толыққанды азамат етіп тәрбиелеу үшін ынтымақтастық қарым-
қатынастың керек екені белгілі. Біз зерттеуімізде осы қарым-қатынас түрін
дамыту жолдарына баса көңіл бөлмекпіз. Біздің бұл көзқарасымыз халықтық
төрбиенің басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысын
қарастырған С.Қалиевтің тұжырымдамасымен қабысып жатыр. Халық
педагогикасында тәрбие ісі баланың жас ерекшелігін ескере жүргізуді талап ете
отырып: "Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай
сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала"- делінген. Осылайша,
15
баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп
санаудың өзі ғылыми педагогиканың ынтымақтастық заңдылықтарымен
байланысады [3].
Батыстық ғалым А.Фромм: «отбасындағы баланың психологиялық тепе-
теңдігі оның ата-анасымен болған жақын да эмоционалды қатынасына
байланысты» - деп көрсетсе [44], бала бойындағы невроздың болу себептерін
зерттеген ресейлік ғалым А. И. Захаров соңғы жылдары экономикалық
өзгерістер барысында тірлік етіп жүрген іскер, шешімге келгіш ата-аналар
балаға деген эмоционалды, жағымды қатынасқа немқұрайлы қарайтындарын
айтады [45].
Отбасындағы қарым-қатынас мәселесі чех ғалымдарының да назарын өзіне
аударта білді. Осы орайда И. Лангмейер мен 3. Матейчек баланың психикалық
даму мәселелерін зерттей келе, баланы айнала қоршаған әлеуметтік
құбылыстар, төрбиедегі олқылықтар, отбасындағы үлкендердің селқос
қатынасы - балада ұзаққа созылатын оқшаулану (депривация) құбылысын
тудырып, психика дамуын тежейді деп көрсетеді [46].
Ал, А.Я.Варга (1997), сәби өмірінің алғашқы жылында ата-ана тарапынан
жеткІлікті дәрежеде жылы қатынас көрмесе, бұл құбылыс ұзақ уақыт бойы ол
баланың психикалық дамуына кері ықпалын тигізеді деп көрсетеді [47].
Сонымен, отбасы тәрбиесін жақсарту мәселелері әлемдік деңгейде қаралып
келеді. Оған 1995 жылы шілдеде Қазақстанда қабылданған «Баланың құқыгы
туралы Конвенция» дәлел бола алады . Ол жерде: бала толық және үйлесімді
дамуы үшін мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп кәңіл
бөлетін отбасында өсуі керек. Сондай-ақ, бала әлі дене, ақыл-ой жағынан
толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де
ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж -
делінген [48]. Конвенцияда әрбір ата-ана жасөспірімдердІң өркениетті елдерде
қазіргі заман талабына сай бІлім алуын қамтамасыз етуге міндетті екенін айта
келіп, ол білімдер мынандай бағытта жүзеге асырылуға тиіс деп көрсетілген:
а) балалардың жеке басын, дене және ақыл-ой қабілетін дамыту;
ә) адам құқығын құрметтеу;
б) баланы өз ата-анасын сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-салтын, тілі мен
құндылықтарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеу делінсе,
Республикада 2002 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы заңның 24 бабында - ата-ана баланы тәрбиелеуге,
оны күтіп бағуға, оның әл-ауқатының қамқорлығына, тұрғын үймен қамтамасыз
етуге міндетті,- деп көрсетілғен [49].
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерін
Л.А.Венгер баланың ойын әрекетімен байланыстыра қарайды. Ойын барысында
жүргізілген қарым-қатынас бұл кезде әлеуметтік қатынастар мектебі болып
табылады. Себебі, ойын өрекетінде қарым-қатынас жасау арқылы бала өзгенің
көңіл күйіне ортақтасып, мінез көнгіштігін түсіне бастайды [50].
Ал, А.В.Запорожец, Я.З.Неверовичтер тек отбасы жағдайында, жағымды
қатынастар негізінде ғана мектеп жасына дейінгі бала тәртібінде
16
айналасындағы үлкендер, кұрбыларына деген көнгіштік, аяушылық, өзгелердің
әрекетіне баға беру сияқты эмоционалды тәжірибе қалыптасады деп көрсетеді.
Ғалымдардың ойынша, отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада
жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше
жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-
күйше, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді [20].
М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова өздерінің қарым-қатынас генезисінің
тұжырымдамаларында қарым-қатынасты баланың тұлға болып қалыптасуының
басты белгісіне жатқызып, оны тұлға мазмұнының құрамдас бір бөлігі ретінде
қарастырады [10,19].
