Негізгі сөздер: атониялық қан кету, акушерлік қан кету, босанғаннан кейінгі қан кету.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңдағы аку шер
лік ги некологиялық көмек көрсету саласында өзекті
мәселелердің бірі ана мен бала өлімі болып табылады. Бұл
көрсеткіш төмендегідей елдерге тән:
Туу көрсеткіші жоғары;
Тұрғындардың репродуктивті және соматикалық
денсаулық деңгейінің төмендігі;
Жоғары халық саны;
Тұрғындарға төмен деңгейде медикосанитарлық
көмек көрсету;
Емдіксауықтыру мекемелерінің төмен деңгейде
құралдармен жабдықталуы.
1987 ж. ДДСҰ Қауіпсіз ана Концепциясы қа былданды.
Мақсаты ана аурушаңдығы мен өлімін төмендету болып
табылады. БҰҰ Ассамблеясы қабылдаған Мыңжылдық
Мақсат Декларациясы бойынша ана өлімін 2015 жылға
дейін
3
/
4
төмендету. ҚРның денсаулық сақтау саласын
дамытудың 20112015 жылдарға арналған “Саламатты
Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасында ана өлімжітімін
2013 ж. дейін – 28,1; ал 2015 ж. дейін – 24,5 есе төмендету
көзделген. Дегенмен, соңғы 20 жылда ана өлімі
1
/
3
ғана
төмендеді (1ші сурет).
Қазақстан Республикасында 2010 ж. акушерлік қан
кету ана өлімінің – 11,9% , 2011 ж. – 26,9%, Ана өлімі
зерттеуі бойынша 2013 жылы – 52 адам санын құраса, ал
2013 жылы – 49 адам санын құрады. Ана өлімінің жарты
сына жуығы босанғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде
орын алады.
ҚР протоколы бойынша 2013 жылғы атониялық қан кету
жағдайына байланысты осы науқасқа көмек көресетілді:
Достарыңызбен бөлісу: |