Бағдарламасы Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет30/44
Дата18.06.2020
өлшемі0,59 Mb.
#73915
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Байланысты:
ЖОБ Емдеу ісі 3курс каз

VI-семестр 

Тақырып. 

Тыныс  алу  мүшелері  қызметіне  әсер  ететін  дәрілер.  Тыныс 

алу  қуаттандырғыштары.  Жөтелге  қарсы  дәрілер.  Қақырық  түсіретін 

дәрілер.  Бронхолитикалық  дәрілер.  Өкпенің  ісінуінде  қолданылатын 

дәрілер.

 

Оқу материалының мазмұны



 

Тыныс  алу  стимуляторлары



  (беймигрид,  кофеин-  бензоат  натрий,  этимизол, 

кордиамин,  цититон)  Тыныс  алуды  стимуляция  жасайтын  дәрілердің  әсер  ету 

механизмдері.  Салыстырмалы  сипаттамасы.  Этимизолдың  әсер  ету 

ерекшеліктері.  Жағымсыз  әсерлері.  Қолдану  көрсетімдері.  Жөтелге  қарсы 

дәрілер (кодеин, глауцин гидрохлориді, либексин) Орталық (наркотикалық және 

наркотикалық  емес)  және  перифериялық  (шеткерлік)  әсері  бар  дәрілік  заттар. 

Жөтелге  қарсы  дәрілерді  қолдану.  Дәріге  тәуелділіктің  даму  мүмкіншілігі. 

Қақырық  түсіретін  дәрілер



  (термопсис  шөптерінің  тұндырмасы,  калий  йодиді, 

кристалдық  трипсин,  бромгексин,  амброксол).  Жіктелуі.  Рефлекторлы  және 

резорбтивті  әсері  бар  қақырықты  түсіретін  дәрілердің  механизмі. 

Муколитикалық  дәрілер.  Әсер  ету  ерекшеліктері.  Енгізу  жолдары.  Жағымсыз 

әсерлері.  Қолданылуы.  Демікпеде  қолданылатын  дәрілер

  (салбутамол, 

фенотерол,  тербуталин,  изадрин,  адреналин  гидрохлориді,  эфедрин 

гидрохлориді,  ипратпропия  бромиді,  метацин,  эуфиллин,  теофиллин, 

беклометазон  дипропионаты)  бронхолитикалық  дәрілер.    Адреномиметиктер, 

М-холиноблокаторлар  және  миотропты  әсердегі  спазмолитиктер  топтарына 

бронхолитикалық  дәрілер  әсерлерінің  механизміндегі  айырмашылықтары. 

Құрамы бронхолитиктер (беродуал). Диметилксантиндердің әсер ету механизмі. 

Теофиллин препараттары. Бронх демікпесінде аллергияға қарсы және қабынуға 

қарсы  дәрілерді  (глюкокортикоидтар,  кромолин-  натрий,  кетотифен)  қолдану. 

Лейкотриен  жүйесіне  әсер  ететін  препараттар  (зилеутон).  Лейкотриен 

рецепторларының  блокаторлары  (зафирлукаст,  монтелукаст).  Әсерлерімен 

қолданылуы  ерекшеліктері.  Құрама  препараттар  (дитек).  Бронх  демікпесінде 




 

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы 

044-41/16к 

30 беттің 20 беті

 

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша жұмыс оқу бағдарламасы 



 

қолданылатын дәрілерді қолдану көрсетімдері және енгізу жолдары. Жағымсыз 

әсерлері. Өкпенің ісінуі кезінде қолданылатын дәрілер

 (этил спирті, фросемид, 

маннит,  пентамин)  Өкпенің  ісінуі  кезінде  қолданылатын  дәрілердің  әсер  ету 

принциптері.  Этил  спиртінің  көбіктенуге  қарсы  қасиеті.  Манниттің 

дегидратациялаушы  әсрі.  Жылдам  әсер  ететін  диуретиктердің  қолданылуы. 

Өкпенің  ісінуі  кезінде  жүрек  гликозидтерінің  гемодинамиканың  қалыпты 

жағдайға  келтірудегі  рөлі.  Перифиялық    (шеткерлік)  вазодилататорлардың 

(натрий 

нитропруссиді, 

нитроглецерин 

және 


т.б.),ганглиоблокаторлардың,альфа-адреноблокаторлардың,сонымен 

қатар 


наркотикалық 

анальгетиктердің 

қолданылуы. 

Оксигенотерапия. 

Препараттардың құрама түрін қолдану. 

 

Практикалық (тәжірибелік) сабақтар.  



«Тыныс  алу  мүшелері  қызметіне  әсер  ететін  дәрілер.  Тыныс  алу 

қуаттандырғыштары. Жөтелге қарсы дәрілер». 

Тыныс алу мүшелері қызметіне әсер ететін дәрілердің фармакодинамикасы мен 

фармакокинетикасы  мәселерін  талқылау.  Қолдану  көрсеткіштері,  тыныс  алу 

мүшелері  қызметіне  әсер  ететін  препараттарды  енгізу  жолдары.  Дәрілік 

препараттар үлгілерімен танысу. Рецептура бойынша тапсырмаларды орындау. 

Есептер шығару. 

Тестілік тапсырмалар орындау. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет