырып,  нақты  бір  оқу  материалында  мектеп  оқушыларын 
салыстыруға, талдау жасауға, топтастыруға, жинақтауға үйретеді.   
Ғылымдар  дамуының  тарихы,  бірінші  кезекте,  физиканың 
дамуы,  ғылыми  дамудың  қалай  дамығандығын,  байытылған-
дығын көрсетеді; көп уақыт бойы жаратылыстануда үстемдік етіп 
келген  метафизикалық  ойлаудың  орнына  біртіндеп  диалекти-
калық  ойлау  келеді.  ХХ  ғ.  Физика  саласындағы  төңкерістер 
(жаңалықтар) шынайы болмысты тепе-тең бейнелеу үшін диалек-
тикалық  ойлау  заңдарын  қолдану  қажеттілігін  дәлелдей  түсті. 
Әдістемелік  әдебиеттерде  пайдаланылатын  ғылыми  ойлауға  тән 
негізгі көріністерді бөліп көрсетейік. Олар, ең алдымен: 
-  объектінің  диалектикалық  қарама-қарсы  қасиеттерінің, 
құбылыстардың  бірмезгілде  болуы  мүмкіндігін  түсіну,  диалек-
тикалық қарама-қайшылықтарға сүйене білу; 
-  объект  немесе  құбылыстың  үнемі  қозғалыста,  дамуда 
екендігін қарастыра білу
-  білімнің  нақтылығын,  оның  белгілі  бір  жағдайларда 
шындық екенін түсіну; 


 
47 
- сапалық және сандық өзгерістердің өзара байланыстылығын 
түсіну; 
- ғылыми білімнің дамуындағы теріске шығаруды көре білу. 
Оқушыларда  ғылыми  ойлаудың  дамуының  бір  маңызды 
шарты -оларда табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы 
мен  өзара  келісімділігі  туралы  түсініктерінің  қалыптасуы  болып 
табылады. Табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы мен 
өзара  келісімділігі  жөнінде  айтқанда,  физикаға  оқыту  кезінде 
оқушыларға физикалық құбылыстар мен процестердің ішкі, мәнді 
өзара келісімділігін көруді және ұғынуға үйрету керектігін естен 
шығармаған  жөн.  Мысалы,  мынадай  құбылыстардың,  күннің 
күркіреуі мен найзағайдың өзара байланыстылығы төмен сынып-
тағы  оқушыларға  да  түсінікті.  Алайда  бұл  табиғат  құбылыс-
тарының қасиеті  құбылысты анықтап тұратын мәнді  сипаттарды 
талдау  мен  салыстыру  арқылы  ашылуы  мүмкін.  Басқаша 
айтқанда, физикалық құбылыстардың өзара байланыстылығы мен 
өзара  келісімділігі,  олардың  дамуы  мен  бағытының  сипаты 
физикада  ең  алдымен  физикалық  шамалардың  арасындағы 
байланыспен  анықталады.  Физика  ғылымының  басты  түсінік-
терінің  бірі  –  физикалық  объектінің  немесе  оның  әртүрлі 
қасиеттерінің  сапалық  әрі  сандық  (мөлшерлік)  әралуандылығын 
анықтап тұратын физикалық шама ұғымы болып табылады. 
Орта  мектептің  жоғары  сыныптарында  оқушылар  көптеген 
физикалық  шамалармен  танысады.  Өкінішке  орай,  бірқатар 
жағдайларда  шаманың  физикалық  мәні  оқушыларға  түсініксіз 
болып  қала  береді.  Мұндай  кемшіліктердің  себептерінің  бірі 
оқушылардың  физикалық  шамалардың  өздері  анықтайтын 
объектілердің (құбылыстардың) қасиеттерімен байланыстылығын 
түсінбеулерінде,  мұндай  байланыстарды  талдай  алмауларында, 
яғни  берілген  физикалық  объектінің  (құбылыстың)  күйінің  оны 
сипаттайтын  физикалық  шамаларға  тәуелділігін  көре  білмеу-
лерінде жатыр. 
Механика  тарауын  оқығанда  (жоғары  сыныптарда)  оқушы-
лардың ойлау үлгісінің қалыптасуының, меңгерілген білімдерінің 
метафизикалық  сипаты  ерекше  анық  көрінеді.  Бұл  тарауда  саны 
өте  көп  физикалық  есептерді  шешуді  алгоритмдеу  кез-келген 
физикалық  жағдайды  талдағанда  (мысалы,  Ньютон  заңдарын 
қарастырғанда)  оқушыларды  сол  немесе  басқа  бір  физикалық 
объектіге немесе объектілер жүйесіне әсер ететін күштерді және 


 
48 
Ньютонның  екінші  заңына  сәйкес  біржақты  байланыстарды 
анықтауларына  әкеледі.  Одан  әрі  қарай  формальды  матема-
тикалық  айла-амалдар  оқушыларды  ізделіп  отырған  есептің 
шешуіне әкеледі.  
Ең  алдымен,  ұқсас  тапсырмаларды  шешкенде  дәстүрлі 
шешулер аясынан шығып, сол немесе басқа физикалық параметр-
лердің өзгеруі кезінде объектінің алатын мүмкін сипатын талдап, 
алынған  нәтижелерді  және  олардың  физикалық  жағдайға  анық 
сәйкестігін  анықтап,  мүмкін  болатын  шешімдерді  болжау  керек. 
Мысал үшін механика курсында дәстүрлі шешіліп жүрген есепке 
тоқталайық.  Есепте  орталық  серпімді  соққы  кезіндегі  дененің 
(материалдық  нүктелердің)  жағдайы  анықталатын  болады. 
Оқушылар  өзара  әсерлешуші  екі  дененің  біреуі  тыныштықта 
болып,  олардың  массалары 
 мен 
 және  біреуінің  жылдам-
дығы 
 берілсе,  олардың  соқтығысқаннан  кейінгі  жылдам-
дықтарын  (
)  импульс  пен  энергияның  сақталу  заңдарын 
қолданып анықтайды. 
 
 
Осы екі теңдеуді шешіп   мен  -ні анықтайды:  
;  
 
Егер  есепті  оқушыларда  сақталу  заңдарын  қолдану 
дағдыларын қалыптастыру көзделсе, онда мұнымен тапсырманың 
орындалғандығы  деп  есептеуге  болады.  Алайда  мұндай 
формальды шешу шын мәнісінде денелердің күйі жөнінде ештеңе 
айтпайды.  Тек  өзара  әрекеттесуші  денелердің  массаларының 
арақатынасын  есепте  анықталатын  нақты  жағдайды  талдағанда 
ғана қойылған сұраққа жауап беруі мүмкін. Шын мәнісінде егер 
денелер  массасы  тең  (
)  болса,  онда  бұрын  қозғалып  келе 
жатқан 
дененің 
жылдамдығы 
соқтығысқаннан 
кейінгі 
жылдамдығы  нөлге  теңеледі,  ал  тыныштық  күйдегі  дене  
жылдамдығымен қозғалатын болады. т

және т


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет