Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы


жасау  мен  оларды  тәрбиелеу  ата-ананың  құқығы  мен  парызы»



Pdf көрінісі
бет19/48
Дата16.06.2020
өлшемі0,77 Mb.
#73621
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
Отбасындағы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық қарым-қатынастың тиімділігі.-конвертирован

жасау  мен  оларды  тәрбиелеу  ата-ананың  құқығы  мен  парызы»  делінген. 

Ата-ананың  балаға  қатынасы,  отбасындағы  жағдай  -  бала  үшін  бір  мектеп. 

Отбасында  көрген  білгенін  бала  құрбылары  арасында,  балабақша,  мектепте, 

есейгенде  еңбек  ұжымдарында  көрсетеді.  Сол  себептен,  отбасы  тәрбиесі,  ол 

жердегі қарым-қатынастың әлеуметтік мәні аса маңызды. Ал, қарым - қатынас 

мәдениеті - сөйлеушінің сыпайылық рәсімдерІн терең біліп,оны мұқият сақтап, 

көпшілікпен  қарым-қатынаста  орынды  қолдануы. Ол адамның еркін тежемейді, 

керісінше,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  жеңілдетеді.  Қарым-қатынас 

мәдениетін  қоғамдық  орындарда  ғана  сақтау  жеткіліксіз,  адам  бұл  белгілерді 

барлық жерде: ата-анасымен, жолдастарымен, таныстарымен қарым-қатынасқа 




26 

 

түскенде  де  көрсетулері  керек.  Себебі:  мәдениеттілік  адамның  өзін  қоршаған 



ортаға,  тең  -  құрбыларына  деген  қатынастан  басталады.  Менмендік, 

өркөкіректік, қалай болса солай сөйлеу, берекетсіз жүріп-түру - әдепсіздік. 

Адамның жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі, дұрыс сөйлеуі қай жерде болсын - 

қоғамдық орында, отбасында көрінІп тұруы керек. Қашан болсын бір адаммен 

қатынас  жасағанда  тым  жеңілтектенбей,  байсалды  болған  жөн.  Өзін-өзі  ұстай 

білу,  инаббатты  болу  барлық  адамға  қажет  қасиет.  Жалпы  адамзат  тарихында 

дұрыс қарым-қатынас жасау жолдарын сонау, 551 - 479 жылдарда өмір сүрген 

қытай  философиясының  көрнекі  өкілі  Конфуций  (Куунцзы)  «Лунъ  юй»  деген 

еңбегінде де жақсы көрсетіп кеткен [57]. Қолжазбада адамдардың өзара қарым-

қатынасы  белгілі  бір  моральды  талаптарға  сай  орындалатыны  көрсетілген.  Ол 

жерде өзіңе тілемегенді өзге жанға тілеме, зұлымдық істерге өділ жауап қайтар, 

үлкендерді  жасына  қарай  сыйла,  отбасы  және  қоғамдық  қатынастарды  қатаң 

сақта, ұрпағынды пір тұт - дей келе, адамдар арасындағы дұрыс қатынастардың 

құндылығы көрсетілген.. 

Қарым-қатынас  мәдениеті  адамзаттың  ғасырлар  бойы  қалыптастырған 

белгілі  ережелерін  сақтауға  негізделеді.  Ондай  ережелерді  -  әдеп  деп 

айтамыз.  Әдеп  -  бұл  адамдар  арасындағы  қарым-қатынаста  сыпайы  болу, 

жұмсақ  сөйлеу,  оқыс  қылықтардан  аулақ  болу.  Осы  аталған  өдептілік 

белгілерін бала бойында дарытатын ең бірінші кезектегі адам - ата-ана екендігі 

туралы  алдағы  бөлімдерде  де  айтылып  кеткен  болатын.  Отбасында  балада 

қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған еңбектерде көптеген әдіс-

тәсіл,  кезеңдер  көрсетілген.  Айталық,  ресейлік  ғалымдар  С.А.Козлова, 

Т.А.Куликовалар  (1998)  қарым-қатынас  мәдениетін  тәртіп  мәдениетінің 

құрамдас  бөлігі  екендігін  ескере  отырып  мектеп  жасына  дейінгі  баладағы 

тәртіп мәдениетін төрбиелеудің үш кезеңін көрсетеді [59]. Бірінші кезең - ерте 

сәбилік  шақта  басталады,  бұл  кезде  бала  қоғам  қолдау  көрсететін  тәртіп 

түрлеріне  жаттықса,  екінші  кезеңде  -  балаға  қоршағандардан  мақтау  алу  үшін 

өзін  қалай  ұстау  қажетті  түсіндіріледі.  Бала  өзінІң  орындаған  жағымды 

тәртібіне  қанағат  болуы  тиіс.  Ал,  бала  үшін  тәртіп  ережелерін  сақтаудың 

қажеттігі үшінші кезеңде түсІндіріледі. Бұл кезде мектеп жасына дейінгі балаға 

әдеп, тәртіп мәдениеті туралы қарапайым ақпараттар беріледі. 

Келесі бір ресейлік ғалымдар ұжымы (Г.А.Урунтаева, Ю.А.Афоньки-налар) 

баладағы  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастырудың  бірнеше  жолын 

ұсынады  (1998).  Бағдарламада  қарым-қатынас  мәдениеті  балада  2-3  жаста 

басталатыны көрсетілген. Бұл кезде бала үлкендер, кұрбыларымен амандасып, 

қоштасуды, алғыс, өтініш білдіруді үйренеді. 3-4 жаста бала таныс адамдардың 

есімдерін дұрыс атау, мұқият тыңдау, тыныштық сақтау, айналасындағыларға 

кедергі  жасамау  сияқты  төртіп  ережелерін  меңгереді.  Бала  5-6  жаста 

үлкендердің  тапсырмасын  орындап,  олар  жоқ  жерде  тәртіп  ережелерін  сақтап, 

қоғамдық орындарда өздерін дұрыс  ұстауды үйренеді. Ал, 6-7 жаста бала осы 

кезге  дейінгі  үйренген  қоғамдық  орындардағы  тәртіп  ережелерін,  қарым-

қатынас мәдениетін бекітеді. 

С.В.Петерина  сөйлеу  мәдениетін  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  тәртіп 



27 

 

мәдениетінің  бір  компонентіне  жатқыза  отырып,  сөйлеу  мәдениеті  -  баланың 



қоғамдық  орындарда,тұрмыста  әдептілік  көрсету,  сөз  қорын  дұрыс  қолдану, 

жағымды қатынас жасау деп түсіндіреді. Автор мектеп жасына дейінгі баланың 

сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыруда  балабақша  тәрбиешілеріне  арналған 

бағдарлама ұсынады. Бағдарламада бала тәртіп мәдениеті әр топтағы балаларға, 

олардың  жас  ерекшеліктеріне  сай  ұйымдастыру  жоспарланған.  Атап  өтсек, 

бірінші сәбилер тобында баланың тәртіп мәдениетін топтық ойын-жаттығулар, 

ойын-сабақтар  ("Әр  заттың  өз  орны  бар",  "Көңілді  шеберхана",  "Қуыршақты 

шомылдыру")  арқылы  қалыптастыру  көрсетілсе,  екінші  сәбилер  тобында 

тәрбиеші  баланың  тәртіп  мәдениетін  тәрбиелеуде  оның  көшеде,  отбасында, 

балабақшада ұйымдастырылған әдепті қарым-қатынасына ерекше назар аудару 

керектігі  туралы  айтылады.  4  жаста  балада  дербеегік  сапасынын 

қалыптасатынын  ескере  отырып,  осы  кезде  тәрбиеші  бала  тәртібінде 

сезімталдық,  зейінділік,  әдептілік  сияқты  жеке  тұлғалық  қасиеттердің 

орнығуына  да  аса  назар  аударуы  тиіс.  Орта  топта  тәрбиеші  бала  назарын 

үлкендерге, туыс адамдарына аударта отырып, сол адамдарға деген сый-құрмет

қамқорлықты  төрбиелейді.  Ересектер  тобында  баланың  қарым-қатынас 

мәдениетін  қалыптастыруға  негіз  болатын  бір  жылда  5-7  рет,  ұзақтығы  20-25 

минутқа  созылатын  этикалық  әңгімелесулерді  ұйымдастыру  жоспарланады. 

"Әр қашан да әдепті бол", "Қоршаған адамдарға куаныш әкел", "Менің досым", 

"Әдептілік  ережелерін  үйренеміз"  т.с.с.  тақырыптағы  әңгімелесулер  арқылы 

балада  тәртіптің  адамгершілік  мотивтерін  қалыптастыруға  болады.  Баланың 

қарым-қатынас  мәдениеті  тәрбиешінІң  ата-ана  мен  бірлескен  әрекетімен 

жүзеге  асады.  Автор  бұл  жайды  ескере  отырып  мектепке  дейінгі  мекеме  мен 

отбасының  өзара  ынтымастығын  орнату  мақсатында  топ  бойынша  ата-аналар 

жиналыстарын, кеңес беру, ата-аналар семинарларын ұсынады. 

Отандық  ғалым  Ү.И.Ауталипова  (1996)  мектеп  жасына  дейінгі  баланың 

тілдік  мәдениетін  отбасында  ата-ана  газет-журнал,  кітап  оқу,  ертегі-

әңгімелер  тыңдау,  кино,  театр,  музей,  көрмелерге  бару  арқылы 

қалыптастыруға  болады  дей  келе,  ата-аналарға  белгілі  ережелерді 

ескеруді ұсынады. Автор ұсынған бағдарламада: 

- ата-аналарға әдебиет таңдауда бала жасын ескеру

-  тамашаланған  теледидар  бағдарламаларын  баламен  бірлесе 

талқылау; 

-  қарым-қатынаста  баланың  қимыл-қозғалысына,  жүріс-тұрысына  назар 

аудару; 

- ата-ана, үлкендерге құрмет көрсету

-  қарым-қатыста  ата-ана  өзіндік  сөйлеу  тіліне,  сөйлеу  мәнеріне  көңіл  бөлу 

сияқты мәселелер атап өтіледі [12]. 

Жоғарыдағы  көрсетілген  теориялық  жағдайлар  негізінде,  біз,  сөйлеу 

мәдениетіне өзімізше анықтама беруге тырыстық. Сонымен,  сөйлеу мәдениеті 



бұл  –  қогамдық    қажеттіліктер  негізінде  қарым-қатынастан  туатын  әр 

адамның  білім,  тәрбие  және  әлеуметтену  деңгейін  көрсететін,  тәртіп 

мәдениетінің  құрамдас  бөлігі.  Ол  өте  ертерек,  баланың  пренатальды  даму 


28 

 

кезеңінде  басталып,  оның  мектепке  дейінгі  жас  шамасында  аса  қарқынды 



жүреді. 

Сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыруға  арналған  зерттеулер  негізінде 

(Т.А.Урунтаева,  С.В.Петерина  т.б.),  біз  4-6  жас  аралығындағы  балалардың 

сөйлеу мәдениетінің қалыптасу өлшемдері мен көрсеткіштерін белгілеп, келесі 

4 кестеде көрсеттік. 

Мектеп 


жасына 

дейінгі 


балалардың 

қарым-қатынас 

мәдениеті 

қалыптасуының  деңгейлерін  анықтау  мақсатында  кейбір  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын  талдап,  лингвист,  әдіскер  Х.М.Махмудов  зерттеулеріндегі 

сөйлеу  мәдениеті  критерийлері,  С.В.Петерина  белгілеген  тәртіп 

мәдениеті  деңгейін  басшылыққа  ала  отырып,  отбасындағы  ата-ана  мен 

мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін меңгерудегі үш 

(жоғары,  орта,  төмен)  деңгейін  анықтадық.  Кез  келген  әрекет  қарым-қатынас 

әрекеті  де  үш  компоненттен  тұрады.  Біздің  анықтамаға  сәйкес,  қарым-

қатынастағы  білімділік,  негізінен  мотивациялық,  танымдық  және  эмоциялық-

еріктік компоненттерІнен көрінсе, баланың тәрбиелігі мен әлеуметтену деңгейі, 

көбіне адамгершілік сапаларында көрініс табады. 

4  кесте.  Мектеп  жасына  дейінгі  (5-7  жастағы)  балалардың  сөйлеу 

мәдениетінің қалыптасу өлшемдері (критерий) мен көрсеткіштері 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет