Жеке микробиология


Ферментативтік қасиеттері



Pdf көрінісі
бет19/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Ферментативтік қасиеттері 

Шигеллалардың ферментативтік активтілігі өте жоғары. Манитті ферменттеу бойынша 

шигеллалар бөлінеді: манитті ыдырататындар және манитті ыдыратпайтындар (7-кесте). 

Шигеллалар  уреаза  түзбейді;  Фогес-Проскауэр  реакциясы  теріс;  глюкоза  және  басқа 

көміртектерді газы жоқ қышқылға дейін ферменттейді (тек Shіgella flexnerі: S.manchester u 

S.newcastle - ҚГ); лактозаны (тек Зонне шигелласы ыдыратады), адонит, салицин, инозит 

ферменттемейді,  каталаза  түзеді,  лизин-декарбоксилаза  және  фенилаланиндезаминазасы 

жоқ. ДНҚ гуанин мен цитозин деңгейі 49-53%.  

Шигеллаларда О-антигендер (жалпы Enterobacterіaceae тұқымдастық, туыстық, түрлік, 

арнайы топтық және типтес спецификасы барлар ажыратылады) және К-антигендер бар, 

ал  Н-антигендер  анықталмаған.  О-антигендері  бойынша  Shіgella  тұқымдастығы  4 

топастыға бөлінеді немесе 4 түрге, және 44 серотипке. А топастылар (Shіgella dysenterіae 

түрі) - маннит ферменттемейтін шигеллалар, 12 серотиптері бар (1-12). 

Физикалық және химиялық факторларға тұрақтылығы 

Шигеллалар  сыртқы  қоршаған  ортаның  факторларына  төзімді  болып  келеді.  Қағаз, 

мақта  маталарда  30-36  тәулікке  дейін  сақталуы  мүмкін,  құрғап  қалған  нәжісте  4-5  айға 

дейін, топырақта - 3-4 ай, суда - 0.5-3 ай, жеміс-жидекте - 2 апта, сүт және сүт өнімдерде - 

бірнеше  апта  бойы  сақталады;  шыбынның  сыртында  және  ішегінде  5  тәулік  бойы 

сақталады - дизентерия тасымалдауында эпидемиологиялық маңызы зор. 60

0

С 20-30 мин. 



өледі,  100

0

С  -  бірден  өледі,  тура  күн  сәулесі  1  сағат  ішінде  өлтіреді.  Хлорамин,  активті 



хлор және басқа дезинфектанттарға сезімтал - шигеллалар 20-30 мин. жойылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет