Жеке микробиология



Pdf көрінісі
бет17/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)

Бақылау сұрақтары (кері байланыс) 

1.  Ішек инфекциясының қоздырғышы қай тұқымдастыққа жатады? 

2.  Enterobacteriaceae тұқымдастығына қанша туыстастықтар кіреді? 

3.   Энтеробактериялардың серологиялық жіктелуіне не жатады? 

4.   E.coli қандай штаммы диареегенді деп аталады? 

5.  ШПМ – ішек инфекциясының жиі қоздырғыштары болып не табылады? 



Тақырыбы: Бактериальді дизентерияның микробиологиялық диагностикасы 

 

ШИГЕЛЛАЛАР ТУДЫРАТЫН АУРУЛАР 

Шигеллалар  өткір  жұқпалы  ауру  (дизентерия)  тудырады,  организмнің  жалпы 

интоксикациясы,  іш  өту  және  тоқ  ішектің  шырышты  қабығының  зақымдануымен 

сипатталады. Дүние жүзінде ішектік аурулар ішінде өте кең таралған ауру. Ауру бұрынғы 

уақытта «қанды іш өту« деп аталған, бірақ этиологиясы әр түрлі болып келеді. 1875 жылы 

орыс  ғалымы  Ф.А.Леш  науқас  адамнан  амеба  Entamoeba  hіstolytіca,  соңғы  15  жылда 

ауруды жан-жақты зерттеп, амебиаз деп атаған. 



17 

 

Ал  бактериалық  дизентерия  қоздырғышы  Shіgella  тұқымдас-тығына жататын  бір  топ 



бактериялар.  Алғаш  рет  қоздырғышты  1888  жылы  А.Шантемес  және  Ф.Видаль  ашты; 

1891  ж.  А.В.Григорьев  қоздырғышқа  өз  сипаттамасын  берді,  ал  1898  ж.  К.Шига  34 

дизентериямен  ауырған  адамдардың  қан  сары  суынан  қоздырғышты  тапқан.  Бірақ  одан 

кейінде  дизентерия  қоздырғыштары  тағы  ашыла  бастады:  1900ж.  С.Флекснер,  1915ж.  - 

К.Зонне, 1917ж. К. Штуцер және К. Шмитц, 1932ж. Дж.Бойд, 1934ж. Д.Лардж, 1943ж.  - 

Сакс. 


Қазіргі уақытта Shіgella тұқымдастығына 40-тан астам серотиптер кіреді. 

Морфологиясы 

Шигеллалар - қысқа грам(-) таяқшалар. (2-3х0.3-0.6 мкм). Басқа энтеробактериялардан 

айырмашылығы  -  қозғалмайды.  Спора,  капсула  түзбейді.  Эндотоксин  түзеді,  тек 

Григорьев-Шига шигеллада экзотоксин бар. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет