Бес-алты жасар бала қарым-қатынасты өзі дербес ұйымдастыра алады. Бұл
кезде бала ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтып, дауыс ырғағын меңгеріп,
өзіне қойылған сұрақтарға түсінікті жауап қайтара алады. Бұл туралы отандық
ғалым Б.Баймұратова да өз пайымдауын айтады. Ол алты жастағы балалардың
тілін дамытуда байланыстырып сөйлеуге үйрету басты орын алады, ал
байланыстырып сөйлеуді дамыту сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу ісімен
де тығыз байланысты деп көрсетеді [57].
2-кесте М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова көрсеткен баладағы қарым-қатынас