Microsoft Word абай қҰнанбаев 1



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата10.06.2020
өлшемі1,7 Mb.
#72974
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
abai kunanbayev1 (1)

III. АБАЙДЫҢ ӨМ ІРІ 
Абай  1845  жылы  туған.  Абайдың  азанмен  қойған  аты  -  Ибраһим. 
Ибраһим  -  дін  кітаптарынан  алынған,  пайғамбардың  аты.  Бұл  атты 


 
28
баласына  жалғыз  Құнанбай  ғана  емес,  ислам  діні  өріс  алған  кезде  көп 
қазақ  қойған.  Бірақ  бірен-саран  араб-парсы  тілін  білетін  кісі  болмаса, 
«Ибраһим» 
деген 
атты 
ешбір 
қазақ 
арабша 
түрінде 
айтпай, 
«Ибырайым»  немесе  «Ыбырай»  деп  атайды.  Абайды  өз  тұсының 
ақындары  «Ыбырай  жас  жолбарыс  білектенген»  (Біржан  сал)  деп, 
«Баласы  Құнекеңнің  Ыбырайым»  (Қуанышбай  ақын)  деп  мадақтаған. 
Ескі  ауылда  «Құнанбайдың  Абайы»  дегеннен  гөрі  «Құнанбайдың 
Ыбырайы» деген ат көп жайылған. 
«Ибраһимді»  «Ыбырай»  демей,  «Абай»  деп  алғаш  атаушы,  оның 
туған  шешесі  Ұлжан  деседі.  «Абай»-қазақта  бар  сөз.  Бұл  сөзді  қазақ 
«пана»,  «бақылаушы»  деген  мағынада  қолданады.  Қазақта  «малыңа 
абай  бол»  деу,  «малыңа  бақылаушы  бол»  деудің,  жақсы  кісіні  «елдің 
абайы»  деу,  «елдің  панасы»  деудің  орнына  жүреді.  Бесік  жырында  ана 
өз баласын: 
 
Әлди, әлди, абайым, 
Атқа тоқым жабайъш. 
Ел қыдырған әкеңді Қайдан іздеп табайын, - 
 
деуі  «панам,  бақылаушым»  деген  ұғымнан  шыққан.  Сондықтан  «Абай» 
есімі - қазақта ерте заманнан көп кездесетін ат. 
Құнанбайдың бәйбішесі Күңке күйеуінен үлкен екендігі жоғарыда 
айтылды.  Жалғыз  баласы  Құдайберді  ер  жетіп,  немере  сүйген  кезде 
Күңке  Құнанбайдан  бөлек  ауыл  боп  кетеді.  Құнанбайдың  өзге  екі  әйелі 
-  Ұлжан  мен  Айғыз  -  қасында  болады.  Абай  қара  кескінді,  үлкен  көзді 
адам  екен.  Жас  күнінде  ерке  боп,  екі  шеше  бірдей  жақсы  көргендіктен 
Абайды бала кезінде ел Телқара деп атаған.  
Осындай  ерке  өсіп,  балалық  шағын  бай  баласының  болмашы 
қызығына сарып қылғанына Абай есейе келе өкінеді 
 
Тайға міндік 
Тойға шаптық, 
Жақсы киім киініп, 
Үкі тақтық, 
Күлкі бақтық, 
Жоқ немеге сүйініп, 
Күйкентай күтті, 
Құс кетті, 
Не бітті? 
 
Өзінің  туған  шешесі  Ұлжан  мен  өгей  шешесі  Айғыздан  басқа, 
Абайды  еркелеткен  және  көп  ертегілер,  ескі  сөздер  айтып,  болашақ 
ақынның  ел  әдебиетін  тануына  ең  алғаш  жол  ашқан,  оның  ұлы  әжесі, 
Құнанбайдық  туған  шешесі-  Зере  деседі.  Зере  аса  ақылды,  әңгімешіл, 


 
29
ескілікті  көп  білетін,  балаға  мейірімді,  ағайынға  қамқор,  елге  сыйлы 
адам болған. 
Құнанбай  Абайды  Ғабитхан  дейтін  татар  молдаға  сабаққа  береді. 
Ғабитхан Қазан жақтан 1850 жылдары солдатқа алынудан қашып, қазақ 
даласына  келеді  де,  Балқаш  көлінің  шығыс  жақ  жиегін  мекендеп 
отырған  Керей  руында  Шүршіт  атты  байға  көп  тоқырайды.  Келесі 
жылы  Көкшетау  дейтін  жерде  Құнанбай  көршілес  көп  руларды 
шақырып,  өлген  әкесі  Өскенбайға  ас  береді.  Сол  асқа  Шүршіт 
Ғабитханды ала келіп: «Біздің ел дін жолына шорқақ, дінді жақсы ұстап 
тұрған Құнанбай, сен осының қолында қал»,- дейді. Ғабитхан бұл сөзге 
көнген  соң,  Шүршіт  Құнанбайға  Ғабитханды  қалдырып  кетеді. 
Құнанбай  Ғабитханды  аулына  алып  келіп,  қазір  Ескі  там  аталатын 
жерге  медресе  салады.  Абайды  және  ауылдың  басқа  балаларын  сол 
медресеге  сабаққа  береді.  Бұл-Шыңғыс  тауының  өлкесіне  бірінші 
орнаған медресе. 
Ғабитханның  мұсылманша  білімі  қаншалық  болғандығы  туралы 
сақталған  материал  жоқ.  Бірақ  Құнанбай  Абайды  одан  екі-үш  жыл  ғана 
оқытып,  Семейдегі  медресеге  жіберуіне  қарағанда,  Ғабитхан  оншалық 
мол білімді адам болмау керек.  
Оған Абайдың кейініректе: 
 
Жазу жаздық, 
Хат таныдық, 
Болдық азат молдадан. 
Шала оқудан Не жарыдық, 
Қалғаннан соң құр надан? 
Бағасыз жастық Бозбастық, 
Адастық, - 
 
деуі  дәлел.  Абайдың  бұл  сөздерінен  Ғабитханның  «тіл  сындырғыш» 
қана молда екені көрініп тұр. 
Шала  білімді  молданың  «инемен  құдық  қазғаннан  қиын»  оқытқан 
сабағының  өзін,  екі  шешенің  арасында  ерке  боп  тел  өскен  Абай  дұрыс 
оқымаған сияқты. Оған оның: 
 
Атамыз бар, 
Молдамыз бар, 
Айтқанына көнбедік. 
Арт жағында Біз соған зар 
Боламыз деп білмедік. 
Ұрланып қаштық, 
Жолғастық, 
Шуластық, - 
 


 
30
деуі  куә.  Осы  шалдуар  кезінде  ақынның  өлең  шығаруға  бейімделе 
бастағаны  байқалады.  Қазіргі  бізге  мәлім  Абай  өлеңдерінің  ең  басында 
тұратын: 
 
Кім екен деп келіп ем түйе қуған, 
Қатын ғой күлдәрімен белін буған, 
Төркінінің бергені жауыр айғыр, 
Бауырыңды ұрайын бірге туған! - 
 
деген  бір  ауыз  өлең  оның  он  жасында  бір  әйелге  ауызша  суырып  caп 
айтқаны деседі. 
Баласы 
да 
жарымаған, 
өзі 
де 
қанағаттанбаған 
Құнанбай 
Ғабитханнан  Абайды  он  бір  жасында  шығарып  алады  да,  мұсылманша 
мол  білім  беру  мақсатымен,  Семейдегі  мешіті,  медресесі  бар  Ахмет 
Риза қазіретке әкеп береді. 
Абайдын, 
өмірбаянын 
алғаш 
жазған 
Кәкітай 
Ысқақовтың 
айтқанына  сенсек,  Ахмет  Ризаның  жаңа  пікірлі  адам  болғанын,  оның 
медресесінде  оқу  жүйесі  Араб  пен  Иранның  бай  әдебиетімен 
шәкірттердің танысуына жағдай жасағандығын көрер едік. 
Ахмет  Риза  медресесінде  оқып  жүрген  кезінде,  1858  жылы  13 
жасар Абай: 
 
Физули, Шамси, Сайхали, 
Науаи, Сағди, Фирдоуси, 
Хожа Хафиз - бу һәммаси, 
Мәдет бер я шағири фәрияд, - 
 
деген  өлең  жазды.  Бұл  -  шынында  өлең  емес,  Иран  әдебиетінің 
тарихында  болған  атақты  ақындарды  тізбектеп  айтып,  солардан  өлең 
жазуға  мәдәт  (жәрдем)  сұрау.  Бізге  қажеті  -  бұл  төрт  жолдың  өлең  я 
өлең  еместігі  емес,  Риза  медресесіне  барған  Абайдың  ол  медреседе  үш 
жыл 
оқығаннан 
кейін, 
мәдетті 
әулие, 
ән-биелерден 
сұрамай, 
ақындардан сұрауы. 
Сол  1858  жылы  Абай  шағатай  ақындарының  үлгісімен,  араб  пен 
түрік сөздерін араластырып мынадай өлең жазады: 
 
Иузи - рәушан, көзі - гәуһәр, 
Лағылдек бет үші әхмәр. 
Тамағи қардан Ьәм биһтар, 
Қашың қүдрәт, қолы шигә 
Өзәң гузәлләра раһбар... 
Риза  медресесінде  оқып  жүрген  кезінде  Абай  орысша  приходская 
школадан  төрт  ай  сабақ  оқиды.  Мүмкін  ол  осы  бетімен  медресе  оқуы 
мен  орысша  оқуды  қатар  алып  кетер  ме  еді,  болмаса,  медресе 


 
31
сабағынан  сабағы  дәмді  школаға  ауысып,  шын  мағынасындағы 
ғылыммен  суарылып  шығарма  еді,  егер  оны  1859  жылы  14  жасында 
әкесі Құнанбай Семейден шақырып ап, қайтып жібермей қоймаса. 
Медреседен  «ғылмо-ел  ғарабиятқа»  еркін  суарылмағанын,  орыс 
білімінің  тәтті  дәміне  тілінің  ұші  ғана  тигенін,  сөйтіп  Семейден 
ауылына,  не  ғылым  иесі  боп  қайтпай,  не  надан  боп  қалмай,  әкесінің 
тартпағымен  әредікте  әуре  болғанын  Абай  кейінірек  жазған  бір 
өлеңінде былай көрсетеді: 
 
Білгенге жол бос, 
Болсайшы қол бос, 
Талаптың дәмін татуға 
Білмеген соқыр, 
Қайғысыз отыр, 
Тамағы тойса жатуға, 
Не ол емес, бұл емес, 
Менің де күнім - күн емес. 
 
Абайдың ауылға келуі, әкесінің көршілес елдермен, әсіресе аталас 
Жігітек руымен қырқысып дауласып  жатқан кезі болады. Ру таласының 
ұлғайғанын  және  көпке  созылатынын  шамалаған  Құнанбай  өзіне  серік 
іздегенде,  ақылды,  зерек,  тұтымды,  әрі  аз  да  болса  оқығаны  бар 
Абайдан дәмеленіп, келешекте орнын басуға баулиды. 
Семейден  елге  келе,  Абай  әкесінің  баулуымен  елдің  билік  сөзіне 
араласа  бастайды.  Бірақ  ол  даурыққан  даудың  құрғақ  айғайымен 
кетпей,  сол  кездегі  шешендерден,  ақындардан  үлгі  алып,  сөз  үйреніп, 
15-16  жасынан-ақ  өзі  де  шешендіқ  тапқырлықпен  елдің  көзіне  түседі, 
аузына ілігеді. Ел билегендермен тұтымдылық жағынан да, білімпаздық 
жағынан  да,  қатар  түсіп,  жиырма  жасқа  жетпей,  үлкен  даулардың 
қисынын тауып шешетін шебер бидің бірі болады. 
Бұл  кезде  Абай  өлең  жазуды  да  ұмытпаған  сияқты.  Оған  дәлел  - 
1864  жылы  «Әліп-би»  деген  өлең  жазуы.  Бірақ  бүл  өлеңіне  қарағанда, 
Абай  қазақ  билерінің  тақпақ  сөздері  мен  ақындардың  шебер 
жырларымен  танысса  да,  өзінің  ақындық  өнеріне  онша  мән  бермеген, 
үлкен міндет жүктемеген. Оның бұл «Әліп-биі» мазмұн жағынан да, түр 
жағынан  да,  стиль  жағынан  да,  сөздік  жағынан  да  араб  пен  иран 
ақындарының  көлеңкесінде  жатыр.  Әйткенмен  бұл  өлең  -  оның 
ақындық сапарынық алғашқы қарлығашының бірі. 
Осы  өлеңде  байқалған  ақындық  өнер  1882  жылы  жазған  «Қан 
сонарда»  деген  өлеңіне  шейін  көмескі  қалып  қояды.  Ол  екі  арада 
жазған  оның  «Шәріпке»  (1870  жыл),  «Абыралыға»  (1876  жыл), 
«Жақсылыққа»  (1880  жыл)  деген  өлеңдері  күшті  ақындықтың  құлаш 
серпініне куә боларлық шығармалар емес. 


 
32
37  жасында  «Қан  сонарданы»  жазған  Абайдың  бойындағы 
ақындық  қасиетін  бұған  дейін  жарыққа  еркін  шығармауына  екі  себеп 
бар ма деймін. 
Бірінші. 
XIX 
ғасырда 
екі 
жақты 
қанауға 
түскен 
қазақ 
еңбекшілерінен  шыққан  ақындардың  біразы  Абай  тұсында  сұраншақ 
болғаны,  өлеңін  кәсіп  етіп,  байларды  мақтап  тамақ  асырағаны  көпке 
мәлім. Соған қарап Абай қазақ ақындарын: 
 
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап, 
Мал сұрап, біреуді алдап, біреуді арбап, 
Жат елде қайыршылық қылып жүріп, 
Өз елін «бай» деп мақтап құдай қарғап, - 
 
деп  сөгеді.  Абайдың  бұл  сөзіне  түгел  қосылуға,  қазақ  ақындарының, 
бәрі  сондай  еді  деуге  болмайды.  Ақынның  бәрі  қайыршы  емес, 
олардын,  бәрі  бірдей  байды  мақтай  бермеген.  Сүйімбай  ақынның  Тезек 
төреге: 
 
Ассалаумағалайкүм, Тезек төре, 
Елде жылқы қоймаған кезеп төре, - 
 
деген  өлеңі  сияқты,  қанаушы  тап  өкілдерінің  зорлықшыл  қылықтарын 
пышақпен  тілген  ақындар  қазақтық  барлық  руларынан  да  кездеседі. 
Қазақ  әдебиетінің  тарихында,  мемлекет  билігіне  жетекші  ақындар  да 
(Бұхар),  ел  басына  күн  туғанда  жыры  халықтың  күрес  туы  болған 
ақындар да (Махамбет) аз емес. 
Абай  жасырақ  шағында,  ақындардың  осындай  қымбат  бағасын 
аңғармай,  Құнанбай  сияқты  байларды  мақтап  тамағын  асыраған  кейбір 
ақындарды  көріп,  «Кетірген  сөз  қадірін  жұртты  шарлап»  деп  кейіп, 
«соларға  ұқсамайын»  деген  оймен,  өзі  ақын  бола  тұра,  өлең  жазбаған 
сияқты. 
Екінші.  Семейдегі  оқудан  қайта,  әкесінің  баулуымен  елдің  ру 
таласына  кіріскен  Абай  осы  ағынның  иірімінде  бірнеше  жыл  үйіріліп, 
ақындықтың  қырына  шыға  алмаған.  Кейінірек  ел  кісісі,  әлеумет  кісісі, 
ұлт  ақыны,  халықшыл  ақын  болған  кезінде  өкініп,  өзін:  «Қаны  қара  бір 
жанмын, жаны жара»,- деп налыған. 
Абай  әкесіне  жәрдемші  боп  жүрген  кезде,  Құнанбай  Жігітек  руын 
жеңіп,  басты  адамдарынан  он  жетісін  соттатып,  жер  аударып  жіберген. 
Осы  кек  Жігітектің  есінен  кетпей  Құнанбай  өлген  соң  да,  Абай  ру 
таласына  араласудан  тоқтағаннан  кейін  де,  етегінен  жармасып 
қалмаған. Бұған кейін ораламыз. 
Абай  1870  жылдар  шамасында  Тобықтының  Қоңыр  Көкше  деген 
еліне  өкіметтің  сайлаусыз  тағайындауымен  болыс  болады.  Жасы  ол 
кезде  25-терде  еді.  Ол  сол  кезде  елде  белең  алған  ұрлық-қарлыққа, 


 
33
барымтаға, 
тағы 
сондай 
қиянаттарға 
қатты 
тыйым 
салған. 
Қиянатшыларға  мейірім  істемейтін  қатал  болған.  Бұл  күндерде,  одан 
кейін  де  Абайдын,  жанында  ақындар,  әншілер,  күйшілер,  аңшылар  да 
көп  еріп  жүрген.  Абай  жүйрік  ат,  алғыр  бүркіт,  жақсы  итке  құмар 
болған.  Мәселен,  көршілес  Найман  руындағы  Тулақ  деген  кісінің 
«Қарашолақ»  атанған  бір  атақты  алғыр  бүркітін  Абай  сұрап,  анау 
еркімен  бермеген  соң,  Елеусіз  деген  ағасын  (Өскенбайдың  баласы) 
жіберіп ұрлатып алып, артынан қуғын кеп сұрағанда бермей, құнына он 
түйе  төлеп  иесін  разы  ғып  қайтарған.  Бір  аста  бәйгеден  озып  келген 
«Кедейқұла»  деген  жүйрікті  иесінен  зорлағандай  сұрап  алып,  төлеуіне 
бес  түйе,  бір  ат  берген.  Осы  сияқты  өзінің,  жарым  көңілін  аулайтын 
қылық Абай өмірінде аз кездеспейді. 
Абай  -  тапқырлықты  өте  сүйген  адам.  Оған  бір  мысал:  Көкше 
елінде  болыс  боп  тұрған  кезінде,  сол  елдің  атақты  Байгөкше  деген 
кедей  ақыны  күштілерден  көрген  зорлығын  шағып,  теңдік  сұрауға 
Абайға  келеді.  Абаймен  ол  бұрын  кездеспеген  адам  екен.  Отырған 
үйіне Байгөкше кіре бергенде, біреудің сыбырлауымен Абай оны біліп: 
 
«Тақыр жерге қуарып шөп бітеді, 
Кей жерге аз, кей жерге көп бітеді. 
 
Осы  өлеңнің  кейінгі  екі  жолын  қосып  жіберші»,-депті,  Сонда 
Байгөкше: 
 
Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң, 
Қашан түсіп болғанша жеп бітеді, - 
 
депті.  Ақынды  әбден  сынамақшы  болған  Абай  алдында  жатқан 
тоқпақты көтеріп ап: «Тарт тіліңді!»-деп ұмтылғанда, Байгөкше ақын: 
 
Ұрасың неге мені тоқпақпенен, 
Жүрсеңші әкең жүрген соқпақпенен, 
Үйге келген кісіні ұрамын деп, 
Боласың неге бірге ақмақпенен! 
депті.  «Бас  кеспек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқтың»  заңына 
бағынатын Абай тоқпағын жерге тастай салып: «Тілің осынша неге ащы 
болған?»-деп сұрапты. Сонда Байгөкше: 
 
Атам Қабас, Борабай - туысым зор, 
Мырза менен Мамайдың зорлығы мол. 
Екі өкпемнен екеуі қысқаннан соң, 
Тілім ащы болатын себебім сол, - 
 


 
34
деп жауап беріпті. Байгөкшенің өткір сөзділігіне разы болтан Абай оған 
зорлық  көрсеткендерден  есесін  алып  беріп,  содан  кейін  қасына  үнемі 
ертіп жүріпті. 
Абай  Көкше  елінің  болыстығынан  босанып,  өз  еліне  келгенде, 
Байгөкше одан қол үзбей, үйіне ұзақ жатып, ат мініп, киім киіп жүретін 
бопты. 
Қоңыр  Көкшенің  болыстығынан  Абай  1872  жылы  босанады.  Сол 
жылы  Көкшенің  елінен  қастасқандар  бар,  Жігітек  руынан  кекшілдер 
бар,  бәрі  қосылып  Абайдың  үстінен  Семейдегі  уездік  әкімге  арызды 
жаудырады. 1872- 1873 жылдың қысында Абай Семейге шақырылып 12 
түрлі  іспен  тергеледі.  Өтірік  жалалардан  құтылып,  1837  жылдың 
көктемінде  Абай  еліне  қайтады.  Абайдың  көзін  көрген,  сырын  білген 
Қатпа  Қорамжанов,  Абайдың  немере  інісі  Архам  Ысқақов  тағы 
басқалар:  «Семейден  Абай  осы  жолы  орысша  және  мұсылманша  көп 
кітаптар  алып  қайтып,  соларды  оқумен  шұғылданды.  Ол  кітаптарды 
оқып  бітірген  соң,  Семейге  кетіп,  тағы  да  кітаптар  әкелді.  Осылай 
Семейден  кітаптар  әкеп  оқу  1873  жылдан  бастап  Абайдын,  дағдысына 
айналды»,-дейді.  Бұған  себеп,  әрине,  Абайдың  Семейде  оқымысты 
адамдармен,  әсіресе  орыс  ғалымдарымен  кездесіп,  өзінің  білімі 
олқылығына көзі жеткендіктен болу керек. 
Ел билігіне ерте араласып қарсы жақты да, «қарсы емес» жақты да 
не  қорқытып,  не  ұялтып  тыя  алмаған  Абай  бұл  даушарды  тұтататын 
себеп-елдін,  надандығы,  оқымағандығы  деп  түсініп,  өз  алдында  елді 
оқыту,  оқыту  арқылы  мәдениетке  жетектеп,  надандықтан  бездіру 
мақсатын қояды. 
Қазақ  халқын  мәдениеттендіру  мәселесінде  Абайдың  қажетті  деп 
тапқан құралы - орыс оқуы, орыс білімі. 
Қазақ  елін  орыс  мәдениетіне  тарту  керек  екенін  үғынған  Абай  өз 
балаларын  да,  тілін  алатын  басқа  адамдардыц  балаларын  да  орысша 
оқытпақ болады. 
Абайдың  18  жасында  туған  Ақылбай  деген  баласы  ер  жете  ақын, 
музыкант  болса  да,  жас  кезінде  өте  момын  және  мұсылманша  оқуға 
зердесіздеу болса керек. Сонда Абай: 
 
Оқытарсың молдаға оны, 
Үйретерсің әрнені. 
Медеу етіп ойы соны, 
Жаны тыныштық көрмеді, 
Жасында күтті, 
Дәме етті, 
Босқа етті. 
Ата көңілі жанбаса бір, 
Артық өнер шықпаса, 
Ел танымай, үй танып құр, 


 
35
Шаруасын да ұқпаса. 
Үміті қайда? 
Соны ойла, 
Абайла! - 
 
дейді.  «Бала  -  ата-анаға  зор  қуаныш»  дейтін  Абай  осы  өлеңінде  қандай 
баланың қуаныш, қандай баланың реніш екенін де айтады. 
 
Ол- 
Сүйер ұлын, болса, сен сүй, 
Сүйінерге жарар ол,- 
 
деп,-«үйді  ғана  танымай,  елді  таныған»,  елге  пайдалы  болған  ұлды 
сүйерлік ұл деп біледі. Өз ұлына көңілі толмаса да, Абай «масыл бидің» 
бірі  боп  қалмасын  деп,  оқуға  береді,  өтер  күннің  өкінішінен 
сақтандырады: 
 
Зарланарсың, ойланарсың, 
Не болам деп енді мен... 
Құрбылардан қорланарсын, 
Тәңірі ісіне сен де көн. 
Қайғысыз бенде 
Көрдің бе 
Өміріңде. 
 
Абайдың  жақсы  адам  болар  деп  дәмеленген  Әкімбайы  тоғыз 
жасында  қайтыс  болады.  1879  жылы  он  бір  жастағы  үшінші  ұлы 
Әбдірахманды  Семейдегі  орысша  қалалық  училищеге  сабаққа  береді. 
Балаларын  орыс  мектебіне  беруде  алдына  не  мақсат  қойғанын  Абай 
мына өлеңінде айтады: 
 
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім. 
Ер жеткен соң түспеді уысыма, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
Бұл махрүм қалмағыма кім жазалы, 
Қолымды деп сермесем, өстер ме едім. 
Адамның бір қызығы бала деген, 
Баланы оқытуды жек көрмедім. 
Баламды медресеге біл деп бердім, 
Шен алсын, шекпен кисін деп бермедім... 
 
«Оқыңдар, орысша оқыңдар» дегенді Абай сөз жүзінде ғана айтып 
қоймайды,  өз  балаларын  оқытумен  ғана  қанағаттанып  қоймайды, 


 
36
орысша  оқуға  талапты  қазақ  жастарына  шамасынан  келген  қаражат 
жәрдемін  береді.  Бұған  дәлел  ғып  мына  оқиғаны  еске  алсақ  та  болады. 
1885  жылы  Қүнанбай  өлгеннен  кейін  оның  өзге  балалары,  қазақ 
әдетімен, «әкемізге ас берейік» дегенде, Абай: «Асқа мал бөлейік, бірақ 
ол  малды  сойып  жұртқа  жегізбейік,  орыс  школасындағы  оқитын  қазақ 
балаларына  жәрдемге  берейік»,-  дейді  және  осы  айтқанын  істейді  де. 
Құнанбайдың  асына  шығарған  малдарды  (саны  мәлім  емес,  бір  хабарда 
100  жылқы,  200  қой)  Абайдың  сатып,  Семейдің  интернатында  оқитын 
қазақ 
жастарына 
беруі, 
Құнанбайдың 
өзге 
балаларына 
да, 
ағайындарына  да,  көршілес  елдерге  де  ұнамаған,  «Құнекеңді  атаусыз 
қалдырды»,-  деп  талайлар  ренжіген.  Мәселен,  көршілес  Найман 
руынан,  Абайдын, туған бөлесі Кемелбай, Абайға осы жөнде былай деп 
өлеңмен сәлем айтады: 
 
Сәлем де Ыбырайға, бөлем еді, 
Ac беріп, Құнекемді елемеді. 
Жер ошағын тастады-ау қоңырсытпай, 
Екі күн ел күткеннен өлер ме еді? 
 
Абайдың  туған  ағасы  Тәңірберді  де  Абаймен  осы  жөнінде  араз 
бопты деген сөз бар.  
Абай  өз  балаларын  да,  ел  балаларын  да  оқытумен  катар  жасында 
ала  алмай  қалған  білімін  толықтыру  үшін  өзі  де  орыстың,  Европаның 
өмірге керекті кітаптарын оқуға кіріседі. 
Бұл  күнге  дейін  Абайдың  өмірбаянын  жазушылар  оның  орыс 
біліміне  жанасуын  өз  бетімен  емес,  көлденең  кісілердің  ақылымен 
болған  жанасу  деп  келді.  Олардың  айтуынша,  1880  жылдан  бастап, 
Абайдың  аулына  саяси  қылмыспен  Михаэлис,  Долгополов,  Гросс  тағы 
басқалар келеді, солардың ақылымен Абай орысша кітап оқуға кіріседі. 
Абайдың  орысша  кітаптарды  оқумен  шұғылдануына  жоғарыда 
аталған  адамдар  ғана  себеп  еместігін  дәлелдейтін  факті  -  1880  жылы 
Семейге  жер  ауып  келген  Петербург  университетінің  студенті, 
Чернышевскийдің  жолын  қуған,  белгілі  халықшыл  Михаэлистің 
Абаймен  бірінші  рет  Семейдің  орыс  кітапханасында  танысуы. 
Михаэлис 
кітапханаға 
келсе, 
сонда 
қазақша 
киінген 
Абай 
кітапханашыдан  Лев  Толстойдың  шығармасын  сұрап  тұр  екен.  Қазақша 
киінген,  сақалды,  жуан  денелі  Абайға  Михаэлис  көңіл  аударады  да, 
сонымен  сол  арада  танысып,  содан  кейін  екеуі  дос  боп  кетеді.  Өскемен 
қаласына  орнығып,  Алтай  тауының  кені,  өсімдігі  туралы  бірнеше 
еңбектер  жазған  Михаэлис  Абайдың  аулына  сан  рет  қонақ  боп,  ауылда 
да,  Семейде  де  онымен  жолығып  жүреді.  Осы  жолығысуларында  ол 
Абайға  білімін  тереңдету  туралы,  дүниеге,  қоғам  құрылысына  қандай 
көзқарасы  болу  туралы  көп  ақылдар  айтқан,  ол  ақылдардың  ойына 


 
37
қонғанын  Абай  алған.  Сондықтан  Абай:  «Менің  дүниеге  көзімді  ашқан 
Михаэлис еді» (Кәкітай) дейді екен. 
Нифонт  Долгополов  Абайдың  аулына  бірінші  рет  1885  жылы 
июль айында келген. Семей архивінде сақталатын 120 санды (1884-1886 
жылдар) істе Долгополовтың кім екендігі ашық айтылады: ол - Харьков 
университетінің  студенті.  1880  жылы  саяси  айыппен  университеттің 
медициналық  факультетінін,  соңғы  курсында  сібірге  жер  аударылады. 
Бес  жылдай  сібірдің  әр  қалаларында  айдалып  жүріп,  1885  жылы 
Семейге  тоқырайды  да,  сол  жылдың  15  июлі  күні  үкіметтен  сұранып 
Абайдың  аулына  келеді.  Абайдың  үйінен  Долгополов  Семейге  10 
августа  қайтады.  Одан  кейін  Абаймен  араларында  қандай  қатынастар 
болганы  туралы  мардымды  мәлімет  жоқ.  Москвадағы  орталық  архивте 
сақталған  материалға  қарағанда  (1935  жылы  архивтен  тауып  оқып  ем, 
номері  есімде  қалмаған.-С.  М.),  Долгополое  үкіметке  қарсылығын 
доғармаған. 
Сол 
материалдың 
ішінде 
Долгополовтың 
Алексей 
Максимович Горькиймен байланысы болғанына фактілер бар. 
Европаның, 
орыстың 
ғалымдары, 
жазушылары 
жазған 
еңбектермен  танысқаннан  кейін,  Абай  дүниеге  өзгеше  көзбен  қарай 
бастайды.  Енді  оған  ел  қамқоршысы,  халық  жақтаушысы  болу  керек 
деген  идея  туады.  Осы  идеясын  жүзеге  асыру  үшін  ол  ел  ішіндегі  дау-
шарды  сөндіруге,  халықты  бірлікке  шақыруға  кіріседі.  Абайдың  бұл 
жаңа бет алысын сынағысы келген жұрт 1881 жылы жиылып кеп, болыс 
боп  тұрған  Ысқақтың  үстінен  «мынау  елді  талап  барады»  деп  арыз 
айтады.  Бұл  арызды  мақұл  көрген  Абай  сол  жылы  болған  сайлауда 
Ысқақты түсіріп, орнына екінші інісі Оспанды сайлатады. 
Оспанды  болыс  сайлағаннан  кейін  Абай  ел  билеу  жұмысынан 
біржола  баз  кешіп,  орысша  кітаптарды  оқуын  молайтады,  тереңдете 
түседі. 
Абайдың  өмірбаянын  бірінші  жазған  Кәкітай  Ысқақов:  «Абай 
орыс  жазушыларынан  Крыловты,  Пушкинді,  Салтыков-Щедринді, 
Некрасовты; 
орыс 
сыншыларынан 
Белинскийді, 
Добролюбовты, 
Писаревті, 
Чернышевскийді; 
Европа 
ғалымдарынан 
Дрэперді, 
Спенсерді оқыған еді»,- дейді. 
Америка 
саяхатшысы 
Джорж 
Кеннен 
жазады: 
«Менің 
сұрауларыма Леонтьев (Семейдегі кітапхананың бастығы.- С. М.) жауап 
беріп, Семей кітапханасының құрылуы тарихын баяндайды да: 
«Кәттә  қазақтар  да  мұнымен  пайдаланады,  -  деді.  -  Мен  білетін 
Ибрагим  Кононбай  деген  қарт  қазақ  бар,  оның  кітапханаға  келіп  жүруі 
былай  түрсын  Милль,  Бокль,  Дрэперді  де  оқиды»  («Сибирь  и  ссылка», 
140 бет, 1906 ж). 
Г.  Г.  Льюис  пен  Д.  С.  Милльдің  талқылауы  арқылы  орыс  тілінде 
1867  жылы  шыққан  Огюст  Конттың  «Позитивтік  философиясын» 
Абайдың  оқығандығы  оның  дін  туралы  пікірлерінен  байқалады.  (Бұл 
мәселеге  кейінірек  ораламыз.)  Дж.  В.  Дрэпердің  «Европа  пікірінің 


 
38
өркендеу  тарихы»  (бірінші  рет  орыс  тілінде  XIX  ғасырдың  60 
жылдарында  шыққан  болу  керек.  Біздің  қолға  түскені  1896  жылы 
басылғаны.  Абай  алғашқы  шыққанын  оқыған  сияқты)  атты  кітабының 
кейбір пікірлерін Абай өлеңге де аударады. Мәселен, Абайдың: 
 
Өмірдің алды ыстық, арты суық, 
Алды ойын, арт жағы мұңға жуық, - 
 
деп  келетін  өлеңдері  мен  Дрэпердің  мына  сөздері  дәл  келеді:  «Жас 
шағында  өзінің  күшіне  еркін  сенген  адам  қартайғанда  күшінен  көңілі 
суып,  басқаша  ойлайды.  Уақыт  өткен  сайын,  жастықтың  елікпе 
қиялдары  да  бәсеңсиді,  одан  кейін  адам  әр  ойын  тізгіндеп,  тілегінің 
өрісін  тарылтады  Ақырында  шын  тұрмыс  оның  көзінен  пердесін 
сыпырады,  қартайған  оның  ойына  адам  үмітінің  болмашы  екендігі  ұя- 
лайды. Оның тапқаны табам деп ұмтылғанына аз ұқсайды» (2 бет). 
Өмірдің  алдындағы  үміт  пен  артындағы  өкініш  туралы  айтқан 
Дрэпердің  пікірі  Абайдың  бірнеше  өлеңінде  әр  қилы  жүйеде  кездесіп 
отырады. 
Европаның  атақты  ғалымдары  мен  жазушыларынан  Абайдың 
оқыған  кітаптары,  оның  биографтары  атаған  тізімнен  әлдеқайда  көп 
болу керек. 
Бұл  арада  бізді  де,  Абайдың  басқа  оқушыларын  да  таң 
қалдыратын  жағдай-төрт  жыл  ғана  мұсылманша,  төрт  ай  ғана  орысша 
оқыған  Абайдың  өз  бетімен  оқу  арқылы  осынша  зор  білімге  жетуі. 
Оның  әсіресе  орысша  кітаптарды  және  үғу  үшін  көп  даярлық  тілейтін 
кітаптарды өз бетімен оқып кетуі ғажап! 
Абай  өскен  Тобықты  руы  -  орыс  қалаларымен  көрші  тұрмаған  ел. 
Абайдың  ауылына  ең  жақын  қала  -  Семей  200  шақырымдай,  Аягөз  де, 
Қарқаралы  да  сол  шамада.  Абай  он  жасына  шейін  орыс  тілін  білмейтін 
ауылда  тұрды.  Оннан  он  төртке  дейін  Семейде  мұсылманша  оқыды. 
Орысша  сабақты  ол  Семейден  еліне  қайтар  жылы  ғана  оқыған  Төрт  ай 
оқу деген немене ол?! Төрт айда басқа тілден кісі не біліп жарытпақ?! 
14  жасында  Семейден  ауылына  келген  Абай  1872  жылы  27 
жасында  тергеуге  шақырылғанда  болмаса,  Семейге  аз  араласқан,  он  үш 
жыл  өмірін  өзінің  ауылында  өткізген  және  ол  кезде  орыс  кітаптарын 
оқымаған.  Сондықтан  opыстың  әрпі  ғана  болмаса,  төрт  ай  оқығанда 
үйренген аз ғана тілінің денін ол ұмытып қалуға тиісті. 
Сөйтіп  жүріп,  1873  жылдан  кейін  өз  бетімен  орыс  кітаптарын 
оқып  кетуі  және  ғылымдық,  философиялық,  көркемдік  қасиеттеріне 
еркін  түсініп  оқуы  ғажап.  Барлық  елдердің  әдебиет  тарихын  тұтас 
алғанда,  бұл  -  өте  сирек  кездесетін  көрініс,  табиғатында  аса  данышпан 
боп туған адамның ғана қолынан келетін іс. 
Бойында  ақындық  дарын  барын  ұққан,  сол  дарынын  халқы 
қазақты  өнер-білімге  жеткізуші  құрал  ғып  жұмсағысы  келген  Абай  өз 


