192
1. Үйлесі -«сөз», «кез», «көз», «тез», «ез», «күйез», «мінез», «без», «жез»,
«бөз» боп, бірінші, екінші, төртінші, сегізінші, он екінші, он алтыншы,
жиырманшы, жиырма төртінші, жиырма алтыншы, отызыншы жолдарда
үйлесіп отырады; бастапқы шумақтағы а, а, б, а-ға қалған шумақтардың
соңғы жолдары түп-түгел үйлеседі.
2. Бұл өлеңдегі сегіз шумақтың бәрі де төрт жолды, әр жолы жеті буыннан
құралатын өлең болғанмен, екінші шумақтан бастап, үйлесі -в, в, в, б болады
да, қалған шумақтарының бәрі осы ізбен кетеді.
Жүрегі - айна, көңілі ояу - в
Сөз тыңдамас ол баяу. - в
Өз өнері тұр таяу, - в
Ұқпасын ба сөзді тез? - б
Әбілет басқан елер ме, - г
Сөзге жуық келер ме? - г
Түзу сөзге сенер ме, - г
Түзелмесін білген ез? - б
+ + + + + + - д
+ + + + + + - д
+ + + + + + - д
+ + + + + + - б
Қалған шумақтары да осылай өрби береді.
Алтыншы. Әрбір шумағында төрт жол бар, бастапқы жолы жеті
буынды, соңғы үш жолы сегіз буынды, үйлесі- а, б, а, б боп келетін өлең.
Желсіз түнде жарық ай, - а
Сәулесі суда дірілдеп, - б
Ауылдың алды терең сай - а
Тасыған өзен гүрілдеп. - в
Достарыңызбен бөлісу: