Баланың жасы
Жас кезеңдер Қарым-қатынас
тәсілдері
Қарым-қатынаста қажет
қосымша әрекеттер
1 жасқа дейін
Нәрестелік кезең
Жағдайлы - жеке
тұлғалық қарым-қатынас
Айналасындағы адамдардың
мейірімді сезімдерін
қажетсіну
1 - 3 жас
Ерте сәбилІк кезең Жағдайлы - іскер қарым-
қатынас
Ортақ әрекеттерді қажетсіну
3-4 жас
Төменгі мектепке
дейінгі шақ
Жағдайдан тыс танымдық
қарым-қатынас
Танымдық қажеттілік,
үлкендердің құрметтеуін
қажетсіну
5 - 6 жас
Жоғарғы мектепке
дейінгі шақ
Жағдайдан тыс жеке
тұлғалық қарым-қатынас
Өзара түсіністік пен
ынтымақты қажетсіну
Баланың тілінің таза шығуымен қатар осы кезде ойлаудың ең жоғарғы
формасы - сөздік ойлауы белсенді дами бастайды. Баланың орындаған барлық
іс-әрекеті мақсатқа байланысты бола бастайды. Отбасында ата-анасымен
жүргізген өзара қарым-қатынас барысында туғаннан жеті жасқа дейін бала:
■ ана тілін меңгеріп, сол тілдің грамматикалық формаларын
ажыратады, белгілі сөз қоры пайда болады;
■ күнделікті тұрмыста, қарым-қатынас барысында балада өзін
айнала қоршаған әлемді танып-білуге деген қызығуы пайда болады;
■ сөйлеушінің сөзін тындау және тыңдаушының сөзінің д ұрыс
болуы сияқты сөйлеу формалары қалыптасады.
Осы аралықта бала тіршілік әлемінің саы түрлі құпияларын түсініп, сауат
ашудың алғашқы сатысын бастайды. Бұл кезде бала шешендік өнерінің
қарапайым белгілерімен танысып, ішкі ойын мәнерлі сыртқа бейнелеуді
үйренеді. Сурет, ойыншықтар бойынша шағын әңгімелер құрайды. Мектеп
жасына дейінгі бала психологиясымен айналысып жүрген ағылшын ғалымы
Д.Лешли, өзінің 1991 жылы жарық көрген алғашқы «Кішкентай балалармен
жұмыс жүргізу» атты еңбегінде ата-ана ертегі, әңгіме айтқанды бала үшін
ұнамды іске айналдырса, сол әрекетке деген баланың қызығуы пайда болады, -
деп көрсетеді [58]. Бұл кезде баланың ситуативті, яғни жағдайлы сөйлеуі,
контексті сөйлеуге көшеді, тіл - қарым-қатынастың басты құралына айналады.
Ал, осы тілді үйрену, мәдениетті сөйлеу үлкен тәрбие мен ұзақ үйретуді қажет
етеді. Бес-жеті жастағы бала дербес әрекет орьшдауға қабілетті болғанымен, ол
ата-ананың эмоционалды қарым-қатынасынсыз тіршілІк ете алмайды.
Отандық «Балбөбек» (1999) бағдарламасында көрсетілгендей, бес-алты
жаста бала дербес әрекет пен қарым-қатынаста үлкендердің мадақтауын
қажетсінеді. Осы кезде бала өдептілік ережелерін, (қайырлы күн, сәлеметсіз
бе...) біреудің жасаған ісіне ризалық білдіруді рахмет, алғыс айтуды
23
меңгерулері тиіс [8].
Бағдарламада балаларға әдептілік ережелерін сәбилердің бірінші тобында
(екі-үш жас) меңгерту керектеғі көрсетіледі. Екі-үш жастағы бала сөз ішіндегі
дыбыстарды дұрыс айту, асықпай анық сөйлеу, үлкендердің сұрағын тыңдап,
толық жауап берумен қатар, сәлемдесу, қарым-қатынаста өдептілік сыпайылық
сақтау сияқты басқа да әдептілік ережелерін білуге тиісті екендігі көрсетілген.
Баланың қарым-қатынас мәдениеті мәселесі «Балбөбек» бағдарламасының
«Имандылық - инабаттылық тәрбиесі» бөлімІнде жан-жақты қарастырылады.
Бойында ұлттық қасиет пен сана қалыптасқан, халқының тілін білетін, рухани
байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп әсіру - бұкілхалықтық, отбасылық
міндеттердің ең жауаптыларының бірі делініп, бұл міндеттерді шешудің кей
жолдары «Адамдық - асыл мұрат» атты бағытта қарастырылады.
Ол жерде аталған тәрбие ісі собилердің бірінші тобында - тамақтану
мәдениетін үйрену, үлкендермен, құрбылармен сәлемдесу жөне қоштасу;
сөбилердің екінші тобында - бір-бірімен сыпайы сөйлесу, келісу, өзін-өзі ұстай
білудің қарапайым ережелерін сақтай білуге үйрету; естиялар тобында -
адамгершілік қарым-қатынас түсініктерін, сыпайы сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру, ал мектепалды даярлық тобында -қоршаған адамдармен,
жолдастармен қарым-қатынаста әдептілік, мәдениеттілік өнегелерін күнделікті
тұрмыста орынды қолдану шаралары қаралған. Бұл орайда, тәрбиеші халық
ауыз әдебиеті үлгілерін, тыйым сөздер, ойын-жаттығуларды пайдалана алады
[8].
Ресейде де көптеген бағдарламалар негізінде шешуін табуда. Мәселен: Ресей
білім беру министрлігі ұсынған 3-7 жас аралығьшдағы балаларды тәрбиелеу
және оқыту "Радуга" бағдарламасы (1989) тіл мәдениеті, сөздікпен жұмыс,
тілдің грамматикалық құрылымы, байланыстырып сөйлеу атты тараулардан
тұрады. Бұл жерде тәрбиеші мен баланың диалогты сөйлеуіне де үлкен мән
берілген.
Ал, Л.А.Венгер жетекшілігімен әзірленген "Развитие" бағдарламасын-да
(1995) мектеп жасына дейінгі баланың тілінің дамуы
1) көркем әдебиетпен танысу (ертегі, әңгіме оқу);
2) әдеби тілдің құралдарын меңгеру (сөйлеу мәнері);
3) көркемшығарма барысында балалардың танымдық үрдістерін дамыту
сияқты жұмыстардан тұрады.
Балабақшада
оқыту
және
тәрбиелеуге
арналған
"Детство"
бағдарламасында (1995) мектеп жасына дейінгі баланың тіл дамыту мөселесіне
арнайы тараулар арналады. Нақтырақ айтсақ, "Бала тілін дамытамыз", "Бала
және кітап" атты тарауларда баланың байланыстыра сөйлеуін, сөздік қорды, тіл
мәдениетін дамытудың жолдары қаралады [59]. Сонымен 5-7 жас
аралығындағы баланың дұрыс дамып қалыптасуында тілдік қарым-қатынастың
(әсіресе эмоционалды) алатын орны ерекше және де қарым-қатынастың дұрыс
ұйымдастырылуы - баланың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеумен байланысты екені
байқалды.
|