Экономикалық талдаудың әдістемесі (методология) деп, талдау
тәсілдерінің жиынтығын айдаты. Экономикалық талдау тәжіріибесінде
жалпы және жеке әдістеме қолданылады. Жалпы әдістеме ұлттық
экономиканы талдау барысында қолданылса, жеке әдістеме экономика
салалары бойынша талдау ерекшеліктерін қарастырады.
Экономикалық талдаудың кезеңдері: Бірінші кезеңде талдау объектісі, талдау мақсаты және міндеттері
қарастырылып, аналитикалық жұмыс жоспары жасалады.
Екінші кезеңде талдау объектісін сипаттайтын синтетикалық және
аналитикалық көрсеткіштер жүйесі қалыптасады.
Үшінші кезеңде талдауға қажетті ақпарат көздері жинақталады.