Осылайша, шет елдік, отандық зерттеулер тек, қарым-қатынас барысында
ғана баланың ішкі әрекетінің дамуы (А.В.Балбачан, Г.И.Капгель), эмоционалды
жай - күйінің сферасы (А.И.Сорокина), баланың танымдық белсенділігі
(Е.О.Смирнова), ерік - жігері (Г.И.Капчель, Е.О.Смирнова) өзіндік сана мен
өзін бағалауы (Н.Н.Авдеева) т.с. жүзеге асыратынын көрсетті.
Адам өзінің пайда болу сәтінен бастап, белгілі бір тіршілік ортасында өзара
әрекеттестікте болады: сол жерде ол дамиды, оқып, білім алады, аталған
әлеуметтік ортасын жаңартып, өзгертеуге қабілеті бар қайталанбас тұлғалық
сапаларды меңгереді.
Осы аталған тіршілік ету ортасы баланың психикалық дамуына әсер ететін
параметрлер спектрін құрайды. Атап айтсақ: индивидтің өмір сүретін нақты
ортасы, ол ауылдық жер немесе үлкенді-кішілі қала болуы ықтимал, сол
жердегі тіршілік ету тәртібі, адамдардың қарым-қатынасы, салт-дәстүрлері.
Соңғы жылдары бала тәртібі, мінез-құлқының дамуына отбасындағы бөлме
саны, бөлмедегі балаға арналған аймақтың болу, болмауы да әсер ететіндІгі
көрсетіліп жүр. Дәлірек айтсақ, бала ұзақ уақыт бойы өзіндік аймақсыз
жағдайда, яғни аймақтық оқшаулануда болмаса, ол әлсіз, дәрменсіз күйде
болғанға үйренеді, бұл құбылыс «үйретілген дәрменсіздік» нөтижесі деп
аталады [51].
Сонымен, нәресте туған сәтте, жаңа олеуметтік, психикалық өлшемдерге
тап болғанымен де, ол әлі де болса көпке дейін ментальды симбиозды күйде
болады. Бұл туралы Ж.Пиаже өзінің психика дамуының кезеңдік
тұжырымдамасында, алғашында нәресте өзін ортамен біртұтас күйде сезінеді,
бала өзінің дара, дербес тұлға екенін тек 2-3 жасқа толғанда түрлі әрекеттер
орьшдап, өзіндік «Мен» бейнесін түсіне бастағанда ғана сезінеді деп көрсетеді
[52].
Ол «үлкен болуды» армандайды, арманын тез іске асырғысы келеді. Бірақ,
баланың «үлкен болу» тілегі мен мүмкіндігі сай келмейді. Сондықтан, бала
өзінің талап - тілегін үлкендерге қарсы кояды. Үлкендер рұқсат етпеген нәрсені
әдейі жасап, өзінің үлкендігін, тәуелсіз екенін, күштілігін көрсеткісі келеді.
Бала тәртібіндегі бұл өзгерістер үлкендер тарапынан ұйымдастырылған
эмоционалды қарым-қатынастар нәтижесінде орындалады. А.Г. Рузскаяның
айтуынша: эмоционалды терең байланыс сәби мен ата-ана арасында сөздің пайда
болып, дамуының ең маңызды шарты болып табылады [53].
17
Себебі, эмоционалды қарым-қатынас өздігінен сөзді қажет етпесе де, сөздің
дамуының екі жолын қалыптастырады: біріншіден, сәби үшін үлкендермен
қарым-қатынаста бостандық, теңдік, еркіндік жағдайы баланың белсенділігін
арттырады, екіншіден, үлкендермен қарым-қатынас жасауға қызығушылық
сәбиді сөзге дегенде ыждағатты болуға итермелейді.
Алғашында, үлкендермен вербальды емес коммуникация - түрлі қимыл-
қозғалыстар, ым-ишарат арқылы қарым-қатынасқа түскен баланың сөйлеу тілі
үш жастан бастап қалыптасады. Бала тілі дамуының сензитивті кезеңі 1-3 жас
аралығы екенІн ескерсек, сөздік қарым-қатынастың тапшылығы бала
психикасының дамуына теэкеу болатьшы көрінеді. Осы кезде нәресте
үлкендермен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болмаса, ол деградацияға
ұшырап, соңында жалпы дамуы тоқтауы мүмкін. Эмоционалды қатынастың
тапшылығы қайтпас нәтижелер береді. Керісінше, эмоционалды қарым-
қатынастың дер кезінде, қажет мөлшерде жүргізілуі - балада үлкендер әрекетіне
еліктеу қабілетін тудырып, сөйлеуге деген ынтасын қалыптастырады.
Көп жағдайда баланың алғашқы сөздері үлкендердің сөздеріне ұқсамайды.
Баланың өз ойын білдірудегі қолданатын сөзін, «автономды сөздер» деп
айтады. В.С. Мухина баладағы «автономды сөздердің» пайда болуының үш
жағын көрсетеді. Біріншіден, автономды сөздер - баланың анасы, тәрбиешісі
қарым - қатынаста жиі қолданып, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан,
балаға қолайлы ойдан шығарылған сөздер. Мәселен: ав - ав - бұл күшік, пи - пи
- бұл машина т.с.с. Екіншіден, автономды сөздер - бұл, баланың бұрмалаған
сөздері. Дыбыс артикуляциясын толық меңгермеген бала сөйлеуде, еріксізден
сөздің дыбыстық түрпішінін өзгертіп айтады. Мәселен: трактор - тыактр,
балапан - бапан тх.с.
Үшіншіден, бала автономды сөздерді өздігінен ойлап та қолданады.
Мәселен: вилка - ибы, сүт - фа, руль - ули т.б. 2, 5 - 3 жаста байқалатын бала
тіліндегі бұл сөздерді дұрыс тәрбие мен үйретулер арқылы жоюға болады,
керісінше, үлкендер бұл құбылысты қызықтап, қолдаса, баланың автономды
сөйлеуі ұзақ уақыт бойы байқалуы мүмкін [30]. Осы кезде үлкендер өз
тарапынан балаға әдепті мінез-құлық көрсетіп, оның бойында көрініс тапқан
өзгерістерді байқап, бала мүмкіндігін ескерІп, іс-әрекеті мен сөйлеуін
басқарып, бағдар беруі тәрбиедегі қиындықтарды азайтады.
Жасқа жас қосқан сайын балада жаңа сұраныстар мен қажеттіліктер пайда
болады, өзін қоршаған заттар мен құбылыстардың мәнін түсінуге деген
ұмтылыстары арта түседі. Ата - ана осы кезде баланың ішкі сезІмдерін реттеп,
жағымды қатынас ұйымдастырмаса балада айқайлау, заттармен ойыншықтарды
лақтыру, қирату сияқты теріс қылықтар пайда болуы мүмкін. Баламен қарым-
қатьшаста отбасындағы ата-ана әр іс-қимылға тиісті баға беруді үйретулері
керек. Отбасында жақсы деген не, жаман деген не екенін ұққан бала әдептілік
ережелерін де сондайлық ерте түсінеді. 4-6 жаста балада өзіндік сана-сезім
қалыптасады. Осы кезде ол өзіне-өзі жоғарғы баға бергенді ұнатады.
М.И.Лисина баланың өзіндік сана-сезімінің дамуын бақылау барысында, мектеп
жасына дейінгі балада өзіндік сана отбасындағы тәрбиеге байланысты деп
18
көрсетеді [21]. Осыған дейін орындалып жүрген баланың манипуляциялы,
бейберекетсіз қимылдары сөйлеудің пайда болуымен саналы әрекетке айнала
бастайды. Бұл жайында А.Н. Леонтьев, бала қандайда бір іс-әрекетке тікелей
қатысуының нәтижесінде оның өмІр тәжірибесі, тәртібі қалыптасады деғен
қорытынды жасаған [54].
Бес-жеті жасқа толған сәби өзіне тән мінезі, талғамы, дағдысы қалыптаса
бастаған кішкентай адам. Әйтсе де, сәбидің өзіндік қасиеттерінің бұдан
бұлайғы қалыптасауы нақ осы мектеп жасына дейінгі шағында үлкендердің
өзара қарым-қатынасы, өзара түсіністігі барысында дәйектеліп сіңеді. Бұл
кезеңде мінез-құлқындағы, айналадағы ортаны ұғынудағы, тілінің, әрнәрсеге
бейімі мен икемінің жетілуі сияқты алуан түрлі өзгерістер байқалғанымен, олар
кенеттен емес, біртіндеп қалыптасады.
Бала бес жасқа қарай күрделі сөздер құрап, көргені, естігені жайында
әңгімелеуге құмар келеді. «Балбөбек» бағдарламасы бойынша бес жасқа
қараған балаларда адамдарға, құбылысқа тұрақты қатынасын байқататын
сезімдер жинақтала бастайды, айналасына пайдалы болуға, біреудің қажетіне
жарауға талпынады, құрдастарына деген достық қатынасты байқатады, өзінің
тілегін үлкендердің талабына бағындыра білуі, тапсырылған іске
жауапкершілікпен қарау сезімінің бастапқы нышаны қалыптасады деп
көрсетілген [8].
Мектеп жасына дейінгі шақ -баланың адамдар арасындағы қарым-
қатынасты танып - білетін кезі. Осы кездеғі жетекші әрекет болып табылатын
сюжетті-рөлді ойындар бір жағынан ойын әрекеті, екінші жағынан - алғашқы
«қарым-қатынас мектебі» арқылы бала дұрыс қатынас жүргізуді үйренеді. Бала
осы кезде қоғамда қабылданған әдеп ережелерін меңгере бастайды.
Ол өзінің қоршаған адамдардың қимыл-өрекетін моральдық қағидалар
тұрғысынан бағалауды үйреніп, өз тәртібін де осы қағидаларға бағындыра
бастайды.
5 жаста бала басқа адамдардың, әсіресе көркемшығарма кейіпкерлерін,
құрбыларының қимыл әрекеттеріне жағымды-жағымсыз баға бере бастайды.
Отбасындағы ата-ана, балабақшада тәрбиеші баланың адамгершілік
дамуына кедергі болып табылатын пайдақорлық, атаққұмарлық, өріскелдік,
дөрекілік, жалқаулық, беймазалық сияқты құбыластырдың алдын ала білулері
тиіс. Осы кезде, баланың айналасындағыларға деғен эмоционалды қатынасы,
бағалауы жіктеліп (дифференцияланып), ол бағаны қимыл-өрекеттің
нәтижесіне ғана емес, мотивіне де қарай бере бастайды. 4-6 жаста баланы
жақсылық, жамандық, достық т.с.с. мәселелер де толғандыра бастайды.
Осы кезде, бала таңдаулы болса да айналасындағылармен қарым-қатынаста
әдеп ережелерін сақтап, өзіне ұнайтын балаға көмектесіп, ойыншығымен
бөлісіп, жаны ашығандарға мейірім таныта алады. Осы кезде бала іс-әрекет
саласында құрдастарына көмектесіп, жалпы мақсатқа жетуге бағытталған
әрекетін достарымен келісіп, бірлесіп істей алады. Ол кітап оқып бергенді
қатты ұнатады .«Ол не?», «Бұл не?» деген сұрақтар қою, тілі жаңа шыққан
баланың әдепкі дағдысы. Ол бәрін білгісі келеді, ой елегіне салып байқайды.
19
Көп ретте ол бір рет қойған сұрағын бірнеше рет қайталап сұрай беретіні де
болады. Ата-ана осының бәріне шыдамдылықпен қарап, өзІн бірқалыпты
ұстап, сәбидің қойған сұрақтары, назар аударған нәрсесінің бәріне мұқият
қарап, ықыласпен түсіндіруі дұрыс болар еді.
Бес-жеті жастағы баланың көңіл-күйлері сезімтал келеді. Отбасындағы
ұсақ-түйек жайсыз қылықтардан оның ыңғайсыз мінезі қалыптасады. Бала
жастайынан «рұқсат етіледі» және «рұқсат етілмейді» деген ұғымды жақсы игеруі
керек. Бұл жастағы баланың сөз қоры өте жылдам өскенімен, ол әр балада әр
түрлі дөрежеде болады. Ш. Бюлер зерттеулері бойынша екі - төрт жас
аралығындағы баланың кейбіреуі -2346 сөз білсе, кейбІреуінІң білетіндері - 598
ғана сөз [55].
Реті келгенде ата-ана баланы табиғат құбылыстарымен таныстырып қажетті
түсініктер бергені абзал. Бала өмірінің бесінші жылы мектепке дейінгі кезеңнің
бастамасы болып есептелінеді. Осы кезде баланың тіл белсенділІгі артып, сөздік
қоры күрделене түседі. Ішкі ойын сыртқа жаңғыртуда жәй сөйлемдермен бірге
күрделі сөйлемдерді де қолдана бастайды.
Көп жағдайда бала тілінде зат есімдер етістіктермен алмастырылады.
Мәселен: - ол қойды, ол көрді, ол айтты - деген сәзі баланың атасы жайлы
әңгімелеп тұрғанын білдіредІ. Үлкендер бала тілін күнделікті тұрмыста, серуен
кезінде кеңейтіп, белгілі заттың аталуын ғана емес, сол заттың немесе
құбылыстың жекелей бәлімдерін, түр-түсінің аталуын үйретулері тиіс. Осы
кездегі балаға қойылған «бұл не?», «бұл кім?», «неден жасалған?» т.б. оны
дұрыс ойлауға итермелейді. Бес жаста бала тілі экспрессивті, қысқа болады. Бала
сөзі осы кезде түрлі қимыл-қозғалыстармен толықтырылады. Төрт-бес жастағы
баланың сөзі өзіне өзі бағытталған эгоцентрлі болады.
Жоғарыда сөз болған Ж. Пиаже тұжырымдамасына сәйкес баланың сөйлеуі
мен ойлауындағы эгоцентризм жеті жастағы әлеуметтену үрдісімен бірте-бірте
жойылады. 4-6 жастағы бала қоршаған әлемді өзінің жалғасы ретінде қабылдап,
заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты толық түсіне бермейді.
Мәселен: әжесімен телефон арқылы тідесіп отырған бала: «Әже, қарашы, менің
машинам қандай үлкен!» - дейді [52].
Бес жасар баланың сезімталдығы, көңіл-күйі, ырқымен кетуі басым болса
айналасындағыны көріп-біліп төжірибе алған сайын оның ойлау қабілеті де, тілі де
жетіле түседі. Ол көрген-білгендерін салыстырып, бір затпен келесі заттың
ерекшеліғі мен ұқсастығын пайымдап, ой түйе бастайды. Бұл туралы
«Балбөбек» бағдарламасының «баланың жас шамасына сай даму
ерекшелІктері» атты тарауында: алты жасар балалардың үлкендермен және
құрдастарымен арадағы қарым-қатынасы күрделеніп, іс-әрекеттің мазмұны мен
түрпішіні жоғарылайды. Сюжетті-рөлдік ойындарда олар адамдар арасындағы
қарым-қатынасты, қоғамдық өмірдің түрлі оқиғаларын бейнелейді. Ұйымдасқан
түрде бірлесіп ойнау барысында балалардың өзара қарым-қатынас жасау
дағдылары (жақсы, жаманды ажырату, жақсыға еліктеп, жаманнан жирену т.б.)
қалыптасады делінген [8].
Мектеп жасына дейінгі баланың тіл дамыту мәселесімен айналасып жүрен
20
ғалым А.Бақраденова, балабақшадағы қазақ тілі сабақтары бастапқыда сөздік
жұмыстарынан басталып, дыбыстарды дұрыс айтуға бағытталуы керек,
балаларды қазақ тілінде қарапайым, құрылымы жеңіл сөйлемдер құра білуге
үйрету, олардың байланыстырып сөйлеуінің бастамасы болып табылады дейді
[56].
Әр баланың жаратылысы әр басқа. Бір шаңырақта тәрбиеленіп
жатқанымен бір балаға екінші бала ұқсамайтыны белгілі жәйт. Бұлай болатын
себебі: әр баланың жоғарғы жүйке қызметінің өзіндік бітіміне байланысты,
мұндай ерекшелік адам бойына туа бітеді және ғұмыр бойы сақталады. Бір
отбасында туып, тәрбиеленген баланың жағдайлары ортақ болса да, оларда
бірдей әлеуметтік орта болмайды.
Ата-ананың балаға деген қатынасы, отбасында келесі бала туғанда өзгеріп
отырады. Бұл туралы баланың тұлға болу үрдісін қарастырып жүрген А.Адлер
отбасындағы бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас, балалардың туу
ретіне байланысты қалыптасатынын айтады. Адлер тұжырымдасына сөйкес,
отбасындағы бірінші бала лидер болуға бейім, қарым-қатынаста отбасы
бағдарын сақтауға тырысады. Ал, отбасындағы кенже бала ата-ананың ғана
емес, аға-қарындастарының назары мен қамқорлығында бола тұра, тәуелділік
барысында толыққанды емес күйде болады. Бұл тұрғыда қазақ халқында
басқаша үрдіс қалыптасқандығын айта кетейік. Ата салты, дәстүрі бойынша
кенже бала - шаңырақ иесі деп танылып, оған үлкен жауапкершілік артылған.
Бұл жағдай көбіне ауылдық жердегі көп балалы отбасында сақталғанымен де,
қалалық жерде көбіне сақтала бермейді.
М.И. Лисина, Қ.Т.Шериазданова өздерінің қарым-қатынас генезисі
тұжырымдамаларында бала туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықта
үлкендермен төрт түрлі тәсілдегі қатынаста болатынын көрсетіп, олардың
әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін ашатынын жоғарыда көрсетіп кеттік.
Енді толығырақ тоқталып өтейік. Қарым-қатынастың біріншісі туғаннан бір
жасқа дейінгі бала мен үлкендер арасындағы ~ жағдайға байланысты жеке
Достарыңызбен бөлісу: |