 
39
тұсындағы 
қазақтың 
сауатсыз 
ақындарының, 
шала 
сауатты 
жазушыларының  бірі  болғысы  келмеген.  Солардың  бірі  бола  қалған 
күнде, өз халқын өрелі өріске бастап апара алмайтынын түсінген. 
Көшпелі  тұрмыста  көпшілігі  сауатсыз  өмір  кешкен  қазақ  халқын 
Европа  мәдениетіне  бастау  үшін,  өзі  европаша  мәдениетті  болу  керек. 
Осы  мәдеииетті  біраз  меңгеріп,  өзіне  керегін  одан  алған  Абай  халықты 
сол  мәдениетке  жеткізуші  құрал  ғып  көркем  әдебиетті  қолданғысы 
келгенде,  жаңа  мәдениетке  лайықты  жаңа  мазмұнды,  жаңа  түрлі 
әдебиет  жасауға  тырысады.  Орыстың,  Европаның  жазушыларын  ол  осы 
мақсатпен оқиды. 
Европалық поэзияның стилімен  Абайдың өлең жазуға кірісуі  1882 
жылдан  басталады.  Сол  жылы  ол  «Қан  сонарда  бүркітші  шығады  аңға» 
деген өлеңді жазады. Бұл өлеңде Абай қазақ поэзиясының ұлттық түрін 
бұзбағанмен,  мазмұнын  Европа  ақындарының  өлең  жазу  әдісімен 
құрған. 
«Қан  сонарда»  жазылғаннан  кейінгі  жылдарда  Абайдың  өлеңді 
өндіріп 
жазбаса 
да, 
оның 
творчестволық 
өмірінің 
мәнсіз 
болмағандығын  өзінің  ақындық  бетін  айқындап,  өнерін  жетілдіре  беру 
үшін ұзақ сонарлы іздену жолына түскендігін аңғарамыз. Ел ішіндегі әр 
қилы істерге араласа жүріп, Абай 1884 жылы «Қақтаған ақ күмістей кең 
маңдайлы»,  1885  жылы  «Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім»  деген 
өлеңдерін  жазады.  Қалам  ұстағаннан  кейін  Абайдың  ең  өндіріп  жаза 
бастаған жылы - 1886 жыл. Бұл жылы Абай 18 өлең жазған.  
1886  жылдың  өлеңдері  «Қартайдық,  қайғы  ойладық,  ұйқы  сергек» 
деген  өлеңінен  басталады.  Абай  бұл  жылы  41  жаста.  41  жасында 
Абайды4  «қартайдық»  деуі  «елге  аға  болатын,  ақылшы  болатын,  ел 
бастайтын  жасқа  жеттік»  деген  мағынада  айтылады,  өйтпесе  дүниеден, 
өмірден  түңілген  адамның  сыңайы  байқалмайды,  қайта  елді  татулыққа, 
бірлікке, өнерге шақырған ақынның өр даусы естіледі.  
1887  жылы  Оспан  болыстықты  қолына  қайта  алады.  Оспанның 
бұрынғы  дұшпандарын  мұқатуына  жол  бермей,  Абай  оны  араз 
адамдарымен  татуластырады  да,  өзі  жазу  жұмысымен  бірыңғай 
шұғылданады. 
Бұл  кезде  Абай  өз  басының,  көркемөнер  иесі  болуымен 
қанағаттанбай,  маңайына  әншілерді,  күйшілерді,  әдебиетке  талабы  бар 
жастарды 
жинайды. 
Күйшілердің 
домбыра, 
қобыз 
тартуымен 
қанағаттанбай,  оларға  скрипка  үйретуге  көршілес  Уақ  руындағы 
скрипкашы  Мұқай  дегенді  алдырады;  өз  елінің  өнерпаздарын  Әсет, 
Біржан  сияқты  атақты  әншілерден  ән  үйренуге  қосады,  өзі  жаңа  ырғақ, 
жаңа ұйқас, жаңа мөлшермен жазған өлеңдеріне арнап әндер шығарады; 
өзі 
оқыған 
арабша, 
парсыша, 
шағатайша, 
орысша 
кітаптарды 
маңындағыларға  түсіндіріп,  Баймағамбет  сияқты  әңгімешілерге  ел 
арасына  ертегі  сияқты  айтқызып  таратады.  Өз  ойынан  өлең  шығарумен 
қанағаттанбай,  орыс  классиктері: 
Крылов, 
Пушкин,  Лермонтов 


 
40
шығармаларын  қазақ  тіліне  аударуға  кіріседі.  Тәрбиесінде  өскен 
Көкбай  ақынға,  ер  жетіп  ақылы  толып,  ақын  болуға  талаптанған  өз 
баласы  Ақылбайға  тағы  басқа  талапты  жастарға  тақырып  беріп 
шығармалар жаздырады. 
Үлкен  баласы  Ақылбайдың  ақын  болуы,  күйші  болуымен, 
Әбдірахман  деген  баласының  Томскідегі  реальное  училищені  бітіріп, 
Петербургтағы  Михайловское  училищеге  кетуімен  қанағаттанбай,  1888 
жылы  он  жеті  жасқа  шыққан  үшінші  баласы  Мағауия  мен  он  бір  жасар 
қызы Гүлбаданды Семейдегі орыс мектебіне береді. 
Тобықты  елінің  қазағынан  Гүлбадан  -  орыс  мектебіне  бірінші 
барған қыз. 
Семейге  оқуға  кеткен  Мағауия  мен  Гүлбаданның  қасына  Абай 
белгілі  Көкбай  (1864-1927)  ақынды  оқуға  қоса  жібереді.  Әкесі  Жанатай 
Көкбайды  бала  кезінде:  «Осы  баламнан  үміттімін,  оқытуға  күшім  жоқ, 
қасыңа  алып  сен  тәрбиеле»,-деп  Абайға  әкеп  берген.  Содан  Абайдың 
қолында  тұрып  ер  жеткен  Көкбай  ақындықпен  әуестене  бастаған.  Бірақ 
Көкбайдың  алғашқы  өлеңдері  өлеңге  өте  жауапты  қарайтын  Абайға 
ұнамай, «Орыс ақындарымен таныспасаң, жақсы өлең жаза алмайсың»,-
деп  24  жасқа  келген  Көкбайды  Мағауиямен  бірге  Семейге  орысша 
оқуға  жіберген.  Семейде  Абай  Яков  дейтін  композиторды  жалдап, 
оларға  нота  және  скрипка  үйреттірген.  Мағауия  Семейден  қайтып 
келгенде  Абай  «Дунай  толқыны»,  «Құс  маршы»  дейтін  орыс  күйлерін 
скрипкаға ойнатып отырады екен. 
Ауылдағы  жастарға  қолөнер  кәсібін  үйретуді  де  Абай  жақсы 
көреді  екен.  Мәселен,  Кавказдан  айдалып  келген  черкестерден  өз 
ауылының жігіті Сағындық дегенге Кавказ зергерлігін үйретіп, сол елге 
бірінші  рет  Сағындықтан  кавказша  жасалған  белбеулер,  ердің 
тұрмандары тараған. 
Бұл  кезде  Абай  сауық-сайранмен,  жазумен,  елге  өнер  таратумен 
ғана  шұғылданбай,  елдің  тұрмысындағы,  мінезіндегі  кемшіліктерді 
өлеңімен  де,  жай  сөздерімен  де  сынау  арқылы  түзеуге  тырысқан.  Бір 
мысал  алайық:  Абайдық  інісі  Ысқақтың  көршісі  және  атшабары 
Масақбай деген кедей кісі болған. Осы адамның өзі де, әйелі Ұмсындық 
та  үй  ішін  салақ  ұстайтын,  шаруа  бақбайтын,  өзара  жанжалдасудан 
тынбайтын  адам  екен.  Бір  күні  Абай  Ысқаққа  қонаққа  барып,  тысқа 
шығып  келе  жатса,  Масақбайдың  үйінен  шаңқылдап  ұрысқан  әйел  мен 
еркектің  даусы  естіледі.  Абай  есіктен  сығаласа,  әйелінің  салақтығын 
сөгіп  жатқан  Масақбай  мен  ерінің  сөзіне  қарсы  дау  айтып  жатқан 
Ұмсындық  екен.  Абай  үйге  кіріп  келгенде,  екеуі  де  ұялып  жым  бола 
қалыпты.  Абай  олардың  екеуін  де  сөгіп,  осы  қылықтарыңды  өлең 
қылам  депті  де,  Ысқақтың  үйіне  барып,  Масақбай  мен  Ұмсындықтың 
сөздері ғып «Масақбайға» деген өлең жазады. 


 
41
Осы  өлеңді  естігеннен  кейін  Масақбай  да,  Ұмсындық  та  ұялып, 
тұрмыстарын  жөндеп,  жанжалдасуды  азайтқан  екен  дейді.  Осы  сияқты 
өлеңді Абай көп шығарса керек. Бірақ олар сақталмаған. 
Осындай  әрі  өзі  жазу  жұмысымен  шұғылданып,  әрі  елге  қолдан 
келген  өнері  мен  ақылын  үйретіп,  халықты  мәдениетке  бастауды  іс 
жүзінде  орындауға  кіріскен  Абайға  1890  жылы  тағы  кесір  кездеседі. 
Сол  жылы  Оспан  мен  Оразбай  тағы  араздасып,  ескі  кек  қайтадан 
қозады,  ел  іші  шабыншылыққа  қайта  кірісіп,  қарсы  жақтар  Семейдегі 
әкімдерге  шағым-арыздарын  жаудырады.  Оразбай  арыздарын  қуынып 
Семейге,  губернатордық  кеңсесіне  барып  тұрғанда,  соңынан  Оспан 
қуып  жетіп,  Оразбайды  «қашып  жүрген  ұры»  деп  губернатордың 
ұлықсатымен елге байлап алып қайтады. Осы араздық әбден шиеленісіп 
болған кезде, 1891 жылы Оспан кенет ауырып өледі. 
Оспан  өлімінен  кейін  де  жау  жағы  басылмайды.  Оспанға  Абай  да 
қолдас  деп  түсінген  қарсы  жақ  Абайды  түрткілей  береді.  Осыған 
тұтатып  кеткен  бұл  өрт  шарпа  берген  соң,  Абай  ызаланып  мына  өлеңін 
жазады: 
 
Күшік асырап ит еттім, 
Ол балтырымды қанатты. 
Біреуге мылтық үйреттім, 
Ол мерген болды, мені атты. 
 
Абайдың әлеуметтік өмірі осындай торығуға ұшыраумен қатар, ол 
1894  жылдан  бастап  үй  ішінің  өмірінде  қайғылы  халге  кездеседі:  1893 
жылы 
Петербургтағы 
артиллериялық 
училищені 
бітіріп, 
Артиллериялық  академияға  түсуге  ыңғайланған  Абайдың  Әбдірахманы 
сүйек  туберкулезімен  ауырып  еліне  келеді  де,  қазіргі  Алматы 
қаласында  (ол  кезде  Верный)  қызметке  тағайындалады.  Қызметке 
араласқаннан  кейін  Әбдірахманның  сырқаты  меңдейді,  осы  халге  Абай 
қатты қынжылады, ренжиді. 
 
Я, құдай, бере көр, 
Тілеген тілекті. 
Қорқытпай орнықтыр 
Шошынған жүректі, - 
 
деп  бастайды  Абай  1894  жылы  Әбдірахманға  өлеңмен  жазған  хатын. 
Әбдірахманның  сырқаты  меңдеуіне  неге  осынша  үрейленген  себебін 
Абай осы хаттың мына екі жолымен баяндайды: 
 
Шын қалқам осы күн 
Болып тұр керекті. 
 


 
42
Абайдың  «осы  күн»  деп  тұрғаны  қай  күн?  «Болып  тұр  керекті» 
дегенде, Әбдірахман кімге, не себепті керек боп тұр? 
Туған  елін  бастаймын  деп  бастай  алмай,  Абайдың  қажығанын, 
оның  «Жарлы  емеспін,  зарлымын»  деген  атпен  осы  кезде  жазған 
өлеңінен  көреміз.  Бірақ  өзі  үмітсізденгенмен,  Абай  халықтың  келешегі 
бітті 
деп 
ойламайды, 
өзі 
басқара 
алмағанмен, 
басқарушылар 
шығатынына  сенеді.  Сол  сенімін  ақтай  ма  деп  дәмеленген  адамның 
біреуі - Әбдірахман болады. 
Өзі  жетектей  алмаған  елді  Әбдірахман  жетектейді  деп  неге 
ойлады Абай? 
Бұл  сұраудың  жауабын  Әбдірахманның  өліміне  арнаған  бір 
өлеңінде Абай былай деп береді: 
 
Жаңа жылдың басшысы - ол. 
Мен ескінің арты едім. 
 
Осындай  жаңаның  алды  деп  ойлаған  Әбдірахманды  ажал 
аранынан аман сақтап қалуға тырысқан Абай:  
 
Апырмай, докторлар 
Жүрмесін жаңылып, - 
 
деп қауіптенгенмен, толқыған үмітін медицинаға жүктейді. 
 
Визитке төлемей, 
Шырағым, бос қалма!- 
 
деп мал аямай емдеткенмен, 1895 жылы 27 жасында Әбдірахман қайтыс 
болады.  Бұл  өлімге  егіле  жылап,  елжірей  қайғырған  Абай  күйікте 
отырған күннің жоқтау жырын: 
 
Көзге қамшы тигендей, 
Шыр айналды артқы жас, - 
 
деп  аяқтайды.  Бұл  екі  жолда  да  өте  зор  әлеуметтік  маңыз  бар.  Абай 
Әбдірахманды  «балам  өлді»  деп  қайғырумен  қатар,  осы  өлім  кейінгі 
оқығысы  келетін  жасқа  кедергі  болады-ау,  «көзіне  қамшы  тигендей, 
кейінгі  жас  шыр  айналады-ау»  деп  қайғырады.  Оған  себеп:  Әбдірахман 
қалада  оқимын  деп  жіңішке  ауруға  шалдықты,  сондықтан  кейінгі  жас 
қаладан безбесе не қылсын деп уайымдағандық. 
Құнанбай 
тұқымына 
өшіккендер 
Абайдың 
қайғысына 
елжіремейді, 
жала 
жабуын, 
түртпектеуін 
доғармайды. 
Сондай 
өшпенділікпен олар 1897 жылы Абайға екі түрлі қастық істейді. 


 
43
Біреуі - «Үкіметке қарсы адамдар үйіне көп келеді» деп полицияға 
шағым  береді.  Бұл  шағымсыз  да  Абай  полицияның  күдікті  адамы 
болған.  Оған  себеп  -  Абайдың  үйіне  саяси  қылмыспен  жер  аударылған 
адамдардың  көп  келуі,  мәселен,  орыс  халықшылдары  Михаэлис, 
Долгополов,  Кавказдан  қашып  келген  екі  жігіт.  Бұлар  Абайдың  үйінде 
айлап жатып, ат мініп, қаражат алып  кететін болған.  Полиция  Абайдың 
бұл  қылықтарын  сырттан  бақылап,  тыңшы  салып  тексеріп  жүрген.  Осы 
күдікке  Абайдың  елдегі  дұшпандары  берген  шағым  қосылған  соң,  1897 
жылдың  көктемінде,  Семейдің  уездік  полиция  бастығы  Куприянов 
келіп,  Абайдың  үйін  тінткен.  Абай  үйінің  ұңғыл-шұңғылын  түгел 
ақтарған  полицияның қолына қазақтың белгілі ақыны, ауыз әдебиетінің 
үлгілерін  иждаһаттап  жинаушы  Мәшһүр-  Жүсіп  Көпеев  жазған  бір 
хаттан  басқа  күдікті  ешбір  зат  түспеген.  Бұл  хатта  Мәшһүр-Жүсіп 
Абайға патша үкіметінің елге жасап отырған қиянаттары туралы жазып, 
оған  қалай  қарсы  тұру  жөнінде  ақыл  сұраған  екен  дейді.  Полиция  «Бұл 
хатқа  не  жауап  бердің»,  -  деп  Абайды  біраз  айналдырып,  Абайдан: 
«Жауап  жазғам  жоқтан»  басқа  сөз  ести  алмаған  соң,  басқа  байланысар 
дәлелі  болмаған  соң,  Куприянов  Абайды  да  жайына  қалдырып,  жүріп 
кеткен. 
Екінші  -  1897  жылдың  күзінде  болған  сайлауға  Абай  да  барады. 
Жиналысқа  Абайдың  келуін  ұнатпаған  оның  қарсы  адамдары  Абайды 
сабамақ  болады.  Мұны  ұйымдастырған  Әбен  деген  кісі  болса  керек. 
Кейін  ол  Мекеге  барып,  «Әбен  қажы»  атанған.  Оның  баласы  -  қазіргі 
ақын Шәкір Әбенов.  
Абай  жас  күнінен  ас,  той  сияқты  көпшілік  жиналатын  жерге 
барса,  сондай  жолаушыларына  арнап  жасатқан  төрт  қанатты  киіз  үйін, 
төсек-орнын,  ыдыс-аяғын  ала  барады  екен.  Оның  осы  қызметін  үнемі 
қасында  жүріп  атқаратын  екі  адамы  болған:  үйін  күтетін  Сейітхан 
Қазақбай  баласы  (түбі  кавказдық,  черкес),  өзін  күтетін  -  Оразалы 
Алпысбай баласы. 
1897  жылдың  сайлауына  барғанда  Абайды  Әбен  бастаған 
дұшпандары  сабамақ  боп  үйге  кіріп  кеп,  лап  қояды.  Бірақ  үйде 
отырғандар Абайға қамшы тигізбей қорғап қалады. 
Сол  жылы  жазған  бір  өлеңінде  басындағы  қайғысын  Абай  былай 
баяндайды: 
 
Соры қалың, соққы жеген пышанамыз. 
Қайтіп суып, жалғаннан күсе аламыз. 
Құр дәрімен атқанға өлмейді екен, 
Өмірі мақтаншаққа нысанамыз. 
 
Жауынан  жәбір  көрген  Абайдың  намысын  жалғыз  өз  тұқымдары 
ғана  емес,  Тобықтыдан  тарайтын  рулар  ғана  емес,  көршілес  барлық 
қазақ  рулары  жоқтап,  сабауды  ұйымдастырғандарды  да,  сабамақшы 


 
44
болғандарды  да  ауыр  жазаға  тартқызбақ  болады.  Бірақ  бұл  қылмысты 
надандық  салдары  деп  түсінген  Абай  оларды  тұтқынға  алдыру  түгіл, 
бүкіл  ел  боп  айыпқа  алып  бермек  болған  жүз  түйені  де  алмай  кетеді. 
Ешкімді  жазаға  тарттырмайды.  Мұхтар  Әуезов  жазған  Абайдың 
өмірбаянында  (Абай  шығармаларының  II  томы,  56  бет,  1940  жыл) 
«кескен  айыпты  Абай  тұқымдары  алды»  деуі  қате  көрінеді.  Бұлай  істеу 
Абайдың ол кездегі сана-сезіміне жатпайды да. 
Құн  төлетпегенмен,  жазықсыз  денесіне  қарсы  жақтың  таяқ 
тигізген  қиянаты  Абайдың  жүрегін  жегідей  жей  береді.  1899  жылы 
жазған өлеңінде Абай: 
 
Жүрегім менің қырық жамау 
Қиянатшыл дүниеден. 
Қайтіп аман қалсын сау, 
Қайтқаннан соң әрнеден. 
Өлді кейі, кейі - жау, 
Кімді сүйсе бұл жүрек 
Кімі - қастық, кімі - дау. 
Сүйенерге жоқ тірек. 
 
деп зарланады.  
1897  жылдан  бастап  Абайдың  көңілі  серпілмейді,  бұдан  кейін 
жазған  өлеңдерінде  үмітсіздік  сарыны  басымырақ  бола  береді.  Ол  енді 
кәрілікті, өлімді көп айтады. 
1899  жылы  жазған  бір  өлеңінде  Абай  өткен  өмірін  былай 
жоқтайды: 
 
Есіңде бар ма жас күнің -
 
Көкірегің толық, басың бос? 
Қайғысыз, ойсыз мас күнің, 
Кімді көрсең - бәрі дос. 
Махаббат, қызық, мал мен бақ, 
Көрінуші еді досқа ортақ. 
Үміт жақын, көңіл ақ 
Болар ма сондай қызық шақ. 
Құдай-ау, қайда сол жылдар, 
Махаббат, қызық мол жылдар?! 
Ақырын-ақырын шегініп, 
Алыстап кетті-ау құрғырлар. 
Жалынасың, боқтайсың, 
Сағынасың, жоқтайсың. 
Махаббат кетті, дос кетті, 
Жете алмайсың, тоқтайсың. 
 


 
45
Абайдың 
алпысқа 
келмей 
өмірден 
түңіле 
сөйлеуі 
тәні 
қартайғандықтан  емес,  заманның  әділетсіздігімен  алысып,  күші  келмей 
қажығандықтан,  «достан  да,  дұшпаннан  да  көңілі  қайтқандықтан», 
заман  зорлығы  жан  дүниесін  айықпас  дертке  шалдықтырып,  «іші  еліп, 
сырты  ғана  сау»  қалғандықтан.  Сондықтан  ол  1901  жылы  55  жасында 
жазған  өлеңінде:  «Жапырағы  қураған  ескі  үмітпен»,  -  деп,  өз  басы  енді 
көгере алмайтындығын айтады. 
Осындай  іштен  таусылған  Абайға  1904  жылы  тағы  бір  ауыр  қаза 
кездеседі.  Сол  жылдың  көктемінде  Абайдың  ең  жақсы  көретін 
Мағауиясы қайтыс болады. 
Мағауия  1888  жылы Семейдегі городское  училищеде бір  қыс қана 
оқып, денсаулығы нашар болған соң, ауылға қайтып келеді де, қайтадан 
бармайды. Оқудан қайтқаннан кейін ол Абайдың тапсыруымен «Медғат 
-  Қасым»  дейтін  поэма  және  бірнеше  өлеңдер  жазады,  олары  Абайға 
ұнайды. 
Сөйтіп  келешекте  ел  басқарар,  ақын  болар  деп  дәмеленіп  жүрген 
Мағауияның  қазаға  ұшырауы  Абайға  қатты  батады  да,  Абай  осы 
өлімнен  кейін  ешкіммен  сөйлеспей,  көңіл  айтушылардың  сөзіне 
жұбанбай, төсекте жатып алып, Мағауия өлгеннен 40 күн кейін, 1904 жылы 
23 июньде өмірден көзін біржола жұмады. 
Абайдын, қабыры - өзінің қыстауы «Жидебай қорығы» деген жерде. 
Абайдың қырқын берген күні, кенет ауырып, оның үлкен ұлы Ақылбай 
қайтыс болады. 
Абайдың  өмірбаянын,  оның  кәрілікке,  өлімге  мойындаған  кезін,  1898 
жылы жазған мына бір өлеңімен аяқтаймыз: 
 
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? 
Өткір тіл бір ұялшақ қыэ болмай ма? 
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан 
Қайран менің журегім мұз болмай ма?.. 
Сонда жауап бере алман мен бейшара, 
Сіздерге еркін тиер, байқап қара, 
Екі күймек бір жанға әділет пе? 
Қаны қара бір жанмын, жаны жара. 
Жүрегімнің түбіне терең, бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. 
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! 
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ, 
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ. 
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, 
Етекбасты көп көрдім елден бірақ. 
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме, 
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме. 


 
46
Өзі ермей, ерік бермей жұрт қор етті, 
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме. 
 
Абайдың  осы  өсиет  сырын  шын  мағынасында  ұғып,  оның  еңбегін 
бағалап,  атын  ардақтаған  Совет  өкіметі  ғана,  Абайдың  өзі  де,  сөзі  де  шын 
мағынасында совет заманында ғана бар қадір-қасиетімен танылды. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет