61
мазмұнына механика мен молекулалық физикадағы және
электродинамика мен атомдық физикадағы негізгі заңдар мен
ұғымдар, физикалық құбылыстар мен оларды зерттеу әдістері,
сонымен қатар аспан денелері мен олардың физикалық табиғатын
зерттеу әдістері мен нәтижелері, әлем құрылысы мен оның дамуы
туралы мағлұматтар енгізілді.
Ал, курстың құрылымын анықтағанда онда оқылатын
тараулардың реті олардың базалық ғылымдағы орналасуына
сәйкес, яғни материя қозғалысы формаларының күрделенуі
тәртібімен орналастырылған.
Физика мен астрономияның біріккен курсының тұжырым-
дамалық негізіне мына ұстанымдар мен қағидалар басшылыққа
алынған:
- оқушылардың жасына қарай түсінікті мазмұнда жазылған
оқу материалы қазіргі заманға сай ғылыми білімнің іргелі
негіздерін қамтуы тиіс, сонымен қатар, белгілі бір логикалык,
жүйеде
толық аяқталған болуы керек;
- оқу материалы ғылыми дүниетанымды қалыптастыра-
тындай болуы керек;
- физиканың қолданбалы мәселелері қамтылып, қазіргі
технология жөнінде
кейбір мәліметтер берілуі тиіс;
- зерттеудің ғылыми-танымдық әдістері туралы түсініктер
берілуі керек.
Осындай ұстанымдар мен қағидаларға сүйеніп құрылған
«Физика және астрономия» курсының басты ерекшеліктерін
былай сипаттауға болады;
1) бұл курс интеграцияланған, яғни ол физиканың негізгі
ұғымдары, заңдылықтары және теориялық қағидаларымен қатар
астрономияның негізгі мәселелерін, әлемнің дамуы мен
құрылысы туралы мәліметтерді қамтиды;
2) курс логикалық аяқталған, біртұтас курс, яғни ол бізді
қоршаған әлемнің ғылыми бейнесін жасауға мүмкіндік беретін
қазіргі заманғы физиканың негізгі ұғымдары мен заңдылықта-
рын және теориялык, қорытындыларын кешенді түрде қамтиды;
3) мұнда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты
танымдық мүмкіндіктері, сонымен бірге олардың жараты-
лыстану-математика пәндерінен алған білімдері ескеріледі;
4) курс көп деңгейлік ішкі саралауға бағдарланған, яғни оқу
материалы оқушылардың басым көпшілігіне түсінікті болумен
62
қатар, физика мен астрономияны тереңдете оқуға қабілеті мен
қызығушылығы бар оқушылардың да қажеттілігі мен талап-
тілектерін ескереді.
Осы аталғандар негізінде таңдалып алынған мазмұн жаңа
буын оқулықтарында келесі ретпен орналастырылды.
7-сыныптың «Физика және астрономия» оқулығында оқушы-
лар зат құрылысымен, денелердің қозғалысы және олардың өзара
әсерімен танысады; бұл білімдер физика курсының барлық, басқа
бөлімдерін оқу кезінде пайдаланылады. Зат құрылысымен танысу
сұйықтар мен газдардағы қысымды түсіндіруде пайдаланылады.
Жұмыс, қуат, механикалық энергия ұғымдары жай механизмдер
мысалында қарастырылады, механизмдердің п.ә.к.-і енгізіліп, энер-
гияның сақталу заңы оқытылады. Рычагтар мен біліктерге байла-
нысты күш моменті, денелердің тепе-теңдік шарттары енгізіледі.
8-сынып оқулығының негізгі мазмұнын жылу, электр,
электромагниттік және жарық құбылыстары құрайды.
Ал, 9-сыныптың "Физика және астрономия" оқулығы негі-
зінен тербелістер мен толқындарды, атом және атом ядросы
физикасын, аспан механикасы элементтерін оқыуға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: