Баланың тұлға
болуына әсер етуші
факторлар
Баланың
әлеуметтену
үдерісіндегі
микроорта
Макроорта
Халықтық
салт-дәстүрлер
негізіндегі отбасы
тәрбиесі
3 - сурет. Жеке тұлғаға әсер етуші факторлар
Жоғарыда керсетілгендей, бүгінгі таңдағы төрбиедегі ата-ана рөлін көбіне
теледидар, компьютер алмастырған. Ол білім беруші, тәрбиелеуші әрі серіктіруші
қызметтерді атқарады. Теледидар бала өмірін қызықты етіп қана қоймай, оның
интеллект, эмоция, сезіміне де әсер етуі тиіс. Сонымен қатар көгілдір экранның
зиянды жақтары да бар. Дәрігерлердің айтуынша ұзақ уақыт бойы теледидар
бағдарламаларын тамашалау - баланың жүйке жүйесіне, естуі мен көруіне зиян
тигізіп, оның күн тәртібінің бұзылуына әкеледі. Негізінен мектепке дейінгі
жастағы бала теледидарды аптасына шамаман 2,5 - 3 сағат көруі керек екендігі
анықталған.
Қазақ отбасында аталған мәселенің қандай деңгейде орындалуын анық-тау
мақсатында ата-аналар мен балалар арасында төмендегі мазмұндағы сауалнама
жүргізілді.
Зерттеу
Түркістан
қаласы
мен
Шәуілдір
ауылындағы
балабақшалардың ересектер тобында (5-6 жастағы балалар) орындалды.
Зерттеуге 30 бала, 25 ата-ана қатысты. Тәжірибе барысында ата-аналарға:
1 Балаңыздың аса қызығып көретін бағдарламасын атаңыз
2 Бала тәрбиесінде теледидардың рөліне қандай баға бересіз?
ал балаларға:
1 Сен теледидардан қандай бағдарламаларды көргенді ұнатасың?
2 Сен ата - анаңмен бірге қандай бағдарламаларды тамашалайсыңдар?
34
- деген сауалдар қойылды.
Сауалдама жүргізу барасында зерттеуге қатысқан барлық 25 ата-ананың
басым көпшілігі баласының қандай бағдарламалар көретіндерінен бейхабар
екендігін байқатты (55%). Зерттеуге қатысқан 30 баланың, 18-інің берген
жауаптарынан олардың өздері көрген теледидар хабарларынан алған әсерлерін
ата-анасымен емес, құрбыларымен бөлісетіндіктерін көрдік (60%). Осы орайда,
А.Л Венгердің балаға тәрбиеде толық еркіндік берген ата-ана да, шамадан тыс
қамқорлық гиперопека жасаған ата-ана да үлкен қателік жібереді дегенін айта
кету керек [31]. Бұл қазіргі ата-ананың бала психологиясын жете білмеуінен
байқалады, яғни ата-ананың психологиялық тұрғыдан сауаттылығының төмен
деңгейін көрсетеді.
Кейбір ата-аналар тұрмыс жағдайларына байланысты таңертең
баласын балабақшаға әкеліп, тәрбиешіге табыс етіп, кешкісін алып кетіп
жүргені болмаса, күні бойы баласы нендей әрекетпен айналысады, қандай
тәрбие алады деген мәселелерге көп көңіл бөле бермейді. Ондай ата-аналар
баласының бір жерін жарақаттап алмауын, қарны тоқ болғанын ғана қалайды.
Бұл көріністердің алдын алу үшін отбасындағы ата-ана мен баланың өзара
қатынасын үйлесімді ету керек. 5-7 жастағы баламен жұмыс жүргізуде, осы
кезде байқалатын бала тәртібіндегі ерекшіліктерге де зейін салу керек. Ол
ерекшеліктерге - бір балада ерте, бір балада кеш байқалатын «7 жастағы
дағдарыс»
жатады.
«Дағдарыс»
мәселесі
көптеген
психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерде жан-жақты қаралады.
Бұған мысал келтірер болсақ:
В.С.Мухина: «... бала психикалық бейненің қандай да бір негізгі белгілерін
ұзақ уақыт бойы сақтағанда дамудың бІршама баяу, бірте-бірте өзгеретІн
кезеңдері және ескі психикалық белгілердің құрып бітуімен, сондай-ақ жаңа
белгілердің пайда болуымен байланысты, кейде баланы неғұрлым тез,
секірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі даму
дағдарысы деп аталады» [30], десе, психологиялық сөздікте: «Жас
дағдарыстары бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өтудің шартты атауы ...»
[61] деп көрсетілген.
Отандық жас ғалым М.П.Оспанбаева «Мектепке психологиялық даярлық
диагностикасының ғылыми негіздері» - атты зерттеу жұмысында «дағдарысқа»
өзінше анықтама береді: «Дағдарыс - бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өту
барысында, ағзадағы физиологиялык өзгерістерге психиканың өлі де бейімделе
алмауы салдарынан, жеке адамның жаны мен тәні арасында ішкі
қайшылықтардың туындауы себепті, мінез-құлықта оғаш қылықтардың етек
алуы».
Біздің зерттеуіміз қазіргі отбасындағы ата-аналардың бала тіршілігіндегі
«дағдарыс» мәселесі туралы мүлде аз мөлшерде білетіндерін көрсетті.
Қазіргі психология мен педағогика қарым-қатынасқа түскен индивид, ең
алдымен өзінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыратынын айтады.
Баламен қатынас жүргізетін ата-ананың бәрінде дерлік педагогикалық қабілет
бола бермейді. Осы көрсетілген отбасы тәрбиесі, ол жердегі қатынастардың
35
бұзылуына әкеледі. Отбасы қарым-қатынасының дұрыс ұйымдастырылмауы
жеке тұлға деформациясы - баланың қарым-қатынас мәдениетінің бұзылуына
әкеледі. Нәтижеде бала тәртібінде диссонанс (үйлеспеу), дезадаптация
құбылыстары пайда болады. Біз мектепке дейінгі педагогика саласында бала
тілінің, қарым-қатынас мәдениетінің даму барысын тексеріп, зерттеу мәселесі
толық шешілді деп айта алмаймыз. Баладағы қарым-қатынас мәселесін тиімді
ұйымдастыру үшін үлкендер бала тілінің даму деңгейін жақсы білуі қажет.
Құрбыларымен, ересектермен сөйлесе білу, мәдениетті қарым-қатынас
жасауды В.К.Котырло жүйелі, бірізді, жоспарлы түрде ұйымдастыру керек
деп көрсетеді. Балаларға қарым-қатынас, тәртіп мәдениетін көпшілік ортада
ғана емес, жалғыз қалған кезде де сақтау қажет екенін түсіндіру керек. Бүгінгі
ата-аналар үшін бала психологиясы, қатынас жүргізу жолдары туралы
әдістемелер ауадай қажет. Олар отбасы төрбиесіндегі қателіктердің алдын алу
немесе түзету жайында да ғылыми ақпараттар алулары тиіс. Ата-ананың балаға
қатал ескертулер айтумен ғана шектелуі жеткіліксіз.
Ата-аналардың
психологиялық
сауаттылығының
практикалық
жолдарын іздестіруші В.Л.Леви - балалардың "аса сенушілігін" ескере отырып,
оларға сен: жалқау, қорқақ, ақылсыз, надан т.т. сол сияқты сөздерді айтудаы
көрі, сен: ақылды, пысық, әдемі - деген сөздерді көбірек айту пайдалы деп
көрсетеді. Бала осы айтылған сөздерге сеніп қалуы мүмкін. Кейде қазақ
отбасында: " Сен де адам болар ма екенсің?" - деген сауал кездеседі, яғни ол -
баланың күшіне, ақылына, ерік-жігеріне т.б. күмән келтірушілік болып
табылады. Баланы бағалағанда, оның жеке тұлғалық қасиетін емес, өзінің
нақты іс-әрекетін ғана «сен мынаны былай істеген жоқсын» деп бағалаған
дұрыс болады.
Өзіндік үлгі-өнеге көрсете отырып, ата-ана баланың қарым-қатынасқа
түсуге деген ынталарын арттыруы тиіс. Көп ата-ана ойлайтындай қарым-
қатынас мәдениеті мен жағымды тәртіп мәнері өздігінен пайда болмайды.
А.С.Спиваковская пікіріыше, жақсы ата-ана, баласымем түсіністікте болатын,
қарым-қатынасты сауатты түрде құра білетін ата-ана. Ол үлкендерден үлкен
білімділік пен мәдениеттілікті талап етеді. Балада сөйлеу мәдениетін
қальштастыру үшін, біз ата-аналарға педагоги-калық-психологиялық
білімдерін жетілліру жолдарын жөне баламен мәдениетті қарым-қатынас
жүргізудің кейбір ережелерін ұсынып отырмыз:
■ Отбасы тәрбиесінде көзбояушылық болмау керек, ата-ана мен бала
үнемі адал сезімдер негізінде қатынас жасауы керек.
■ Ата-ана отбасы тәрбиесі жағдайында бала бойына тіл мәдениеті
қасиеттерін қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық білімін
жетілдіріп отыруы тиіс.
Бұл мәселені дұрыс шешу үшін біз төмендегі педагогикалық әдістерді
пайдалану қажет деп ойлаймыз (4 сурет).
|