Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет33/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
68 
 
ІV тарау. 
ФИЗИКАНЫ ОҚ ЫТУ ӘДІСТЕРІ 
 
 
4.1. Оқыту әдістерінің классификациясы 
Оқу-тәрбиелік  процесс  –  мұғалімнің  оқыту  қызметінің  және 
оқушының  оқу  қызметінің  екі  жақты  үйлестірілген  процесі. 
Сондықтан  оқыту  тәсілі  деп  оқушының  танымдық  және  практи-
калық  қызметін  ұйымдастыратын,  олардың  білім  мазмұнын 
игеруі  мен  оқыту  мақсаттарына  жетуді  қамтамасыз  ететін 
мұғалімнің мақсатты іс-әрекеттер жүйесін айтамыз. 
Дидактика мен жеке әдістемелер тарихы көрсеткендей, оқыту 
әдістемелері  оқыту  мақсаттары  мен  білім  мазмұнына  тәуелді 
болып келеді.  
Әдіс  –  оқу  тәрбие  жұмыстарының  алдында  тұрған  міндет-
терді  дұрыс  орындау  үшін  мұғалім  мен  оқушылардың  бірлесіп 
жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.  
Әдіс  арқылы  мақсатқа  жету  үшін  істелетін  жұмыстар  ретке 
келтіріледі. Оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-
тәрбие  жұмысының  міндеттерін  шешуге  бағытталған  өзара 
бірлескен іс-әрекет тәсілі.  
Оқыту  әдісі  –  бұл  қоғамның  білім  беру  мекемесіне  деген 
әлеуметтік тапсырысына тәуелді әлеуметтік категория. Себебі ол 
қоғамның  білім  беру  ұйымдарының  алдына  қойған  әлеуметтік 
сұранысына  байланысты.  Оқыту  әдістерінің  жүйесі  білім  мазмұ-
нына да байланысты. Білім мазмұнының кезкелген өзгерісі оқыту 
әдісін  таңдауға  әсер  етеді.  Бәрімізге  белгілі,  өсіп  келе  жатқан 
ұрпақты  оқыту  мақсаттары  үстем  еткен  қоғам  дүниетанымының 
әлеуметтік  мақсаттрына  сәйкес  өзгеріп,  толықтырылып  отырды. 
Оқушыларда  білімдер,  іскерлік  мен  дағдыларды  қалыптас-
тырумен қатар, мектеп алдында өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту 
мен тәрбиелеумен байланысты міндеттер кешені тұр. 
Педагогикада  әдіс  ұғымынан  басқа  әдістемелік  тәсіл  деген 
де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл – бұл әдіс бөлшегі, әдіске қатысты 
жеке  түсінік.  Әдіс  пен  әдістемелік  тәсіл  ұғымдарын  бөлу 
салыстырмалы түрде қолданылады.  Іс-әрекеттің сол немесе басқа 
бір түрі  бір жағдайларда оқыту әдістері болып есептелсе, екінші 


 
69 
бір  жағдайда  –  тәсіл  ретінде  қарастырылады.  Егер  мұғалім 
сабақтың  дидактикалық  мақсаты  болып  табылатын  аспап 
жұмысының  ұстанымын  түсіндірсе,  онда  ол  көрсету  әдісін 
қолдануда,  ал  мұғалімнің  көрсетуді  сүйемелдейтін  әңгімесі  - 
әдістемелік тәсіл болып табылады. 
Оқыту әдістерін топтастыру. 
Дидактика  мен жеке  әдістерде оқытудың әдістерінің әртүрлі 
жіктелінуі  бар.  Қазіргі  уақытта  дидактикада  біршама  қабыл-
данған  топтастырулардың  бірі  -  И.Я.Лернер  ұсынған  танымдық 
іс-әрекет сипаты бойынша әдістерді топтастыру болып табылады. 
Мұнда оқытудың бес әдісі бөлініп көрсетіледі: 
1) Түсіндермелік-иллюстративтік; 
2) Репродуктивтік; 
3) Проблемалық оқыту әдісі; 
4) Эвристикалық; 
5) Зерттеушілік. 
Көрсетілген  оқытудың  жалпы  дидактикалық  әдістерін  екі 
топқа жіктеуге болады: 
1. 
репродуктивтік  (1-ші  және  2-ші  әдістер)  бұл  әдістерде 
оқушы білімді меңгеріп, оны таныс іс әрекеттер арқылы қайталап 
береді. 
2. 
Продуктивтік(өнімді)  (4-ші  және  5-ші  әдістер)бұл 
әдісте оқушы жаңа білімді өз бетімен ізденісте шығармашылық іс 
әрекеттер  нәтижесінде  меңгереді.  Проблематылық  оқытуда  әзір 
ақпаратты  меңгерумен  қатар  шығармашылық  іс  әрекеттің 
элементтеріде жатады. Сондықтан бұл әдіс екі топқада жатады. 
Оқу-педагогикалық  қызметтегі  іс-әркет  тұрғысы  негізінде 
Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін үш топқа бөледі: 
1. оқу-танымдық іс-әрекеттерді  ұйымдастырудың әдістері; 
2. оқу іс-әрекетін ынталандыру әдістері; 
3. іс-әрекетті бақылау әдістері. 
Әдістердің  бірінші  тобына  сөздік,  көрнекілік  және  практи-
калық  әдістер енеді. Ынталандыру әдістерінің тобына осы топқа 
тән  әдістер:  танымдық  ойындар,  пікірталас,  мадақтау  т.б.  енеді. 
Бақылау  әдістері  тобына  ауызша  және  жазбаша  тексерудің 
әралуан әдістері – жеке және фронтальды сұрау, бақылау жұмыс-
тары,  диктанттар,  рефераттар,  дидактикалық  карточкалармен 
жұмыс т.б. жатады. 


 
70 
 Танымдық  іс-әрекет  сипаты,  білім  көзі,  оқу-педагогикалық 
іс-әрекетті,  ғылымның  әдіснамалық    тұрғыларының  негізінде 
оқыту әдістерін 5-кестеден көрсетілгендей топтастыруға болады: 
Кесте 5. 
 
Педагогикалық  және  әдістемелік  әдебиеттерде  оқыту  әдісте-
рін  топтап,  жіктеудің  басқа  да  түрлері  көрсетілген.  Топтап 
жіктеудің негізіне оқу үдерісінің кезеңдері, оқушылардың таным-
дылық  белсенділігі  мен  материалды  меңгеру  деңгейлері,  білім 
берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін. 
Оқушылар  ақпаратты  әртүрлі  білім  көздерінен  алады 
(Мұғалімнің әңгімесінен, кітаптан, бақылау кезінде, практикалық 
іс-әрекет  нәтижесінде).  Осы  тұрғыдан  білім  көзіне  байланысты 
барлық оқыту әдістерін 3 топқа бөлуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет