Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет35/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

Топтастыру 
негіздемесі 
Әдіс топтары 
Танымдық іс-әрекет 
сипаты 
түсіндірмелік-иллюстративтік 
репродуктивтік 
проблемалы мазмұндау 
эвристикалық 
зерттеушілік 
Білім көзі 
сөздік 
көрнекілік 
практикалық 
Оқу-педагогикалық  
іс-әрекет тұрғысынан 
оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру 
оқу-танымдық  іс-әрекетті ынталандыру 
оқу-танымдық  іс-әрекетті бақылау 
Ғылым методологиясы  теориялық  
эмпирикалық 


 
71 
(суреттер,  сызбаларды,  кестелерді,  механикалық  модельдерді, 
диапозитивтерді,  кино-,  теле-,  видеофильмдерді  т.б.  көрсету) 
жатады. Бұл әдіске экскурсияны да жатқызуға болады.  
Практикалық әдіс - есеп шығару мен оқушылардың жұмыс-
тары  (зертханалық  жұмыстар  мен  физикалық  практикумдар,  үй 
эксперименті)  Осы  әдісті  қолдану  барысында  оқушыларда  
білімдерін  есеп  шығару  үдерісінде  қолдана  білу  білігі  мен 
белгілі-бір  экспериментальдық  білім  мен  дағдылар  (өлшеу 
жүргізе  білу,  өлшеуіш  құралдың  шкаласының  құнын  анықтау, 
электрлік  тізбектерді  оқып  оны  құру  т.б.)  қалыптасады.  Бұл 
жұмыстардың  нәтижесі  оқушылардың  білімдері  мен  іскерлік-
терінің негізгі көз болып табылады.  
Педагогикалық  және  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерде 
оқытудың  басқа  да  әдістері  көрсетілген.  Әдістерді  топтастыру 
негізінде  оқыту  үдерісінің  этаптары,  оқушылардың  танымдылық 
іс-әрекетімен  оқу  материалын  меңгеру  деңгейі  білім  берудің 
логикалық  жолдары  т.б.  алынуы  мүмкін.  Көптеген  әдістер 
бұрыннан  белгілі  әдістердің  бірігіп  қолданылатын  әдісін  береді. 
Бұның бәрі оқытудың әр әдісінің көп қырлы екенін көрсетеді.  
Сонымен  оқушылардың  білмеуден  білуге  өтуі  мұғалімнің 
оқытудың әр түрлі әдістерін қолданып, оқушылардың танымдық 
іс-әрекеттерін ұйымдастыруына байланысты. 
Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал 
жеке  пәнді  оқыту,  оның  ішінде  физиканы  оқыту  әдістемесінің 
мақсаты  -  физика  мазмұнының  ерекшелік  сипатына  лайықты 
сабақта  оқыту  әдістерінің  тиімді  тәсілдері  мен  әдістемелік 
амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау. 
Оқыту  әдістерін  сабақта  пайдаланудың  жалпы  әдістемесі 
педагогика  курсында  түсіндіріледі.  Физика  сабақтарында  көбі-
несе  оқу  материалын  ауызша  сөзбен  баяндау  әдістері  қолда-
нылады.  Бұл  тәсілдер  сабақтарда  әңгімелесу,  түсіндіру,  лекция 
түрінде өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет