Бағдарламасы Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы


Шеткерлік  жүйке  жүйесіне  әсер  ететін  дәрілер.  Афферентті



Pdf көрінісі
бет22/44
Дата18.06.2020
өлшемі0,59 Mb.
#73915
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Байланысты:
ЖОБ Емдеу ісі 3курс каз

Шеткерлік  жүйке  жүйесіне  әсер  ететін  дәрілер.  Афферентті 

иннервацияға әсер ететін дәрілер.  

Оқу материалының мазмұны 

Жергілікті  анестетиктер  (дикаин,  анестезин,  пиромекаин,  новокаин,  лидокаин, 

тримекаин,  бупивакаин,  ультракаин).  Анықтамасы.  Жіктелуі.  Жергілікті 

анестетиктерге,  тұтастырғыш  дәрілер,  бүркеуші  дәрілер  және  тітіркендіруші 

дәрілерге  қойылатын  талаптар.  Әсер  ету  механизмі.  Қазіргі  заманғы 

анестетиктердің  салыстырмалы  бағасы  және  олардың  әртүрлі  анестезияда 

қолдану  ерекшеліктері.  Ұзақ  әсер  ететін  препараттар.  Жанама  және  уытты 

әсерлері.  Оларды  алдын-алу  шаралары.  Тұтастырғыш  дәрілер  (танин,  емес 

қабығының  қайнатпасы,  висмуттың  негіздік  нитраты,  өсімдіктен  жасалған 

дәрілер). Жіктелуі. Негізгі әсерлері және әсер ету механизмі. Органикалық және 

бейорганикалық  бырыстырғыш  дәрілердің  салыстырмалы  сипаттамасы. 

Қолдану көрсеткіштері. Жағымсыз әсерлері.  

Бүркеуіш  (қаптағыш)  дәрілер  (крахмал  шырыш)  және  сіңіргіш  дәрілер 

(белсендірілген  көмір).  Әсер  ету  принципі.  Негізгі  әсерлері,  қолданылуы. 

Тітіркендіргіш дәрілер (аммиак ерітіндісі, ментол, қыша қағазы). Анықтамасы, 

тағайындалуы. Тітіркендіргіш дәрілердің емдік әсерінің нәтижелері. Теріге және 

сілемей  қабықтарға  тигізетін  әсері,  осы  кезде  пайда  болған  рефлекстердің 

маңызы. Жеке тітіркендіргіш дәрілердің сипаттамасы, оларды қолдану.    

 

Практикалық (тәжірибелік) сабақтар.  

«Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер. Афферентті иннервацияға әсер 

ететін дәрілер».  

Афферентті  иннервацияға  әсер  ететін  дәрілердің  салыстырмалы  сипаттамасы, 

медициналық  практикада  қолданылуы. Дайын  дәрілік  препараттар  үлгілерімен 

танысу.  Есептер  шығару  Тағайындалған  мөлшерге  байланысты  дәрілік 

препараттың  мөлшерін  (  көлемін  )  есептеу.  Анықтамалық  әдебиеттерді 

қолданып 

рецептура 

бойынша 

тапсырмаларды 

орындау. 

Тестілік 

тапсырмалармен жұмыс.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет