Microsoft Word абай қҰнанбаев 1



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата10.06.2020
өлшемі1,7 Mb.
#72974
түріМонография
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
abai kunanbayev1 (1)



 
1
 
 
Сәбит Мұқанов. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ. Монография // Мұқанов Сәбит. 
Таңдамалы шығармалар. Он алты томдық. Он алтыншы том. – Алматы: 
Жазушы, 1980. – 169-391-беттер.  
 
Кіріспе орнына 
Бұл монографиялық еңбегімді 1945 жылы жазып бітірген ем. Сол жылы 
қазақ  халқының  ардақты  ақыны  Абай  Құнанбаевтың  туғанына  100  жыл 
толуына жұртшылық зор қуанышпен тойлаған болатын.  
Ақындық  шеберлігі  баршамызға  үлгі  болған  Абайды  терең  білу,  оның 
мұрасын меңгеру ісін  мен өзіме кезекті міндет тапқандықтан, көлемді еңбек 
жазумен  щұғылданып  жүретінмін.  Абай  творчествосының  халықтық  мәнін 
ашып,  оның  өлең  өрнегі  мен  кестесіне  ой  жүгірткен  еңбегім  ақынның  100 
жылдық  мерекесіне  бағышталып  шыққан  жинағына  кіріспе  сөз  болған. 
Алайда Абай жайындағы бұл еңбегім түгелдей жарияланбаған еді.  
Октябрьге 
дейінгі 
әдебиетіміздің 
саңлақтары 
жайындағы 
осы 
кітабымды  дайындау  кезінде  Абай  туралы  жазған  еңбегіме  қайта  оралдым. 
Кейбір  жеңіл-желпі  редакциялық  жөндеулермен  сол  қалпында  жариялауды 
орынды  таптым.  Абайды  зерттеу  саласындағы  соңғы  жылдары  шыққан 
еңбектерді  сөз  арасында  айтып  отыру  аздық  қылатын  болғандықтан,  олар 
жөніндегі  көзқарасымды,  келісетін-келіспейтін  жайларымды  осы  жолы 
арнайы әңгіме етуді қажет таппадым.  
Мұндай  қорытындыға  келуіме  екі  себеп  бар.  Бірінші  –  соңғы  жылы 
еңбектерге  өз  көзқарасымды  айтатын  болсақ,  бұл  еңбегіміз  көлем  жағынан 
өсіп,  пікір  таласына  көп  орын  берілер  еді.  Екінші  –  сол  еңбектердің  көбі 
өзінің  мән-мақсаты  жағынан  да,  құрылысы  жағынан  да  менің  бұл 
монографияма ұқсастығы аз екендігін байқадым. Марқұм Мұхтар Әуезовтың 
«Әр  жылдар  ойлары»  мен  «Қазақ  әдебиеті  тарихының»  екінші  томының 
бірінші кітабына жазған Абай туралы зерттеуінің құндылығын айрықша атап 
айтқанның  өзінде,  менің  бұл  еңбегім  Абайды  өз  заманымен  тұтас  көрсетуді 
көздейді.  Сондықтан  оқушылар  үшін  де,  Абайды  зерттеушілер  үшін  де 
пайдасыз  болмас  деген  оймен  бұл  монографияны  бастапқы  күйінде 
жариялауды орынды табам.  
Автор  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет