63
көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активтің
бірінші бқлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.
Тәжерибе жүзінде күрделі салымдары қаржыландыру және негізгі
құралдары сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатын, ұзақ
мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Қаржыландырудың осы
қатыстырылған көзі ескеріліп, алдағы көрсеткіштің молшері анықталады. Бұл
көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі - оң, ал
төмендеуі - теріс бағыты ретінде қарастырылады. Біздің кәсіпорынымызда
бұл көрсеткіштің мөлшеріне тең, себебі ұзақ мерзімді несиелерді кәсіпорын
тартқан жоқ.
Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін
айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы
меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы
болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық)
коэффициенті деп аталады.
Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы
қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді
және келесі формуламен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: