Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет37/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева

Әңгімелеу  -  оқу  материалын  сабақта,  диалогсыз,  тек 
мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Мұндай 
тәсілді өте-мөте мынадай жағдайда пайдаланған ұтымды болады: 
1)  физикалық заңдар мен жаңалықтың (өнер тапқыштықтың) 
ашылу  тарихымен,  физик-ғалымдардың  өмірбаянымен  оқушы-
ларды таныстыру қажет болғанда (бүкіл әлемдік тартылыс заңы, 
радионы ойлап табу); 
2) ғылым  мен  техниканың    жетістіктерімен,  даму  перспекти-
валарымен  мектеп  оқушыларын  таныстырғанда  (фотоэффект, 
атом электр стансасы); 
Физикалық заңдар мен кұбылыстардың ғылымда, техникада, 
өмірде  қолданылуын  түсіндіргенде  (спектр  анализі,  Архимед 
күші,  капиллярлық);  табиғатта  және  техникалық  қондырғыларда 
байқалатын  физикалық  құбылыстарды  баяндағанда  (конвекция, 
шала 
 
өткізгіштер). 
Бұл  тәсіл  бойынша  сабақта,  ауызша  баяндауды  оқушылар 
ұзақ  уақыт  бойы  тыңдаудан  жалығады,  олардың  белсенділігі 
төмен  болады,  жалпы  еңбектік  және  политехникалық  ебдей-
ліктері  мен  дағдыларын  дамыту  мәселелері  қалыс  қалады.  Сол 
себепті  әңгімелеу  және  ауызша  түсіндіру  кездеріңде  оқу 
материалдары  әр  түрлі  логикалық  формада,  қызық,  көрнекілік 
жолмен,  олардың  практикалық  маңызы  көбірек  ашылып 
керсетілетіндей дәрежеде баяндалуы қажет. 


 
73 
Жоғары  сыныптарда  оқу  материалын  түсіндіру  кейде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет