151
Оқушылардың білімі бес баллдық жүйе бойынша бағала-
нады. Білімді бағалауда мұғалімге жалпы білім беру бағдарла-
масында келтірілген физика бойынша білімдері мен ебдейлік-
терді бағалаудың үлгілі нормалары бағдар бола алады. Бағдар-
ламада, әсіресе, бағалау кезінде ескерілетін білімдері мен ебдей-
ліктері бөліп көрсетілген. Олардың қатарына:
Физикалық құбылыстар жөнінде:
- құбылыс
анықталатын белгілері;
- құбылыс жүретін жағдайлар;
- берілген құбылыстың басқалармен байланысы;
- құбылысты ғылыми теория негізінде түсіндіру;
- оны есепке алу мен қолдану мысалдары;
Физикалық тәжірибелер жөнінде:
- тәжірибе жүргізудің мақсаты, схемасы, жағдайы, тәжірибе
барысы мен нәтижесі;
Физикалық ұғымдар, соның ішінде физикалық шамалар жөнінде:
- берілген ұғыммен сипатталатын құбылыстар мен қасиеттер;
- берілген шаманы басқа шамалармен байланыстыратын
формулалар;
-
физикалық шамалар бірліктері;
- шаманы өлшеудің тәсілдері;
Заңдар жөнінде:
- заңды тұжырымдау мен математикалық көрсету;
- оның әділдігін дәлелдейтін тәжірибелер;
- есепке алу мен практикада
қолдану мысалдары;
- қолдану жағдайлары (жоғары сыныптар үшін);
Физикалық теориялар жөнінде:
- теорияны тәжірибелік негіздемелеу;
-
негізгі ұғымдар, ережелер, заңдар, ұстанымдар;
- практикалық қолданулар;
- қолдану шекаралары (жоғары сыныптар үшін);
Аспаптар жөнінде:
-
қолданылу міндеті;
- жұмыс істеу ұстанымы мен құрылғы схемасы;
- аспапты қолдану және қолдану ережесі.
Бағалауға жататын келесі іскерліктер:
- табиғат пен техника құбылыстарын түсіндіру үшін ұғым-
ар, заңдар және теорияларды қолдану;
- оқулықпен өзбетімен жұмыстану;
152
- белгілі заңдар мен формулалар негізінде тапсырмаларды
шешу;
- физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану.
Зертханалық жұмыстарды бағалауда келесі шеберліктер
ескеріледі:
-
тәжірибені өткізуді жоспарлау;
- схема бойынша құрылғыны жинау;
-
өлшеу құралдарын қолдану;
Достарыңызбен бөлісу: