3. Логикалық салдар: бұл фомула бойынша, егер газ
молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы өзгермейтін
болса, онда газдың берілген массасы үшін газ қысымы мен
көлемінің көбейтіндісі тұрақты болып қалады, яғни рV - const.
4. Эксперименттік тексеру: алынған қорытынды рV - const
Бойль-Мариотт заңы деп аталады, ол 1662 және 1676-жылдары
ашылған. Сабақта бұл заң туралы демонстрациялық тәжірибе
көрсетіліп, рV - const екендігі дәлелденеді.
5. Теориялық негізі: молекула-кинетикалық теория тұрғы-
сынан модель-гипотеза дәлелденіліп, түсіндіріледі
Кулон және электролиз заңдары, электромагниттік және
фотоэффект құбылыстары, т.т. осындай шығармашылық заңды-
лықар негізінде айқындалып ашылғандығы түсіндірілуі тиіс.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда, оларға
эксперименттік есептер, шығармашылық жаттығулар, зерттеу-
шілік лабораториялық жұмыстар, тапқырлыққа баулитын қызық-
ты үй тапсырмаларын (бақылау жүргізу, модель жасау, конструк-
циялық сұлбалар орындаттыру қажет. Физика сабақтарында және
үйірме жұмыстарында ғалымдардың, конструкторлардың, өнер-
тапқыштардың, бизнесмендердің өмір жолы мен шығармашылық
іс-әрекеті жайлы ұдайы оқып, олардың шығармашылық ерекше-
ліктерімен таныстырып отыруды дағдыға айналдырған жөн.
Сонда физиканы оқытудың міндеттерінің де дұрыс шешілуіне
қолайлы жағдай туғызылатын болады.