II. АБАЙДЫҢ АТА ТЕГІ
Қазақ халқы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз болып үш жүзге бөлінгенде,
Абай орта жүзге жатады.
Орта жүзде: Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қыпшақ, Қоңырат – алты ру
бар. Солардың ішінде Абайдың руы – Арғын, оның ішінде – Тобықты.
Қазақ тарихы ғылми жолға қойылмаған кезде, ислам діні қазақ
арасында дәуірленген кезде, шежіре жазушылар қазақтың ата тегін арабтан
таратып, Арғын руын былайша алып келетін: арабтың Ғажам
1
руынан
шыққан Әнәстан (Мұхаммед пайғамбардың сахабасы) Жабал, одан Мағаз,
одан Саhил, одан Ақшолпан, одан Аққурай, одан Аламан, одан Алаш туады.
Алаштан Сейілхан, Жайылхан туады. Сейілханнан сегіз арыс түрікмен тарап
кетеді.
16
Жайылханнан Майқы, одан Өзбек, Сапиян – екі ұл туады. Өзбектен
қазіргі өзбектер тарайды. Сапияннан – Айырқалпақ, одан екі ұл – Қазақ,
Созық туады. Созақ баласы болып қазіргі қарақалпақ бөлінеді.
Қазақтан Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс – үш ұл туып, кейін «үш жүз»
деген жеке елдер боп тарайды. Ақарыс – Ұлы жүз, Жанарыс – Орта жүз,
Бекарыс – Кіші жүз.
Жанарыстан «Алты Қожа» атанған алты ұл туады; Қарақожа,
Ақметқожа,
Дарақожа,
Момынқожа,
Ысмағұлқожа,
Қосымқожа.
Қарақожадан – Ақжол, одан Арғын.
Ғылымға сүйенбеген қазақ арасындағы шежіре атаулының бәрі осылай
жазылған. Қазақтың арғы атасын арабтан өрбіту – қазақ арасына ислам дінін
таратушы қожалардан (Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтарынан! Басталуы
керек, әйтпесе, ғылымға сүйенген тарих кейін «Қазақ» атанған елдерді түрік-
монғол нәсілінен деп дәлелдейді.
«Арғын» деген аттың қайдан шыққаны туралы ғылымда мынадай
жорамалдар бар: ескі қытай тарихында, монғолдардың батысында көшіп
жүретін, түрік тұқымдас «»Бай-Егу дейтін ел бар. Қытайлар «р» дыбысын
айтпайды және сөздің аяққы дыбысын тастап сөйлейді. Егер «Бай-Егудің»
ортасына «р» әрпін қойса, аяғына «н» қосса «Бай-Ергун» боп шығады. «Бай»
- қытайда «зор», «ұлы» (түрікше – «ұлуг») деген сөз. Олай болса «Бай-Ергун»
- «Ұлы-Ергун», яғни, «Ұлуг-Ергун» болады.
Ескі түріктерден қалған Орхон жазуында «Ұлуг-Ирғын» деген түрік
тұқымдас ел аталады. Қытайдың «Бай-Егу» яки «Ұлуг-Ергун» деп отырғаны
– осы «Ұлуг-Ирғын».
Орхон жазуынан қазіргі ұйғыр елінің тілі өрбіген. Қазақтың сөз
басында «а» дыбысын қолданатын бірнеше сөзінде ұйғырлар «и» дыбысын
қолданады. Мәселен: қазақтың «ал» деген сөзін ұйғырлар «ил» дейді. Соған
қарағанда «Ирғынның» басындағы «и»-ді «а» әрпімен ауыстырсақ, «арғын»
боп шығады.
Ескі қазақ тілінде «ар» деген сөз «аман» деген сөздің орнына
қолданылады. «Ар ма?» деген сөз – ескі тілде «аман ба?» деген сөз.
Қобыланды келді: «Ар ма? – деп,
Алдыңда кісі бар ма?» - деп, -
деген сөз осыдан қалған. Қазіргі Жетісу елінде «ал», «бар», «бол», «жүр»,
«кел» деген сияқты бұйрық райлардың орнына «барғын», «болғын»,
«жүргін», «келгін» деу бар. Осы «ғын» жалғануы қазақта ескіден қалған
сияқты. Соған қарап, «арғын» деген сөз «аман болған», я «аман бол» деген
сөз бе екен деген ой келеді.
Түріктің «ұлуг» деген сөзінің орнына қазақ «ұлы» деген сөзді
қолданады. Бірақ қазақ «Ұлуг-Ирғынды» «Ұлы Арғын» дейді. Ғылымған
сүйенбеген қазақ шежіресінде, кейін Орта жүз елі боп өрбіген Жанарыстың
үлкен баласы Қарақожадан Арғын туған, сондықтан «Арғын – аға баласы»
17
дейді. Халқымыздың ескі дәстүрінде Орта жүзге қарайтын алты ру – Арғын,
Найман, Керей, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ жиналып бас қосқанда, кәде үлестірсе,
бас кәдені «аға баласы» деп Арғынға беріп, ас бергенде, бас табақты Арғынға
тартады екен.
Тарихта Арғын-аға деген кісі болған. 1262 жылы Шыңғыс ханның
кенже баласы Толы Харасан деген елге Ойрот атанған елден Арғын-аға деген
кісіні хан сайлаған. Кейбір тарихшылар, қазақ ішінде Орта жүзге кіріп «аға»
аталған Арғынды, Арғын-ағадан тараған деп жорамалдайды. Бірақ бұған
келтіретін дәлелі мынадай: Шыңғыстан әртін заманда, моңғолдар түрік
тұқымдас татар және ұйғыр елдерін Алтай тауынан және Енисей өзенінен
қуған. Сол кезде қамауда қалып, кейін монғолданып кеткен ойрот, қалмақ
деген елдер бар. Бұл қисынға да соғады. Себебі: орыс оқымыстысы
Петраковтың айтуынша, Тобыл, Том, Енисей губернияларында (1911
жылдары) Арғын аталатын, бірақ қазаққа жатпайтын бірнеше монғол
тұқымдас елдер бар. Мәселен, Том округінде Чулым болысын екінші атпен
Үлкен арғын болысы деп атайды. Монғолдар арасында «Арғын» яки
«Ариқан» руы барын атақты тарихшы Рашид-ад-дин де айтады.
Алайда бұл тарихшылардың «Арғын-аға» деген пікірі шындыққа
жанаспайды. Себебі: 1219 жылы Шыңғыс хан Жетісу, Сырдарияны өзіне
қаратып, Алатаудың етегін түгелімен Шағатай деген баласына билеткен. Сол
Шағатай ұлысындағы іргелі елдің біреуі – Арлғын, Арғынның ол кездігі
мекені – Балқаш көлінің күнгей жағы, Қаратал, Қапал өлкелері.
Осы мекенде Шағатай ұлысына қарап отырған Арғынды Ақсақ Темір
1376 жылы, 1389 жылы, 1390 жылы үш рет жаулайды. Одан кейін XY
ғасырдың басында Жоңғар хандығы жаулап Арғын мекенінен сырғып
Қаратуға барып, Барақ ханға бағынады да, 1420 жылы Барақ Тащкентке,
Ходжентке шабуыл жасағанда бірге қатысады. 1455 жылы Барақтың баласы
Жәнібек хан өзбектің ханы Әбілхайырмен араздасып Балқаш көлінің
батысына көшкенде, Арғынды ертіп ала кетеді. Одан кейін Жәнібек Еділ
өзенінің Каспий теңізіне құйылатын жеріне барып Астрахань қаласын
салғанда, Арғын қаласында болады.
Орыс тарихшысы Карамзиннің айтуынша, Алтын Орда ханы Ахмед –
Жәнібекті Қырымға қойған. 1475 жылы Қырымға хан болған Меңдігерей
Жәнібекті қуады да, қашқан Жәнібек Россия патшасы III Иоанды паналап,
1480 жылы Россияда өледі. Жәнібек қашқанда Қырымда қалған Арғын –
Меңдігерейдің 1475 жылы Түркияға бағынуына көнбей, араздасып көшкен
Ахметкерейге еріп, Қырымнан Кубань өзенін бойлап Кавказға ауады.
Арғынның Кавказда тұрғанына дәлел болатын жер аттары бар: Сунжу
өзеніне құятын бір жылғаның аты, ол жалға ағатын сайдың аты, сол сайда
отыратын бір ауылдың аты күні бүгінге дейін «Арғұн» аталады. Бұл сөз
«Арғын» болу керек. оған көп тарихи дәлелдер бар.
1554 жылы Россия патшалығы Астраханьды бағындырып, Қырым мен
Кавказға қарай жылжығанда, арғындар қазақ даласындағы Қаратауға аууы
керек. 1629жылы қазақ ханы Еңсегей бойлы Ер Есім Ташкент хандығына
18
бағынып тұрған Түркістан қаласына шабуыл жасағанда, оның әскерінде
арғындар болған. Осы жорықта Түркістанның ханы Тұрсын өліп, оның қызы
Қоңырбикені арғындар алып кетіп, Сары деген кісіге қосқан деседі. Бұл –
Абайдың сегізінші атасы.
Осы бетімен қаратауда тұрып қалған арғындар 1723 жылы Жоңғар
хандығы қазақты шапқанда, сырғып, қазіргі «Арқа» аталатын қазақ даласына
көшіп, сол күннен бүгінге дейін орнығып отырып қалған.
1723 жылдың шабыншылығында, қазақ тарихында «Ақ табан
шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталатын қырғын жұтқа ұшырап Қаратаудан
Арқаға көшкен Арғын руларының біреуі Абайдың он екінші атасы –
Тобықты елі. Сол бүліншілік жұтта Тобықты руының атақты «Әнет бабаң»
атанған биі – Әнеттің алты баласы соғыста өліп, өзі 97 жасында жаяу
щұбырған елге ере алмай, тірідей ел көшінен жұртта қалыпты.
Тобықтының қай жерлермен көшіп барып, қазіргі мекені – Шыңғыс
тауына орнауына мынадай деректер бар: Абайдың үшінші атасы Ырғызбай –
Ырғыз өзенінде туған, Ырғызбайдың інісі Торғай – Торғай өзенінде туған.
Абайдың екінші атасы Өскенбайға билігін берген Кеңгірбай (Абайға
төртінші атадан кеп қосылады) – Кеңгір өзенінің бойында туған. Кеңгір
өзенінен Тобықты елін Шыңғыс тауына көшіріп әкелуші Абаймен сегізінші
атадан кеп қосылатын Мамай батыр. Содан бастап Тобықты елі Шыңғыс
тауында отырып қалған.
Арғын руының басынан кешкен тарихын және кешкен, қонған тарихын
осымен доғарып, енді Абайдың аталары Арғыннан қалай ұштасып
келетіндігіне тоқталайық.
Тобықты елінің шежірелері Абайдың аталарын Арғыннан былай
тартады:
Арғын,
одан - Қодан,
одан - Дайырқожа,
одан -Қарақожа,
одан – Кенжесопы
одан -Тобықты,
одан - Рыспетек,
одан - Мұсабай,
одан - Сүйірбас,
одан – Сары
одан - Күшік
одан - Әйтек.
одан - Олжай,
одан - Айдос,
одан - Ырғызбай,
одан - Өскенбай
одан - Құнанбай,
одан -Абай.
Сонда Абай Арғыннан 18 атаға келген. Осылайша өрбіген Абайдың
аталары туралы ел ішінде қандай аңыздар барлығына аздап тоқталайық.
Қазақ арасында «Арғын атасы - Қотан ақын» дейтін мәтел бар, сол
«Қотан» дегені осы Қодан, Қоданның ақын болғандығы туралы XIX
ғасырдың ортасында жасаған, Арғын руынан шыққан Жанақ ақынның бір
19
ауыз өлеңі бар. Уақ руынан Жарқын деген би Жанақ ақынға «Атаңда ақын
болган кім бар?» деп сұрау қойғанда, Жанақ:
Алашта Арғын ата туған зерек
Өзгеден сол кісінің жөні бөлек.
Арғынның түп атасы ақын Қотан,
Өлеңге бізден ұста болса керек
депті. Қотанды тарихта «Қодан тайшы» деп те атайды. «Тайшы» - монғолша
«өлеңші» деген сөз.
Қоданнан жалғыз Дайырқожа туады. Дайырқожа XV ғасырдың орта
шенінде Ташкентте өзбектерді билеп тұрған Әбілхайыр ханның(1465 жылы
өлген) тізелі биінің бірі және әділ би болды, сондықтан «ақ жолға тартатын
би» деп, халық оған «Ақжол» деген лақап ат қосады. Арғын руынан тарайтын
елдердің бәрінің ұраны - «Ақжол». Ақжолды Қара Қыпшақ Қобыланды
батыр елтіріпті. Бұл өлімге арналған Қодан ақынның жоқтауы («Қара
Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» деп басталатын) соңғы
кездерге шейін ел аузында айтылып жүрген.
Бұл аңыз тарихи шындыққа жатпайтын сияқты. Себебі: Дайырқожаны
Қобыландының өлтіруі -1440 жылдардық шамасы болу керек. Бұдан жиырма
жыл бұрын, 1420 жылы Жәнібек хан Ташкентке шабуыл жасағанда, оның,
әскерінде Арғыннық бір бұтағы - Қанжығалы елі бар. Шежіренің айтуынша,
Дайырқожадан Қарақожа одан Кенжесопы, одан Қанжығалы туады. Егер
Дайырқожа Арғыннық баласы екені рас болса, Қанжығалы Дайырқожаның
төртінші үрпағы болатын болса, 1420 жылы шабуылға Канжығалы елі ру боп
қатынасса, Дайырқожаның жасауы әртіңгі заманға кетіп қалады.
Ауыздан-ауызға көшіп, қағазға жазылмаған шежіреде мұндай
қайшылықтың кездесуі ғажап емес.
Шежіремізге қайта оралайық. Дайырқожаның бәйбішесінен Қарақожа
туған, тоқалынан Сұмдық туған. Сұмдықтан туған Бержетім мен Шақшақ,
өзге арғындар Арқаға көшіп, Орта жүзге қосылғанда, Кіші жүз ішінде қалып,
содан бері «Тоқал Арғын» атанып кеткен.
Қарақожаның бәйбішесінен - Мейрам, Момын атты, тоқалынан -
Қарасопы, Кенжесопы, Бәсентиін деген үш бала туады.
Кенжесопыдан екі бала туады: Қанжығалы, Тобықты. «Тобықты» деген
сөз - «тәуфихты» деген сөз, арабтың «тәуфих» деген сөзінен алынған деген
жорамал бар. Бұл - дәлелсіз жорамал сияқты. Қазақ арасында сақталған
аңызда Қанжығалы мен Тобықтыны Арғын руына кірме деген де сөз бар. Ол
аңыздың баяндауынша: жаугершілік заманда, Қанжығалы қанжығаға
байланған қоржынмен жаудан алып келген жас болғандықтан атанған;
Тобықты «Ақтобық» атанған жүйрік аттыңтбәйгесіне келген құлдың баласы
болғандықтан атанған; осы екі келімсек баланы баласыз Кенжесопы асырап
ап, өсіріп өрбіткен. Ескі ауылда бұл аңызды айтса, Қанжығалы мен Тобықты
руларыныңиадамдары намыстанады. Абайдың атасы - Тобықты.
20
Тобықтыдан
Рыспетек
Дәулетек
туған.
Дәулетек
жанжалқой,
төбелескек боп, бір тойда ет асқан жер ошақ басына келгендерді жуан
таяғымен сабағандықтан «жуан таяқ атанып, одан өрбіген ұрпақтар күні
бүгінге дейін «Жуан таяқ» атанады. Абайдың атасы - Рыспетек.
Рыспетектен Мұсабай, Көкше, Дадан туады. Ел аңызында Мұсабай би,
атақты Әз-Жәнібек ханның, белді және шешен биінің бірі болған деседі. Жыл
мөлшеріне бұл аңыз қабысады. Абайдың атасы -Мұсабай.
Мұсабайдан
Талынқожа
мен
Сүйірбас
туады.
Ынжық
адам
болғандықтан, Талынқожа «Жаман» атанып, одан өрбіген ұрпақты күні
бүгінге дейін «Жаман Тобықты» деседі. Абайдың атасы - Сүйірбас.
Сүйірбастан - Әлі, Қожаберге, Сары. 1629 жылы Есімханға еріп барып
Түркістан қаласын жаулайтын арғындардың бір батыры - Әлі. Сол жолы
өлтірілген Түркістан ханы - Тұрсынның қызы-Қоқырбикені Әлі еліне алып
кеп, інісі Сарыға қосқан. Абайдық атасы - Сары.
Сарының бәйбішесінен - Мәмбетай, Үмбетай; тоқалы Қоңырбикеден -
Мәмбетсопы мен Кішік туады. Кішікті кейін «Күшік» деп атап кетеді.
Абайдық атасы.- Күшік.
Күшіктің бәйбішесінен - Саңмұрын Бәйімбет; тоқалынан - Әнет,
Әйтек. «Әнет бабаң» атанатын Тобықтының атақты биі, 1723 жылғы
шабыншылықта 97 жасында ел көшкен жұртта қап өлетін, алты баласы
жаудан өлген Әнет осы. Әнеттің бір баласынан іште бір бала қалып,
бала туғанынан кейін жақсының бақайы ғой деп, атын Бақай қойған.
Бақайдың ұрпақтары Тобықты ішінде бір ру ел. Абайдың атасы - Әйтек.
Әйтектің бәйбішесінен - Олжай, тоқалынан - Байбөрі, Калқаман.
Байбөрі елде беделді кісі болғандықтан «Бәкең» атанып кеткен. Оның
ұрпақтарын әлі күнге дейін «Бәкең» деседі. Абайдың«Қыздарға» деген
өлеңінде «Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең» деп бастайтын өлеңі,
осы Байбөрінің адамдарына арналған. Абайдың атасы - Олжай.
Қалқаман - «Қалқаман - Мамыр» аталатын ел ішіндегі атақты
халық жырының геройы. Қалқаман ғашық болған Мамыр - өзінің
немере қарындасы (Мәмбетбайдың немересі) болған. Ол кезде өз
руынан қыз алу - әсіресе немерелестерін алу, қазақ ғұрпында масқара.
Осы масқараға ұрынған Қалқаманды, сол кезде 85 жасқа келген Әнет би
өлім жазасына бұйырған. Үкім: Қалқаман салт атқа мініп, жазалауға
жиналған көптің алдынан шауып өтеді, сонда оны бір батыр садақпен
атып өлтіруге тиісті болған. Осы өкім орындалғанда атылған садақ
оғынан жараланып, өлмей қалған Қалқаман Тобықты еліне өкпелеп,
Алатау баурында отырған Үйсін руындағы нағашысына кетіп қалады.
Сол кеткеннен қайтпаған Қалқаманның тұқымдары қазіргі Алматы
облысының Жамбыл, Каскелең аудандарында бірнеше жүз үй.
Абайдыңатасы Олжай мал баққыш, момын ғана адам болған.
Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек туады. Жігітектің бәйбішесінен
Қабекең атанатын Кеңгірбай би туған. Кеңгірбайға шейін Арғын
руларының ішінде Тобықты еселі ел болмаған көрінеді. Оған шейін
21
Тобықтыны көршілес отырған Матай да (Найманныңтбіреуі), Керей мен
Уақ та теңдікте ұстамаған. Кеңгірбай тізгініне ие боп, би атанғаннан
кейін, Тобықты көршілес руларымен теңдесу былай тұрсын, зорлықпен
көбін сырғытып, Тобықтыға тиісті жерді кеңіткен, Тобықтының
үстемдігін күшейткен.
Абайдың атасы Айдостың өзі емес, әйелі Айпара - атаққа шыққан
ақылды, қайратты, беделді және ақын болған адам. Айпара туралы елде
мынадай бір аңыз бар: 1723 жылдың жұтында босып көшкен Тобықты,
мал-мүліктен айрылып, жаяу қаңғырып келе жатып, бір бай елге
кездеседі. Бай ел ашыққан бұлардан үркіп көше қашқанда, жұртында
аяғы сынған бір семіз түйе қалып қояды. Осы түйені союға өзге аштар
қорыққанда, Айпара бауыздайды да, етін қырық жілік қып (үй сандары
қырық болса керек) бөліп бергелі жатқанда, түйені іздегендер келе
жатыр деген хабар естіледі. Сасқан жұртқа Айпараның тапқан ақылы:
жерді қазып, түйені түгелімен жерге көмеді де, үстіне күрке тігіп,
күйеуі Айдосты (қартаң тартқан кезі болса керек) төсек caп күрке ішіне
жатқызып, өлген адамдай бетін жабады. Түйені іздеп келгендер күркеге
жақындағанда басына қара caп, шашын жайып, бетін тырнап қанатқан
Айпара:
Түйелі елдің түйесі-ай,
Түйесін іздеп жүргені-ай,
Түйедей менің арыстаным
Терде сұлап жатқаны-ай! -
деп, дауыс қып отырады. Өзге күркені тінткен түйені жоқтаушылар
дауыс қып отырған Айпараның күркесін тінтуге ұялып қайтып кетеді.
Сөйтіп, Айпара 40 үйді түйенің етімен бірнеше күн асыраған екен
деседі.
Босқан Тобықтыға қоныс қарауға Мамай батыр аттанғанда,
Айдоспен туысқан кенже қайнысы - 13 жасар Жігітекті «Кішекен, ере
барсын» деп Айпара бірге жіберіп, Мамай Шыңғыс тауын тауып
қайтқанда, Жігітек қасында болған деседі. Сол Айпара қойған атпен
Жігітек руы күні бүгінге дейін Тобықты ішінде «Кішекең» аталады.
Абайдың көзін көргендер: «Абай ағам Айпараны өте мақтап отыратын
еді»,- дейді.
Айпарадан төрт ұл туған: Ырғызбай, Торғай, Көтібақ, Топай. Осы
балаларын Айпара былайша сынаған екен:
Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торы айғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Торғайым,
Сірә да оңбас Топайым.
22
Тобықты елі: «Айпараның балаларына осы айтқан сыны дәл
келді», - дейді.
Абайдың ұлы атасы Ырғызбай - XVIII ғасырдың орта кезінде
жасаған Абылай ханның беделді биінің бірі болған.
Ырғызбайдан Өскенбай, Өсер, Мырзатай, Жортар туады.
Жоғарыда аталған Кеңгірбай би қартайған кезде, өз балалары
Ералыға, Төлеуге, Қотанбұлаққа, Қалбайға «елді ұстай алмайды» деп
сенбей, билігін өз еркімен «елді ұстауға осы жарайды» деп Өскенбайға
берген. Өскенбай Кеңгірбайдың ойынан шығып, елді жақсы бастаған
адам, би болған. Сондықтан Тобықты елінде: «Ісің адал болса,
Өскенбайға бар, арам болса, Ералыға (Кеңгірбайдың баласы) бар», -
деген мәтел қалған. Өскенбай 1850 жылы 72 жасында өледі.
Өскенбайдың бес әйелі болған:
1.
Зере - одан Құнанбай (Абайдың әкесі) мен Құтпамбет туған.
2.
Таңшолпан - одан Төлепберді, Шыбар, Елеусіз, Ақмағамбет
туған.
3.
Мақып - одан Жақып туған.
4.
(аты белгісіз) - одан Майбасар туған.
5.
Күнше - одан Бейсенбі, Сұлтанбеқ, Кенжебай туған.
Абайдың әкесі Құнанбай 1804 жылы туады. Аяғын апыл-тапыл
басқан кезде, оған шешек шығып, оң көзін ақ шел қаптап соқыр
болады. Кейін Құнанбай атақты кісі болғанда, «Түйені соқыр десең
Құнанбайға тиеді» деген сөз осыдан айтылған. Құнанбаймен тұстас,
Тобықтыдан шыққан Балта ақын, Қуандық руынан шыққан ІІІөже
ақынмен айтысып, екі көзі де жоқ Шөжені Балта былай деп кемітпек
болған:
Кенде соқыр деген соң, кенде соқыр,
Осы сөзің езіңе жөн бе, соқыр?
Төрде отырған хан, қара - бәрін мінеп,
Ел түзетіп жүруші сен бе, соқыр?
Үйде айтысты тыңдаушылардың ішінде Құнанбай да отыр екен
дейді. Балтаның әлгі сөзіне ащы тілді тапқыр Шөже былай деп жауап
беріпті:
Ұры шіркін, қорықпайсың бір құдайдан,
Салымым бар бұрыннан осындайдан.
«Соқыр, соқыр» дейсің де еш тынбайсың,
Соқыр десең құтылсайшы Құнанбайдан.
Бұл сөз намысына тиген Құнанбай «ойда жоқ сөзді қозғайсың»
деп Балтаны қуып шыққанда, жұрт: «Шөже жеңді»
;
-дескен екен дейді.
23
Құнанбайды әкесі Өскенбай молдаға сабаққа бергенмен, жасында
тентек болған Құнанбай оқымай, бертін, ересек бола, әкесіне келген
хаттарды ежіктеп оқу арқылы мұсылманша жазуды өз бетімен жақсы
танып кеткен.
Құнанбай ел билігіне әкесінің көзі тірісінде, жас күннен-ақ
араласады және сол алғаш атқа мінген күннен бастап айтқанынан
қайтпайтын қайсар, алысты болжайтын ақылды, алысқанын жығуға
тәсілді, ойға алғанын орындамай қоймайтын өжет, жауласқанын
аямайтын рақымсыз адам болады.
Құнанбайдың әлеумет тұрмысындағы істерін баяндаудан бұрын,
оқушыға оның жасаған дәуірін елестетіп өту қажет.
1822 жылы Россияда патша үкіметінің «Сібір қазақтарын
басқарудың уақытша ережелері» деген заңы шықты. Сол «Сібір
қазақтарының» біреуі Құнанбайдын, елі Тобықты еді. Бұл «Ережелер»
бойынша «Сібір қазақтарының хандығы жойылды, Россияға қарап
болды, ендігі билік Россияның қолында, Россия үкіметі Сібір
қазақтарын бірнеше округке бөліп, бұрынғы ханнын, орнына сұлтан-
правительдер сайлады, правительдер округтің приказ басындағы өкімге
бағынады деп жариялады. Құнанбайдың елі Қарқаралы округіне
(қазақша-дуан) бағынды.
Хандықты жойғанмен патша үкіметі алғашқы кезде, сұлтан-
правительдерді хан тұқымдарынан ғана белгіледі. Бұлай істеуі-сол
кездегі қазақ халқынық ішкі әлеуметтік құрылысын жақсылап біле
алмағандықтан еді.
Патша үкіметіне бағыну мәселесінде қазақ халқы да, оны бұрын
басқарып келген хан тұқымдары да екіге бөлінді: бір жүйесі жанжалсыз
қосылуды мақұл деп тапты, екінші жүйесі бұрынғы заманын көксеп,
отарлау саясатына карсы шықты, көтеріліс жасады. Құнанбай осы екі
жүйенің көнушілер жағында болды.
Жалпы Орта жүздің де, оның ішінде Тобықты елінің де Россияға
біржола қосылуы - Абылай ханнық баласы Уәлі ханның тұсында, 1802
жылы. Бірақ қартайған Уәлі 1821 жылы өлгенше патша үкіметі оны хан
деп таниды да, хандық дәрежені Уәлі өлгеннен кейін жойылды деп
жариялады.
1822
жылы
жоғарыда
аталған
«Сібір
қазақтарын
басқарудын, уақытша ережелерін» шығарады. Бұл ережеге наразы
болғандар, Россияға бағынбаған жаққа көшуге қобалжып, кейбір елдер
көшіп жатқанда, Балқаш көліне құятын Тоқырауын өзенінің бойында
отырған Тобықтының Дадан дейтін руынық биі Қараменде, Шыңғыс
тауында отырған Мұсабай руының, биі Кеңгірбайға өлеңмен былайша
сәлем айтады:
Басында Сырдан шығып Орға келдік
Табан тиіп жүре алмай зорға келдік.
«Қол алдынан құрулы талқы» деген,
24
Бұл жаққа баққа келмей, сорға келдік.
Сәлем де, Кеңгірбайға, кел, кетелік
Мықты сабаз атанды терлетелік.
Мұсылманның жұртына маңдай қойып,
Аты жақсы дариядан әрі өтелік.
Кеңгірбай бастаған Шыңғыс тауындағы Тобықты, Қараменденің
ол сәлеміне қызбайды.
Россияға бағынған жүйенің басшыларын өзіне сенімді серік қып
алу үшін патша үкіметінің бір қолданған саясаты - бұрын мал
шаруасымен шұғылданған көшпелі қазақ аулының беделді байларына,
орыс феодалдарындай жер иелендіру, оларға «дворян» деген атақ беру,
қоныстандыру болды. Осы саясаттың арқасында, қазақтың хан
тұқымдарынан ғана емес, қара қазақтардан да XVIII ғасырдың жартысы
мен XIX ғасырдың бірінші жартысында дворян атағын алғандар аз емес
және кей жерде бұл дворяндарға орыс помещиктеріндей арнаулы мол
жер берілген. Мәселен, Бөкей ордасында Жәңгір хан мен оның оң қолы-
Қарауыл қожаға, Ор өзенінің бойында Дербісәлі Беркімбаевқа, Есіл
езенінің бойында Зілғараға, Баянауылда Шорманға берілген.
Сол заманның үлкен феодалының біреуі Құнанбай патша
үкіметінен арнаулы жер кестіріп алмағанмен, жалпы заман ырқымен
Тобықты елі мекендеген Шыңғыс тау өлкесіндегі ең шұрайлы жерлерді
басып алып, иелерін тіл алса еркімен, тіл алмаса зорлықпен көшіру
әдісін қатты қолданған.
Құнанбайға
шұрайлы
кең
жердің
неге
керек
болғанын,
Құнанбаймен тұстас, Тобықты руының белгілі ақыны Қуанышбай
жақсы сипаттаған, Найман руының ақыны Әріп Құнанбай мен Абайды
жамандап өлең шығарды дегенге Қуанышбай намыстанып, Құнанбайды
да, Абайды да мықты көрсету ниетімен Құнанбайдың өзгеден жер
тартып алуын былайша баяндаған:
Сөзімді көп айтпаймын саған қимай,
Орынсыз өтірік айттың аузың тыймай.
Мың-мыңнан ауыл басы жылқы өреді,
Малы жүр Құнекемнін, жерге сыймай.
Тұрар ма сыймаған соң жер іздетпей,
Садаға сен қайтесің одан кетпей.
Уақ, Керей, Найманға отарлайды,
Төрт болыс Тобықтының жері жетпей.
Қуанышбай шындықты айтқан. Құнанбай көршілес рулардың
жерін өз жері көп малына жетпегендіктен алған. Құнанбайда 2000-дай
25
жылқы, 2 - 3 мың қой, жүзден аса түйе болды деседі. Өскенбайдың өзге
алты баласы да, жалпы Ырғызбай тұқымдары да бай болған.
Құнанбайдың әр түрлі себеп тауып, аталас көрші руларын, әсіресе
Жігітек руын
:
қонысынан қуып алған жерінің көлемі ұзындығы 100-150
шақырым, көлденеңі 50-10 шақырым.
Мұнша мол жерді иемденуге Құнанбай екі әдіс қолданған.
Бірінші, тілін алатын, әрі сойылшысы, әрі жалшысы болатын -
қарашыларды көп жинап, басып алған жерлеріне соларды шашырата
қондырған. Мұндай қарашыларды ол көбінесе тұқымдас Тобықты
руларынан емес, көршілес Керей, Уақ, Найман руларынан, қашқын
татарлардан, діншіл қожалардан жинаған.
Құнанбай
қарашыларының
біреулерін
елге
дін
үйретуге,
біреулерін ру таласында сойылын соққызуға, біреулерін малшы, жалшы
етуге пайдаланады. Қарашыны былайша жаттан жинау, жалғыз
Құнанбайдың ғана емес, қазақ феодалдарының көбінің қолданған әдісі,
орыс ұғымына айналдырғанда, бұл қарашылар - крепостнойлардың бір
түрлері.
Екінші, Өскенбайдың әйелдерінен туған, Құнанбайдың інілері көп
екені жоғарыда айтылды. Бұларға Құнанбайдың өзінен туған жеті бала
қосылады. Құнанбай ол балаларын жасынан үйлендіріп, әрқайсысына
бірнеше әйел әпереді.
Балаларын үйлендіргенде, Құнанбай әлдеқалай кісілермен құда
болмай, Тобықтының өз руларынан да, Найман, Керей, Уақ руларынан
да елде беделі күшті, атақты байларды, билерді таңдап құда болады.
Мәселен, Тәңірбердінің қайыны-көршілес Сыбан руынан Кенжеғұл
дейтін беделді кісі, Абайдың бәйбішесі Ділдә - Қаракесек руынан
Алшынбай бидің қызы, екінші әйелі - Айгерім - Тобықты ішіндегі
Мамай руынан Бікей деген беделді кісінің қызы. Ысқақтың қайыны -
Найман руында Тана дейтін, «мырза» атанған кісі. Оспанның әйелі
Еркежан - Мәмбетай руынан Ибақ дейтін беделді кісінің қызы.
Ондай беделді адамдармен Құнанбайдың құда болатын себебі -
маңайындағы рулардан өзіне тірек іздеу. Бұл мақсатына Құнанбай
жетіп, талай тар кезеңде мықты құдалары оны сүйеп шығарған.
Өрісі осылай кеңіген Өскенбай тұқымы Құнанбай кезінде 40-50
үйге жетеді, осылардың бәрін Құнанбай шашырата қоныстандырады.
Мәселен, Құнанбайдын, алты баласы алты ауыл боп, әр ауылдың арасы
20-30 шақырымнан жайыла қоныстап отырған.
Құнанбайдың елге үстемдігі экономика және жер мәселесінде ғана
жүріп қоймайды. Бір кезде (XIX ғасырдың 50 жылдары шамасында)
патша үкіметі оны Қарқаралы округіне сұлтан-правитель сайлайды.
Осы қызметте тұрғанда ол Тобықты елін билеуге інісі Майбасарды
сайлатады. Майбасар өте зорлықшыл, парақор адам болады.
Қанаушы таптың халықты қанауда бір тұтынатын құралы - дін.
Россияға қосылғанға дейін-ақ мұсылман саналатын қазақ халқы
26
көшпелі
дәурен
сүргендіктен
және
ауылда
мешіт,
медресе
болмағандықтан түгелдей дерлік сауатсыз, ислам дініне шалағай, аты
ғана мұсылман болған. Қазақ елін бағындырғаннан кейін патша үкіметі
ауылға татардың молдаларын көп жіберіп, ислам дінін мықтап тарату
саясатына кіріскен.
Осы саясатты қолданғандықтан ба, я өзінің діншілдік фанатизмі
күшейгендіктен бе, елдің әкімшілік және шаруашылық тізгінін қолына
мықтап ұстаған Құнанбай ел арасына ислам дінін тарату мәселесін де
қатты жүргізеді: намаз оқымаған кісіге дүре соққызады, Қарқаралы
қаласына мешіт салдырады, ескі ғұрыпты сақтап, насыбай атқандардың
танауын тіледі, елдің малдан беруге тиісті зекетін еріксіз орындатады.
Ораза тұтуға міндеттендіреді, кейін «Ескі там» атанған өзінің
қонысына медресе салдырып, Қазан жақтан солдаттық міндетін
атқарудан қашып келген Ғабитхан деген татарды сол медресеге
молдалыққа алдырып, өз балаларын да,
елдің балаларын
да
оқыттырады. Бұл медресе бүкіл Қарқаралы округіне қарайтын қазақ
ауылдарында бірінші салынған медресе еді деседі. Мұсылманша болса
да, аздаған ғана бала сыйғызса да, Тобықты еліне ең алғаш оқу, жазуды
үйреткен - осы медресе. Абай да алғашқы сауатын осы медреседен
ашқан.
Кұнанбайдың ислам дінін кушейту мәселесін ел ішінде қалай
жүргізгендігі туралы, жоғарыда аты аталған Қуанышбай ақын былай
деген:
Кешегі елден озған біздің қажы,
Молда алып, дін үйретті қысы, жазы...
Зекет, қайыр бергізді Наймандарға,
Жүгенсіз тіл үйретті айуандарға...
Құнанбай өз балаларын ауылда оқытумен қанағаттанбай, Абайды
он жасында Семейдегі Риза қазіреттің медресесіне оқуға беріп, Абай
медреседе 4 жыл оқып, арабша, парсыша сауатты боп қайтады және
приходская школада төрт ай оқып, орысша да хат танып келеді.
Абайдын, орысша оқығанына қанағаттанбаған Құнанбай, үшінші
әйелі Айғыздан туған Халидолла дейтін баласын (Абайдан екі жас
үлкен) Омбыдағы кадеттік корпусқа беріп, оны бітірген соң,
Москвадағы Павлов атты әскер училищесіне жібереді. Халидолла оны
бітіріп, корнет дәрежесінде қызмет атқарып жүргенде сырқаттан өледі.
Баласын орыс мектебіне беріп, Европа біліміне қазақтан алғаш
ұмтылған
кісінің
бірі
болғанымен,
Құнанбай
-
өле-өлгенше
мұсылмандық фанатизмді бұлжытпай қатты ұстаған адам.
Әкімшіліқ шаруашылық, рухани жақтан Құнанбайдан қатты
қысым көрген көршілес Тобықты рулары бас көтеріп қарсыласады.
Шиеленіскен тартыстың аяғы қол күші - төбелеске соғады. Бірақ үкімет
27
алдында да, ел арасында да салмақтасып келгенде, Құнанбай жағы
басым бола береді, қарсы жағы жеңіле береді. Қарсы жақтың қаптатқан
арызымен Құнанбайды Омбыдағы Сібір қазақтарын басқаратын
губернатор тергеуге шақырады. Бірақ Құнанбай жазаға тартылмай,
әкімдерге пара беріп құтылып кетеді. Ақыры Құнанбай өзімен
қарсыласқан Жігітек руының он жеті басшы адамын тұтқынға алдырып
соттатып, «Ит жеккенге» айдатады. Осыдан кейін Құнанбай дұшпанына
күш бермей, балалары ер жеткен соң ел билеу жұмысын балаларына
беріп, өзі 72 жасында Мекеге қажылыққа кетеді. Ертіп апарушы
Найманнан ұрлық қып қашып кеп Құнанбайды паналаған, қоңсы болған
- Ызғұтты деген кісі. Кейін ол елде «Кіші қажы» атаныпты.
Тобықты елінен Құнанбай - Мекеге бірінші барған кісі. Мекеде ол
қазақ қажыларына арнап «тақия» (жолаушы түсетін үй) салдырып, соны
басқаруға өзімен еріп Мекеге барған Қанатбай сопы дегенді
ҚОЙЫП
кеткен. Кейін барған қазақ қажылары сол «тақияға» түсіп жүрген.
Мекеден қайтқан соң Құнанбай дүние ісіне араласпай, сәлемдесе
келген біреу болмаса, үйіне кісі кіргізбей, түсірген шымылдық ішінде
жатып құлшылық қылумен шұғылданған. Осы қалпын өзгертпеген ол
1885 жылы (қазақша тауық жылы) август айында, 81 жасында қайтыс
болған.
Құнанбай - үш әйел алған кісі:
6.
Күңке-Найман руынан, Ағанас батыр деген кісінің қызы. Бұл
әйел Құнанбайдан 4-5 жас үлкен екен. Одан туған жалғыз Құдайберді
(1829-1866).
7.
Ұлжан - Қаракесек руынан, Тұрпан деген кісінің қызы.
Ұлжанды алғаш Құнанбайдың туған інісі Құтпамбетке атастырады.
Құтпамбет жаугершілікте найзаға ұшып өліп, қалыңдығы Ұлжан оң
жақта қыз күйінде қалған соң, оған Құнанбай үйленеді. Ұлжаннан туған
ұлдар: 1. Тәңірберді (1842-1907), 2. Абай (1845-1904), 3. Ысқақ (1847-
1901), 4- Оспан (1850-1891).
8.
Айғыз - Тобықты руынан Жуан таяқ бұтағынан Қарабатыр
дегеннің қызы. Одан туған ұлдар: 1. Халидолла (1843-1870), 2. Смағұл
(1860-1931).
Құнанбайдың жеті ұлынан Халидолла ғана жасында өлген.
Өзгелері тетелес, қатар өскен. Абайдың «Сегіз аяқ» атты өлеңінде:
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ, -
дейтіні осыдан.
Достарыңызбен бөлісу: |