Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы
044-41/16к
30 беттің 21 беті
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша жұмыс оқу бағдарламасы
реполяризациясын баяулататын дәрілер: фенилалкиламиндер (верапамил) және
бензотиазепиндер (дилтиазем) топтары. Қолдану көрсетімдері. Тахиаритмия
кезінде кезбе жүйкелерінің әсерін күшейтетін жүрек гликозидтерін және
дәрілерді қолдану. Калий препараттарын тағайындау көрсетімдері.
Брадиаритмияда қолданылатын дәрілер. Аритмияға қарсы қолданылатын
дәрілердің мүмкін болатын жағымсыз әсерлері.
Жіктелуі , стенокардия кезінде
оттегі жетіспеушілігін жою принциптері. Стенокардия
ұстамаларын купирлеу (
шоғырландыру) және алдын алу үшін қолданылатын дәрілер.
Клонидин,
моксонидин, пропранолол, метопролол, атенолол, бетаксолол, бисопролол,
карведилол, небиволол, празозин, нифедипин, верапамил,
дилтиазем,амлодипин, нимодипин, лерканидипин, бозентан, эналаприл,
каптоприл, фозиноприл, лизиноприл, периндоприл, рамиприл, лозартан,
омапатрилат, гидрохлортиазид, индапамид, фуросемид, маннит,
спиронолактон, диазоксид, дибазол, магния сульфаты. Жіктелуі. Әсер ету
механизмдері, орталық әсерлі және шеткерілік әсерлі нейротропты дәрілердің
антигипертензивті белсенділігі, әсерінің пайда болу жылдамдығы бойынша
салыстырмалы сипаттамасы. Артериялық қысымның гуморалдық реттелуіне
әсер ететін дәрілер. Ренин ангиотенгзин жүйесіне әсер ететін дәрілер.
Ангиотензин айналдырушы ферментті тежейтіндердің әсер ету ерекшеліктері,
оларды жүрек жетіспеушілігінде болатын қан іркілісінде қолдану.
Ангиотензиндік рецепторлардың тежегіштері. Препараттардың әсер ету
ерекшеліктері қолданылуы, жанама әсерлері. Шеткерілік вазодилататорлар,
сиымды немесе резистивті қантамырларға ерекше әсері. Калий каналының
агонисттері (диазоксид). Миотропты спазмолитикалық заттар (дибазол, магний
сульфаты). Диуретиктердің гипотензивті әсері.Әсер ету орны және механизмі
әртүрлі гипертензияға қарсы заттарды жұптастырып қолдану. Гипертензияға
қарсы заттардың жанама әсерлері, олардың алдын алу және тоқтату.
Гипертониялық кризде қолданылатын дәрілер.
фуросемид, дихлотиазид,
спиронолактон, триамтерон, маннит) Жіктелуі. Бүйрек түтікшелері эпителийнің
қызметіне әсер ететін зәрайдатқы дәрілердің әсер ету механизмі. Жылдамдығы,
ұзақтығы және әсер ету белсенділігі бойынша препараттарды салыстырмалы
түрде бағалау. Альдостерон антагонистері, иондық балансқа тигізетін әсері.
Карбоангидраза ингибиторлары (диакарб). Диуретиктердің қолдануы.
Жағымсыз әсерлері.
Практикалық (тәжірибелік) сабақтар.
«Қақырық түсіретін дәрілер. Бронхолитикалық дәрілер. Өкпенің ісінуінде
қолданылатын дәрілер».
Қақырық түсіретін, бронхолитикалық дәрілер. Өкпенің ісінуінде қолданылатын
дәрілердің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы мәселерін талқылау.
Қолдану көрсеткіштері, тыныс алу мүшелері қызметіне әсер ететін
препараттарды енгізу жолдары. Дәрілік препараттар үлгілерімен танысу.