Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Исакова С. А., Айнабекова И. Т



Pdf көрінісі
бет28/77
Дата19.06.2020
өлшемі1,79 Mb.
#74023
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77
Байланысты:
Isakova Karjilik esep

Салыстырмалы  айырмалар  әдісі  бойынша  Y  =  A  *  B  *  C 
мультипликативтік  модель  көрсеткіштердің  салыстырмалы  ауытқуын 
есептейміз. 
ΔA%   = 
A
ф
 - A
пл 
* 100% 
A
пл
  
 
ΔB%   =  B
ф
 - B
пл 
* 100% 


 
45 
B
пл
  
 
ΔC%   = 
C
ф
 - C
пл 
* 100% 
C
пл
  
 
Мысалы: 
ΔВП
КР
   = 
ВП
пл
 * ΔКР%
 
100  
 
Осы тәсіл бойынша резервтердің есептелінуі: 
 
Р↑ВП
КР
   = 
ВП
ф
 * Р↑КР% 
100 
 
Р↑ВП
ГВ
   = 
(ВП
ф
 + Р↑ВП
КР
)*Р↑ГВ% 
100 
 
Интегралды тәсіл бойынша резервтердің анықталуы: 
Р↑ВП
КР
 = ½ Р↑КР * (ГВ
ф
 + ГВ
в

Р↑ВП
ГВ
 = ½ Р↑ГВ * (КР
ф
 + КР
в

Еңбек өнімділігінің резервтері 
Р↑ПТ = ПТВ – ПТФ 
Өзіндік құнды төмендету резервтері 
Р↓С = С
в
 - С
ф 
Рентабельділік деңгейін жоғарлату резервтері 
P↑R = R
в
 - R
ф 
Кәсіпорында рентабельділік деңгейі оның табыстылығын көрсетеді 
 
Табы
с  

Өнімді 
өткізуден  
алынған түсім 
– 
Өткізілген өнімнің 
толық 
өзіндік құны 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
46 
3 ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН 
ТАЛДАУ 
3.1 Бухгалтерлік баланс көрсеткіштерінің құрамы мен құрылымын 
талдау 
3.2 Баланс өтімділігін талдау 
3.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 
 
3.1 Бухгалтерлік баланс көрсеткіштерінің құрамы мен құрылымын 
талдау 
 
Бухгалтерлік  баланс  деп-ақшалай  өлшеммен  өлшенетін  капитал  мен 
міндеттемелер  жөніндегі  белгілі  бір  мерзімге  жасалған  қорытынды  есепті 
айтамыз.  Баланс  активтерді  (осы  ұйымның  қаражаттарын)  және  бұларды 
қаржыландыру  көздерін  экономикалық  маңызына  қарай  белгілі  уақытта 
жинақтап 
отырады. 
Баланс 
көрсеткіштері 
ақшалай 
бағаланады. 
Міндеттемелер  қанша  ақшаның  қайдан  алынғандығын    көрсетеді.  Активтер 
алынған ақшаның немесе қаражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және 
не  үшін  жұмсалғанын  көрсетеді.  Меншікті  капитал  осы  ұйымды  құрып 
қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады. 
Бухгалтерлік  баланс  –  қаржылық  есептің  негізгі  түрі  бола  отырып,  ол 
есепті  кезеңдегі  кәсіпорын  мүлкінің  құрамы  мен  құрылымын,  ағымды 
активтердің  айналымдағы  мен  өтімділігін,  меншікті  капитал  мен 
міндеттеменің  қолда  барын,  дебиторлық  және  кредиторлық  борыштың 
динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу 
қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. 
Баланс  -  бұл  кәсіпорынның  белгілі  бір  күнде  қаржылық  жағдайының 
кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленді және 
ол  нені  алуға  тиіс,  соны  көрсетеді  (немесе  активтер  -  бұл  кәсіпорынның 
иелігіндегі  және  алуға  тиісті  мүлкі);  пассивтер  -  бұл  кәсіпорынның  өзінің 
беруге  берешек  қарызы  немесе  борышы.  Активтер  сомасы  әрқашан  да 
пасивтер сомасына тең болуы тиіс. 
Нәтижесінде  активтердің  жалпы  сомасы  алынған  міндеттемелер  мен 
меншікті  капиталдың  жалпы  сомасымен  тепе-тең  болатындығын  тағыда 
қайталаймыз.  Осындай  сабақтастық  жолдармен  бухгалтерлік  баланс  әдісі 
қалыптасып  қордаланып  отырады.  Кез  келген  бухгалтерлік  балансқа  баланс 
жасаушы  ұйымның  аталуы  және  баланстың  қай  уақытта  қорытындылап 
жасалған күні жазылады. 
Көптеген  тұлғалар  өздерінің  бухгалтерлік  балансын  әрбір  кезеңдерге 
қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа тұлғаларға қанша көлемде 
берешегінің  бар  екендігін  көрсетіп  отырады,  яғни  бухгалтерлік  баланс  осы 
«ұйымның  қолда  бар  активті  қаражаттарын  және  берешектерін  белгілі  бір 
уақытқа  қарай  көрсетіп  отырады»  деу  орнықты  ұғым.  Белгілі  бір  ұйымның 
қолда  бар  мүліктері  активтер  деп  аталынады,  ал  осы  ұйымның  басқаларға 
берешегі  міндеттемелер  деп  аталынады.  Активтер  құрамына  осы  ұйымның 
меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар, тасымалдау құралдары, 


 
47 
өлшеу  т.б.  приборлар,  өнім  беретін  малдар,  күш  беруші  машиналар  т.с.с. 
жатады. Сонымен қатар осы ұйым меншігіндегі шикізаттар мен материалдар, 
босалқы  бөлшектер,  тауарлар,  дайын  өнімдер,  ақшалай  өлшеммен  өлшеніп, 
осы  ұйымның  меншігінде  болады.  Бұлардың  барлығы  да  активтер  түрінде 
классификацияланады. 
Осы жерде ұйымдар өзінің активті қаражаттарын толықтырып, бұларды 
өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы  үшін әр түрлі көздерден ақша 
алу  мүмкіндігі  болатындығын  тағы  да  қайталайық.  Қосымша  алынатын 
ақшаларды,  бұлар  компаниялардан  немесе  банктерден  алады.  Алған 
ақшалары үшін осы ұйым қарыз алушының қатарына (категориясына) түседі. 
Қарызға алынған ақшаларды міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған 
несиелерден  бөлек  осы  ұйым  басқа  да  тұлғалардан  көп  көлемде  қарыз 
ақшалар  алуына  болады  (мысалы  өзінің  үлес  қосушы  акционерлерінен).  Ірі 
акционерлерден  алынған  қаражаттарды  акционерлік  капитал  дейміз.  Осы 
ұйымды  қолдаушы  кейбір  акционерлік  компаниялар  акцияларға  жазылады 
немесе  акционерлер  осы  ұйымның  қызметін  жалғастыра  беру  үшін  белгісіз 
уақытқа  дейін  акционерлік  ақша  береді.  Қандай  да  болмасын  алынған 
акционерлік  капитал,  ең  соңында  жазылған  акцияларға  сай  қайтарылады, 
яғни осы ұйымның алған акционерлік ақшасы уақытша алынған қарыз ақша 
түріне  саналады.  Акцияға  жазылған,  түбінде  қайтарылатын  ақшаны 
міндеттемелер  деп  атайды.  Нарық  экономикасы  жағдайында  бухгалтерлік 
баланс  әр  түрлі  әдістермен  жасалынып,  әрқашан  да  активтер  мен 
міндеттемелер  сомасы  бірдей  тепе-теңдік  жағдайда  болады.  Бухгалтерлік 
баланс жекелеген синтетикалық шоттар  қалдығын жинақтаудан туындайды. 
Баланс  қорытынды  есеп  жасаудың  ең  негізі  болып  табылады.  Әрбір  келесі 
кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік есеп мәліметтерін 
топтастырып  жинақтау  мақсатында  баланс  құрылады.  Баланс  құруды  екі 
жақты  принциптің  қолданбалы  әдісі  деп  те  түсінуге  болады.  Әрбір  келесі 
кезеңге  баланс  құруда  бұрында  бухгалтерлік  баланста  көрсетілген 
көрсеткіштер,  яғни  (мәліметтер)  баланстың  жекелеген  элементтері  арнайы 
шоттарға таратылып жазылады. Әрбір жекелеген шоттар материалдық және 
қаржылық 
объектілерге, 
мысалғы, 
несиелендірушілер, 
алашақтар, 
берешектер,  меншік  иелері,  инвесторлар,  негізгі  құралдар,  қоюшылар  т.с.с. 
жатады.  Бухгалтерлік  баланс  ұйымдардың  қаржылық  жағдайын  белгілі  бір 
кезеңге  қарай  жинақтап  көрсетеді.  Баланс  деп  -  ұйымдар  қызметіндегі 
активтер,  меншікті  капитал  және  міндеттемелер  өрісінде  болған  өзгеріс 
көрсеткіштерді  экономикалық  маңызына  қарай  белгілі  бір  мерзімге 
топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бұл анықтамада 1) баланс; 
2)  үлгі;  3)пайдаланушылардың  мүддесі;  4)  сыртқы  сипаты;  5)  белгілі  бір 
мерзім;  6)  қаржы  жағдайы;  7)  кәсіпорындар  (ұйымдар)  деген  сияқты 
элементтер  қатысады.  «Баланс»-  латын  сөзі.  Бұл  сөз  «екі  табақты  таразы» 
деген ұғымды білдіреді. 
Белгілі бір мерзім. Әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның, және 
жылдың  1-күніне  жасалып,  ұйымның  қаржылық  қызметінің  жағдайын 
көрсетеді.  Ұйымның  қаржылық  жағдайы  түскен  пайданың  мөлшерімен 


 
48 
сипатталады. Сондықтан пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза 
салатын көрсеткіш емес, пайда өткен шақтағы атқарған ұйымның қаржылық 
нәтижесін көрсететін ең негізгі көрсеткіш болып табылады. 
Бухгалтерлік баланс түрлері. Ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайын, 
үздіксіз  қызмет  атқаруын,  жойылып  кетуін  немесе  аналық  үлкен  компания 
құрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді: 
1) кіріспе баланс; 
2) аралық баланс
3) жойылуға байланысты баланс; 
Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т.б. заңды тұлғалардың жарғысы 
тіркелгеннен  соң,  меншік  иелерінің  салған  қаражатын  және  басқа  да қаржы 
салымшыларының,  несиелендірушілердің  қаражаттарын  кіріске  алып, 
жарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады. 
Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға 
қарай  жасалынады.  Мысалға,  капиталдың  шеңберлі  айналысы  фазаларына, 
активті  қаражаттар  қозғалысына  талдау  жасау  жұмысын  және  арнайы 
тапсырмаға  байланысты  ұйым  қызметіне  толық  тексеру  жұмысын  жүргізу 
үшін жасалынатын балансты аралық баланс деп атайды. 
Жойылуға  байланысты  баланс.  Ұйым  банкротқа  ұшырап,  өз  қызметін 
тоқтатқан  жағдайда  арнайы  комиссияның  қатысуымен  ұйымды  жою 
мақсатында баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен  тұрады. Бірінші 
кезең  осы  ұйымның  жабылуына  байланысты  жасалса,  екінші  кезеңде 
ұйымның жойылғандығының қорытындысын бағалау үшін жасалынады. 
Заңды  тұлға  болып  танлған  ұйымдардың  барлығы  да  бухгалтерлік 
баланс  жасауға  міндетті.  Егер  заңды  тұлғалар  құрамына  енген  еншілес 
ұйымдар құрылған жағдайда, негізгі ұйым басшыларының рұқсаты бойынша 
еншілес кәсіпорындар да баланс жасауына болады. 
Баланстың  активтік  элементтерін  тану.  Активтер  үш  сатыдан:  анықтау, 
тану және бағалаудан тұрады. Анықтау сатысында шаруашылық фактілерінің 
негізіне  қарай  алынған  және  есеп  бақылауына  түскен  ұйымдар  қызметінің 
қалыпты жағдайында қызмет атқаруына және алдағы кезеңде экономикалық 
табыс  келтіретін  активтер  жатады.  Активтер  ұзақ  мерзімді  және  қысқа 
мерзімді  болып  екіге  бөлінеді.  Балансқа  түскен  активтердің  барлық 
сомасының  көлемін-жинақталған  активтер  деп  атайды.  Егер  барлық 
жинақталған активтер сомасынан басқадай тұлғалардың алашағын шегерген 
жағдайда,  қалған  соманы  нетто-активтер  немесе  ұйымдардың  меншікті 
капиталы деп атайды. 
Активтерді тану деп-активтерді бірегейлік өлшемге келтіріп, қаржылық 
қорытынды  есеп  мәліметтерін  пайдаланушыларды  талабына    қарай 
қанағаттандыруды айтады. 
Активтерді  бағалау.  Активтер  дәстүрлі  әдістермен:  бастапқы  құнымен 
(тарихи),  сатып  алу  бағасымен,  нақтылы  өзіндік  құнымен  бағаланады. 
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде активтер төрт түрлі құнмен: 
1) бастапқы өзіндік құнымен; 
2) қалпына келтіру құнымен; 


 
49 
3) жоюдағы құнымен; 
4) ағымдағы құнмен; (немесе базарлы құнға келтіру әдістермен) бағаланады. 
Активтер 
төмендегі 
түрлерден: 
материалды 
құндылықтардан 
(ғимараттар, құрылғылар, жабдықтар, тауарлар, босалқылар, дайын өнімдер); 
материалды  емес  активтерден  (авторлық  құқық-«гудвилл»,  патенттер,  тауар 
белгілері,  жер  пайдалану  құқығы,  ақпаратпен  қамту  т.б.);  ақша 
қаражаттарынан  (кассадағы  және  банктердегі  ақшалар,  құнды  қағаздар, 
берешектердің қарыздары) құрылады. 
Активтер  есебі.  Активтердің  құрамының  барлығы  ақшалай  өлшеммен 
өлшеніп,  тиісті  шоттар  мен  балансқа  жазылады.  Активтерге  тән  базарлы 
саудадағы баға бухгалтерлік есепке алынбайды. Яғни бастапқыдағы нақтылы 
өзіндік  құнымен  алынған  баға,  бұлардың  тарихи  құны  болып  табылады. 
Тарихи құнды өзгерте беруге болмайды. 
Материалды  емес  активтер.  Бұларға:-«гудвилл»,  патенттер,  авторлық 
құқық,  тауарлардың  белгілері,  лицензиялар,  «ноу-хау»,  бағдарламалық 
өнімдер, жер учаскелерін пайдалану құқысы, табиғат ресурстарын пайдалану 
құқысы, табиғат ресурстарын пайдалану құқысы, т.с.с. жатады. Материалды 
емес  активтер  келешекте  табыс  келтіретін,  ұзақ  мерзімде  пайдаланылатын 
және  қолмен  ұстауға  жатпайтын  экономикалық  ресурстар.  Бұлардың 
физикалық  үлгісі  болмайды.  Материалды  емес  активтер  бастапқы  бастапқы 
кезеңде  жасалған  келісім  шарттағы  бағамен  немесе  арнайы  комиссияның 
қойған бағасымен кіріске алынады. Материалды емес активтерді пайдалудан 
түсетін табыс, ұйымдар қызметінің жылдан-жылға табысты бола беруіне үлес 
қосады.  Бұларды  пайдаланудың  мерзімі  шектеулі,  осыған  байланысты 
материалды  емес  активтер  амортизацияланады.  Пайдалану  мерзімі  мен 
амортизациялық  норма  деңгейі  тиісті  заң  актілері  және  келісім-шарт,  басқа 
да реттеуші ержелерге сай шектеледі. 
Негізгі  құралдар.  Өндірістік  үрдіске  жылдар  бойы  өз  қызметін 
көрсететін,  алдағы  кезеңдерде  табыс  келтіруге  арналған  және  өндірілген 
жаңа  өнімдер  үшін  жұмсалған  шығындар  құрамына  өзінің  бастапқы  құнын 
амортизация  түрінде  біртіндеп  беріп  отыратын  активтерді-негізгі  құралдар 
дейді.  Бұларға:  ғимараттар,  құрылғылар,  машиналар  мен  жабдықтар,  күш 
беруші  құралдар,  өлшеу  мен  реттеу  аспаптары,  көлік  құралдары,  жер 
учаскелері жатады. Негізгі құралдарға, бұлардың ең әуелгі бастапқы құнына 
және пайдалану мерзіміне қарай, амортизация есептелініп отырады. 
Амортизация. Түптің түбінде негізгі құралдар жарамсыздыққа айналады. 
Бұларды пайдаланудың мерзімі шектеулі. Негізгі құралдарды пайдаланудың 
мерзімі есептелініп, жоспарланады. Негізгі құралдар екі себептен: физикалық 
және моральдық тозу жағдайынан жарамсыздыққа айналады. 
Аяқталмаған  құрылыс-ұзақ  мерзімді  активтер  құрамына  жататын 
баптардың  бір  түрі.  Мұнда  негізгі  құралдар  салуға  байланысты  күрделі 
қаржы  игеру  шығындарының  есебі,  сондай-ақ  жылжымайтын  мүліктерге 
салынған  инвестициялар  есебі  жүргізіледі.  Халықаралық  бухгалтерлік  есеп 
тәжірибесінде бір компанияның басқа бір компанияны түгелімен сатып алуға 
жұмсалған шығындарының есебі де осы бапта жүргізіледі. 


 
50 
Инвестициялық қаржы салу. Қолма-қол ақша немесе ақшаға тән басқа да 
балама  қаражаттарды  басқадай  сыртқы  тұлғалардың  осы  ұйымға  салуын-
инвестиция  деп  атайды.  Инвестициялық  қаржы  салу  үрдісі  инвестордың  өз 
таңдауында болады. 
Берешектердің  ұзақ  мерзімді  қарыздары.  Ұзақ  мерзімді  берешектер 
қарызы негізінен бір жылдан артық уақыт ішінде жабылатын қарыздар. Ұзақ 
мерзімді  берешек  қарыздар  клиенттерден  алынған  вексельдерден,  ақша 
қаражаттарынан, құнды қағаздардан туындайды. 
Ағымдағы  активтер.  Ағымдағы  активтер  -  бір  жыл  ішінде  ақшаға 
айналуы  керек.  Мұндай    активтерді  экономикалық  ресурстар  және 
қаражаттар  деп  таныған  жөн.  Ағымдағы  активтер  бір  жыл  ішінде  сатылуға 
және  жұмсалуға  тиісті.  Бұларға:  тауарлы-материалды  босалқылар-
берешектердің  қарызы,  алдағы  кезең  шығындары,  берілген  аванстар,  қысқа 
мерзімге салынған қаржылық инвестициялар, ақша қаражаттары жатады. 
Құндылықтар. Босалқылар ағымдағы активтер түрінде өндірістік үрдіске 
бір-ақ  рет  қатысып,  өзінің  физикалық  үлгісін  жояды.  Ағымдағы  қаражат 
ретінде  бұлардың  құны  толығымен  жаңадан  өндірілген  өнімінің  өзіндік 
құнына қосылады. 
Тауарлы-материалды  құндылықтар.  Бұларға:  өнімдер  өндіруге  қажетті 
материалдар,  шикізаттар,  тауарлар,  отындар  және  аяқталмаған  өндіріс 
жатады.  Тауарлы-материалды  құндылықтар  ағымдағы  активтердің  негізгі 
бөлігін құрайды. Тауарлы-материалды құндылықтардың дұрыс бағалау-үлкен 
мәселе.  Бағалау  үшін  тауарлы-материалды  құндылықтарды  түгендеп,  қолда 
барын  анықтау  керек.  Бастапқыда  тауары-материалды  құндылықтар  сатып 
алу  бағасымен  бағаланып,  бұл  баға  тауарлы-материалды  құндылықтардың 
бастапқы құны болып есепке алынады. Тауарлы-материалды құндылықтарды 
бағалау  үшін  бухгалтерлік  есеп  тәжірибесінде  ФИФО  және  орташа  өлшеу 
әдістері қолданылады. 
Материалдар. 
Ағымдағы 
активтер 
құрамында 
есептелінетін, 
шаруашылық  операцияларын  жүргізетін  және  өндірілетін  өнімдерге 
жұмсалатын,  көзбен  көріп,  қолмен  ұстауға  болатын  заттарды-материалдар 
деп атаймыз. Бұларға: құрылыс, материалдары, егістік жерге отырғызылатын, 
себілетін  тұқымдар,  машиналар  мен  механизмдерді  жөндеуден  өткізу 
материалдары жатады. 
Берешектер  борышы.  Жөнелтілген  тауарлар,  орындалған  жұмыстар, 
көрсетілген  қызметтер  үшін  заңды  және  жеке  тұлғалардың  осы  күнге  дейін 
төлемей  отырған  ақшаларын  берешектердің  борышы  деп  атаймыз. 
Берешектер борышы ағымдағы активтер құрамында саналатындықтан есепті 
осы  жылдың  алынуға  тиісті.  Осы  ұйымның  есебіне  түспейтін  болып 
анықталған қарыз сомалар-үмітсіз қарыздар болып танылады. 
Алдағы кезең шығындары. Тиімділігі мен пайдалық дәрежесі осы жылы 
емес,  алдағы  кезеңдерде  анықталатын  ағымдағы  активтердің  белгілі  бір 
бөлігін-алдағы  кезең  шығындары  деп  атайды.  Бұларға:  сақтандыру 
ұйымдарына  төленген  сақтандыру  сомалары,  жал  төлемі,  тау-кен  өндірісін 
дайындауға, мерзімдік басылымдарға жазылу жөніндегі шығындар жатады. 


 
51 
Берілген  аванстар-алдағы  уақыттарда  алынатын  тауарлы-материалды 
құндылықтар,  ұзақ  мерзімді  активтер,  орындалатын  жұмыстар,  көрсетілетін 
қызметтер,  сондай-ақ  тапсырыс  алушылардан  түсетін  мүліктер,  бұлардың 
жеке бөліктері, түсетін тауарлар т.б. үшін осы ұйымның басқа да заңды және 
жеке тұлғаларға алдын-ала төленген ақшалар. 
Ақшалар деп- отандық және шетелдік валюта түрінде, есептегі, жолдағы, 
арнаулы есеп шоттарындағы, валюталық шоттағы, есеп айырысу шотындағы, 
кассадағы ақшаларды. 
Аяқталмаған өндіріс-толығымен технологиялық циклдан өтпеген дайын 
өнімдер  шығаруға,  тауарлар,  жұмыстар  мен қызметтер көрсетуге,  сондай-ақ 
ары  қарай  өндеуге  жататын,  қоймаға  жөнелтіле  қоймаған  өнімдерге 
жұмсалатын шығындар. 
Күмәнді  қарыздар  талабының  резерві  дегеніміз-жалпы  және  әкімшілік 
шығындары есебіне жатқызып, түсуге тиісті күмәнді қарыздарды жабу үшін 
жасалған  резервтік  сомалар.  Күмәнді  қарыздар  талабының  резерві  есебінен 
төлеу мерзімі өтіп кеткен берешектердің қарыздары жабылады. 
Баланстың пассивтік элементтерін тану. 
Пассивтерді тану. Пассивтер үш топтан: меншікті капитал, ұзақ мерзімді 
міндеттемелер  және  ағымдағы  міндеттемелерден  тұрады.  Осы  үш  топ 
арқылы  ұйымдар  активтерінің    қор  көздері  қалыптасады.  Қандай  да 
болмасын көздерден алынған қаражаттар, мейлі заңды және жеке тұлға, банк 
несиелері,  қарызға  алынған  көздер  т.б.  болсын,  осы  ұйымның  жеке 
меншігіндегі көздер мағынасында бухгалтерлік есептің балансына (пассивте) 
жазылады.  Қарапайым  тілмен  айтқанда  пассивтегі  сомалар  осы  ұйымды 
несиелендірушілердің 
алашақтары 
болып 
табылады, 
яғни 
несиелендірушілерден  алынған  көздер  түптің  түбінде  қайтарылады. 
Сондықтан  активтер  пен  пассивтер  екі  түрлі  категорияға  бөлініп, 
бухгалтерлік  есеп  балансының  әр  түрлі  тармақтарында  жүргізіледі.  Осыған 
орай ешқашанда «пайда сомасының есебінен активтер алынды» деген ұғым қ 
олданылмауы  керек.  Активтер  тек  қана  ақшаның  есебінен  (ақша  төлену 
арқылы)  қалыптасады.  Мысалы:  бухгалтерлік  балансқа  5  млн.  теңгеге  тең 
пайда  сомасы  жазылса,  бұл  сома  осы  ұйымның  кассасындағы  немесе  есеп 
айырысу  шотындағы  ақша  деп  саналмау  керек.  Ұйымдар  есебінде  аса  көп 
мөлшерде  таза  пайда  сомасы  бола  тұрса  да,  кейбір  жағдайда  осы  ұйымның 
еңбек  ақы  төлеуге  нақты  ақшасының  болмай  қалатындығын  есте  сақтаған 
жөн.  Дәл  осындай  ұғым  «капитал»  өрісінде  де  танылып,  капитал  тек  қана 
арнайы  көздерден  туындайтындығын,  өзі  ақша  емес  екендігін  есте  сақтау 
керек. 
Меншікті  капитал-ұйымдардың  т.б.  заңды  тұлғалардың  жарғылық 
құжатында  көрсетілген  көз.  Ұйымдарды  бастапқы  кезеңде  құру  және 
бұлардың  қызметін  бастау  жөнінде  меншік  иелерінің,  сондай-ақ  басқа  да 
тұлғалардың осы ұйымға салған көздерін-жарғылық капитал немесе меншікті 
капитал  дейміз.  Жарғылық  капиталды  меншік  иелерінің  және  үлес  қосушы 
құрылтайшылардың  салған  қаражаты,  негізгі  құралдар,  материалды  емес 
активтер, т.б. құндылықтар түрінде қалыптастыруға болады. 


 
52 
Акционерлік  капитал-серіктестіктердің  және  бұлардың  иелерінің,  үлес 
қосушы  құрылтайшылардың  осы  ұйымның  экономикалық  үрдісіне 
пайдалануы  үшін  үлес  қосу  (акция)  мақсатында  салған  қаражат  көздері. 
Акционерлік  капитал  негізгі  екі  категорияға:  1)  төленген  капитал;  2) 
төленбеген капиталға бөлінеді. 
Төленген  капитал  деп-осы  ұйымның  басқа  да  ірі  корпорациялардың 
шығарған  акцияларын  сатып  алып,  бұлардың  номиналдық  құнынан  жоғары 
бағамен  сатуын,  сонымен  қатар  ұйымдардың  өздері  шығарған  акцияларын 
номиналдық курсынан төмен бағамен сату. 
Қосымша  төленбеген  капитал  деп-негізгі  құралдарды  және  салынған 
инвестицияларды қайта бағалаудағы қосымша сомалар. 
Қосылған  капитал-ақша  төлемей  алынған  мүліктер  құнынан  және 
эмиссиялық табыстың пайда болуынан, сондай-ақ материалды емес активтер 
мен  негізгі  құралдарды  қайта  бағалау  нәтижесінде  ағымдағы  капитал 
сомасының  көбеюуін-қосылған  капитал  деп  атаймыз.  Капиталдың  бұл  түрі 
ұйымдар капиталының көлемін белгілі дәрежеде ұстап тұру үшін құрылған. 
Меншікті  капитал-ұйымға  акциялар  мен  дивидентік  пайда  алу 
мақсатында  қатысушылардың  салған  инвестициялары.  Меншікті  капитал 
жарғылық капиталдан, қосымша және резервтік капиталдан және бөлінбеген 
таза пайда көздерінен қалыптасып отырады. 
Акциялар  құрылтайшылар  мен  үлес  қосушылардың  компаниялар  мен 
ұйымдарға  капитал  көлемін  көбейту  мақсатында  салған  қаражат  көздерін 
растаушы  құжат.  Акция  иелері  өздері  қаражат    салған  ұйымдар  қызметін 
басқаруға  тікелей  әсер  етеді.  Акциялар:  артықшылығы  бар  және  қарапайым 
болып екіге бөлінеді. 
Резервтік  капитал.  «Резерв»  термині  «сақтық  кассасындағы  ақша» 
терминімен пара-пар. Ұйымдар қызметіндегі мүмкін болатын кейбір күмәнді 
шығындарды  және  шегетін  зияндарды  жабуға  бөлінген  қаражат  көздерін-
резервтік  капитал  дейміз.  Резервтік  көздер  тек  қана  белгіленген  объектілер 
бойынша  шығындарды  жабу  үшін  жасалынады.  Резервтік  капитал 
бухгалтерлік  есепке  алынған,  нақтылы  түрде  анықталған  белгілі  бір 
құндылықтар үшін ақша төлемей кеткен берешектердің қарыздарын жабуға, 
сондай-ақ  тиісті  объектіге  тікелей  жазылмай  қалған  амортизациялық 
шығындар сомасын жабу мақсатында жұмсалынады. 
Бөлінбеген  пайда  (жабылмаған  зиян).  Бөлінбеген  табыс  немесе  таза 
пайда  компаниялардың  капиталын  көбейтіп  отыру  мақсатында  болады. 
Дивиденттер  төлеу-капиталдың  азаюын  көрсетеді.  Бөлінбеген  табыс  немесе 
пайда деп-дивиденттер төленгеннен соң ұйым меншігінде қалған сома. 
Пайда  және  зиян-ұйымдар  қызметінің  экономикалық  өсу  қарқынын 
немесе  төмендеуін  өлшеу  үшін  түскен  табыстар  мен  жұмсалған  шығындар 
айырымының  көрсеткіші.  Экономикалық  өсу  ұйымдар  қызметінің 
басталуынан  бастап,  нақты  ақша  түсіруге,  мұны  көбейтіп  отыруға 
байланысты есепті кезеңдерге тән экономикалық маңызы зор. 
Міндеттемелер  деп-мақсатты  шараларды  қаржыландыру  үшін  заңды 
және  жеке  тұлғалардан,  ірі  компаниялардан  алынған  қарыздарды  осы 


 
53 
ұйымның  кіріске  алып,  түптің  түбінде  қайтарып  беруі  жөніндегі  алған 
міндеттемесін  айтады.  Бұларға:  ұлттық  және  шетелдік  валюта  түрінде 
банктерден  және  банктерге  жатпайтын  тұлғалардан  ұзақ  және  қысқа  
мерзімге алынған заимдар, облигациялар, вексельдер жатады. Міндеттемелер 
алу  нәтижесінде  ұйымдардың  активті  қаражаттары  көбейеді,  яғни  ол  -
міндеттеме  алушы  жақ,  міндеттеме  беруші  жаққа  ақша  мен  мүліктерді 
қандай  сомада  қайтаратындығы  жөніндегі  операциялар.  Міндеттемелер 
құрамына ұйымдардың  несиеге  сатып  алған  тауарлары,  қызметтері,  сондай-
ақ  берілген  вексельдер  бойынша  алған  қарыз  ақшалары,  төленбеген  еңбек 
ақы, төленбеген салықтар жөніндегі сомалар жатады. 
Ұзақ мерзімді алашақтар қарызы-осы ұйымның 12 айдан артық мерзімде 
төлейтін  берешек  қарыздары.  Бұған  12  айдан  кейін  қайтарыла  бастайтын 
берешек  қарыздардың,  алған  несиелердің  барлық  түрлері  жатады.  Мұндай 
берешек қарыздар сомасы бір жылдан келесі жылға көшіріліп отырады. 
Төленетін  салықтар-салықтардың  барлық  түрлерін  төлеуге  тиісті 
ұйымдардың бюджетке аударуға жататын қарыздары.  «Төленетін салықтар» 
терминінің  жеке  аталуы,  төленетін  салық  түрлерінің  көптігіне,  сондай-ақ 
сомалардың үлкен көлемде болатындығы мен бухгалтерлік баланс жасалған 
кезеңде  салық  жөніндегі  берешек  қарыздар  сомасының  толық  анықтала 
қоймағандығына байланысты. 
Еншілес  (тәуелді)  серіктестіктердің  алашағы-ұйымға  еншілес,  тәуелді 
ұйымдардың  және  бірлесіп  бақыланатын  заңды  тұлғалардың  жөнелткен, 
жіберген дайын өнімдері, тауарлары, орындалған жұмыстары және көрсеткен 
қызметтері,  сондай-ақ  бұлардан  алынған  материалды  емес  активтер,  негізгі 
құралдар, инвестициялар және басқа да активтер үшін берешек қарыздары. 
Алынған аванстар-ұйымның басқаларға жөнелтетін тауарлы-материалды 
құндылықтары,  орындалған  жұмыстары,  көрсеткен  қызметтері  үшін  алдын-
ала алған ақшалары. 
Қоюшылар  және  мердігерлермен  есеп  айырысу-қоюшылар  мен 
мердігерден  алынған  тауарлы-материалды  құндылықтар  және  айналыстан 
тыс  активтер,  қабылданған  жұмыстар  және  көрсетілген  қызметтер  үшін 
ұйымның берешек қарыздары. 
Бухгалтерлік  баланс  қаржылық  есеп  берудің  үш  негізгі  элементтерін 
қамтиды: 
1)  Активтер-келешекте  жүзеге  асатын  экономикалық  олжа  алуды  күтетін, 
өткен  мәміленің  немесе  оқиғаның  нәтижесінде  бақыланатын  ұйымның 
ресурстары. 
2)  Міндеттемелер-бұл  өткен  оқиғаның  нәтижесі,  ол  жүзеге  асқандықтан 
қарызданушының  міндеттемесінің  пайда  болғанын,  белгілі  бір  әрекеттің 
кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан 
бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап 
етуге құқығы бар. 
3) Капитал-бұл ұйымның міндеттемесі шегерілген активі. 
Қызметтің сипатына байланысты ұйым баланста жеке топ ретінде қысқа 
мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  активтері  мен  міндеттемелерін  көрсету  не 


 
54 
көрсетпеуін  анықтап  алады.  Активтер  мен  міндеттемелерді  қысқа  мерзімді 
және  ұзақ  мерзімді етіп  топтастыру-ұзақ  мерзімді операцияларға  қатысатын 
активтерден бөлек айналым капиталы ретінде үнемі айналымда болатын таза 
активтерді  баланста  ашып  көрсетуге,  сондай-ақ  ағымдағы  операциялық 
циклде  сатылатын  активтерді  және  сол  есептік  кезеңде  өтелуге  тиісті 
міндеттемелерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. 
Егер  топтастыру  қажет  болмаса  онда  активте  мен  міндеттемелер 
өтімділігіне байланысты еркін тәртіпте орналастырылады. 
Ұйым  активтер  мен  міндеттемелердің  топтастырылып  қойғанына 
қарамастан  өтелуі  он  екі  айдан  ұзақ  уақытта  өтелетін  сомаларды  активтер 
мен  міндеттемелердің  әр  бабы  бойынша  анықталады.  Мұндай  мәлімет 
ұйымның  өтімділік  және  төлем  қабілеттілігін  бағалауға  өте  қажет. 
Активтерді қайтару және міндеттемелерді өтеу мерзімдері бойынша мәлімет 
32 «Қаржылық құралар: мәліметтерді ашу және ұсыну» БЕХС-ның талабына 
сай ашылуы тиіс. 
Айналым активтері-бұл: 
 -баланс  кезенінің  немесе  операциялық  циклдан  кейінгі  12  ай  ішінде  ақшаға 
айналдыру үшін сатылатын немесе жұмсалатын активтер
 -сауда-сатттық  үшін  сақталады  (мысалы  борыштық  және  инвестициялық 
бағалы қағаздар); 
-  7  «Ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  есеп»БЕХС-на  сай  ақша 
қаражаты немесе ақша қаражаты эквиваленттері. 
- Басқалай активтердің барлығы ұзақ мерзімдіге жатады. 
-  Операциялық  цикл-бұл  активтерді  өніріс  үшін  сатып  алу  мен  оларды 
ақша қаражатарына айналдырудың арасындағы кезең. Ол он екі айға тең. 
-  Қорлар  мен  саудалық  дебиторлық  қарыз  он  екі  ай  ішінде  сатылмаса  да 
ағымдағы активтер ретіде топтастырылады. 
- Қысқа мерзімді міндеттемелер-бұл: 
 -ұйымның операциялық циклі барысында өтелетін міндеттемелер; 
 -сауда операциялары үшін ұсталады; 
 -баланс кезеңінен кейінгі он екі ай ішінде орындалуы тиіс; 
 -ұйымның баланс кезеңінен кейінгі он екі ай мерзімінен кешіктіруге құқығы 
жоқ міндеттемелер. 
Басқа барлық міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелерге жатады. 
Он  екі  ай  мерзім  ішінде  өтелуге  тиіс  міндеттемелер  мына  төмендегі 
жағдайларға қарамастан қысқа мерзімді болып топтастырылады: 
-міндеттемені орындаудың бастапқы мерзімі 12 айдан асып кетсе; 
-төлемді  өтеу  кестесіндегі  өзгеріс  туралы  келісім  баланс  кезеңінен  кейінгі 
және қаржылық есеп беруді бекітуге дейінгі уақытта жасалса; 
Алайда  жоғарыда  көрсетілген  міндеттемелерге  ұзақ  мерзімді  негізінде 
төленеді деп қайта кесте жасалса, онда ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде 
топтастырылып, балансқа түсіндірме хатта ашылады. 
Кейбір  қысқа  мерзімді  міндеттемелер  мысалы  жабдықтаушылар  мен 
мердігерлерге  кредиторлық  қарыз,  есептелген  шығындар (мысалы  еңбекақы 
бойынша  немесе  басқалай  операциялық  шығындар)  айналым  капиталының 


 
55 
бөлігі  болып  табылады.  Мұндай  баланс  баптары  кезеңінен  кейінгі  он  екі 
айдан  асып  кететін  мерзімде  өтелуге  тиіс  болса  да  қысқа  мерзімді  
міндеттемелер  ретінде  топтастырылады.  Активтер  мен  міндеттемелер  үшін 
операциялық цикл бірдей. 
Қысқа  мерзімді  міндеттемелерге  сауда  операциялары  үшін  ұсталатын 
қаржы  міндеттемелері,  банктік  овердрафт,  есептелген  дивидендтер, 
корпорациялық табыс салығы, басқа да кредиторлық қарыздар. 
Ұзақ  мерзімді  қаржыландыруды  қамтамасыз  ететін  қаржылық 
міндеттемелер баланс кезеңінен кейінгі он екі ай ішінде өтелмесе, онда олар 
ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде топтастырылады. 
Талап  бойынша  төленетін  қарыз  ретіндегі  ұзақ  мерзімді  заим  келісімі 
бойынша міндеттемені бұзған жағдайда міндеттемелер: 
Қысқа  мерзімді  болып  саналады  -  егер  баланс  кезеңінен  кейінгі  және 
қаржылық есеп беруді жарыққа шығаруға бергенге дейінгі уақыт аралығында 
қарыз беруші қарызын қайтаруға талап етпесе; 
Ұзақ  мерзімді  болып  саналады  -  егер  қарыз  беруші  баланс  кезеңінен 
кейінгі  12  айдан  асатын  уақытта  баланс  кезеңіне  дейін  кеінге  қалдыруға 
жеңілдік берсе. Бұл уақыт ішінде қарыз беруші қарызды тез арада қайтарып 
беруді талап ете алмайды. 
Есеп  берудің  негізгі  үлгісі  болып  бухгалтерлік  баланс  саналады.  Оны 
жасауға  дейін  есеп  регистріндегі  барлық  синтетикалық  шоттар  бойынша 
қалдық  пен  айналым  аналитикалық  есеп  мәліметтерімен  салыстырылады. 
Жылдың  басындағы  және  аяғындағы  баланстардың  деректерін  салыстыру 
үшін  жыл  басындағы  бекітілген  баланс  баптарының  номенклатурасы  жыл 
аяғындағы 
бекітілген 
баланс 
номенклатурасымен 
және 
бөлім 
топтамаларымен, әрбір баптарымен сәйкестендірілуге тиіс. 
Бухгалтерлік баланс 2 БЕС мен есеп беруді жасау бойынша әдістемелік 
ұсыныстарында анықталған ақпараттардан тұруы тиіс. 
Баланс  Бас  кітапта  көрсетілген  шоттардың  қалдығының  негізінде 
жасалады.  Ол  міндеттеме,  меншік  капиталы,  активтер  деген  бөлімдерден 
тұрады.  Активтер  мен  міндеттемелер  өз  кезегінде  ұзақжәне  ағымдағы 
кезеңдерге жетіледі. 
Ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы 
міндеттемелер  бухгалтерлік  баланста  ашылуы  тиіс.  Жыл  соңында 
белгіленген  тәртіп  бойынша  түгендеудің  көмегімен  баланстың  барлық 
таптары расталуы тиіс. 
Енді,  бухгалтерлік  есепке  алудың  2-сандардың  Бухгалтерлік  баланс 
және  қаржы  есептеріндегі  негізгі  ашылымдар  бойынша  бухгалтерлік 
балансты жасауға қойылатын талаптарды қарастырамыз. 
Барлық маңызды ақпарат қаржы есептері пайдаланушылар үшін анық, 
түсінікті болатындай етіп ашылуға тиіс. Қажет болған жағдайда түсініктеме 
жазбахатта  қаржы  есептерінде  келтірілген  баптардың  жіктемесі  мен  ақша 
сомалары 
олардың 
мән-мағнасын 
түсіндіретін 
басқа 
ақпаратпен 
толықтырылуға тиіс. 


 
56 
Қаржы  есептерінде  осының  алдындағы  кезеңнің  тиісті  деректері 
келтірілуі тиіс. 
Түсініктеме жазбахатта мынадай ақпаратты көрсету қажет: 
а) активтерді иелену құқығындағы шектеулер; 
б) міндеттемеге берілген кепілдіктер; 
в) активтер мен міндеттемелер; 
г) зейнеткерлік қамсыздандыру сызбалары; 
д) болашақ ұзақ мерзімді инвестицияларды қаржыландыруға орналған 
қаражат. 
Баланстың  ағымдағы  активі  мен  ағымдағы  міндеттемелерінің  баптары 
арасында  өзара  есепке  алуларға  жол  берілмейді.  Баланстың  жекелеген 
баптары басқа баптарға қосылуға немесе қосымша нұсқауларсыз тоқтатылуға 
тиіс емес. 
Ағымдағы  активтер  мен  міндеттемелерді  баланста  айқындау  және 
олардың  жиынтық  сомаларын  ашып  көрсету  ұйымдарының  қаржы 
жағдайына  талдау  жасау  кезінде  қаржы  есептемелерін  пайдаланушыларға 
көмектесетін анықтама береді. 
Ұзақ  мерзімді,  ағымдардағы  активтердің,  меншікті  капиталдың,  ұзақ 
мерзімді  және  ағымдағы  міндеттемелердің  жиынтық  сомасы  бухгалтерлік 
баланста ашылуы тиіс. 
Ұзақ мерзімді активтер (негізгі құрал жабдықтар). 
Мынадай баптар ашып көрсетілуі тиіс: 
а) жер; 
б) үй-жайлар мен ғимараттар; 
в) машиналар мен жабдықтар
г) сыныптамаға сәйкес негізгі құрал-жабдықтардың басқа түрлері; 
д) қордаланған тозым; 
е) аяқталмаған күрделі құрылыс. 
Түсініктеме  жазбахатта  олардың  ішінде  ұзақ  мерзімге  жалға  алынған 
негізгі  құрал-жабдықтар  және  қарызға  алынған  негізгі  құрал-жабдықтар 
ашып көрсетілуі тиіс. 
Ұзақ  мерзімді  активтердің  мынадай  баптары  жеке  ашып  көрсетілуі 
тиіс: 
а)  есепті  кезеңдегі  әдісі,  амортизациясы  мен  есептен  шығару 
кезеңікөрсетілген мынадай материалдық емес активтер: 
- гудвилл; 
- патенттер, тауар белгілері және басқалары. 
б) ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары; 
- бағынышты заңды тұлғаларға инвестициялар; 
- ағымдағы құнды көрсетілген өзге де инвестициялар, егер бұл олардың 
баланстық құнынан өзгеше болса. 
в) ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз: 
- алуға берілген шоттар; 
- алуға берілген вексельдер. 
г) болашақ кезеңдердің шығындары. 


 
57 
Ағымдағы  активтер  ашып  көрсетілуге  тиіс  мынадый  баптарды 
қамтиды:  
а)  өздерінің  өңделу  және  өткізілу  мерзіміне  қарамастан  тауар-
материалдық қорлар; 
б)  есеп  берілген  уақыттан  кейін  бір  жыл  ішінде  есептен  шығарылуы 
мүмкін болашақ кезеңдердің шығындары; 
в)  ақша  қаражаты.  Пайдаланылуына  шектеу  қойылған  ақша  қаражаты, 
егер  оларға  қойылған  шектеулер  бір  жыл  ішінде  алынатын  болса, 
ағымдағы активтерге қосылады; 
г)  есеп  берілген  уақыттан  кейін  бір  жыл  ішінде  алынатын  дебиторлық 
қарыз: 
- ағымдағы активтерді сатып алу үшін төленетін аванс төлемдері
- алға берілген шоттар; 
- алға берілген вексельдер; 
- фирмааралық дебиторлық қарыз; 
- өзге де дебиторлық қарыз. 
Егер  бір  жыл  ішінде  алынбайтын  сома  ашып  көрсетілсе,  дебиторлық 
қарыз ағымдағы активтерге толық қосылуымүмкін. 
Меншікті  капитал.  №1  ҚЕХС  (IAS)  сәйкес  меншікті  капиталдағы 
өзгерістер туралы есеп келесі көрсеткіштерден тұрады: 
- есептік кезеңге кірістер мен шығыстар; 
- стандарттарға сәйкес танылған кірістер мен шығыстардың әр бабын; 
-  құрылтайшы  ұйымның  үлесіндегі  кірістер  мен  шығыстар  жиыны  және 
азшылық үлесін; 
-  капиталдың  әр  бабы  үшін  есептік  саясаттағы  өзгерістер  эффектісі  және  8-
ҚЕХС (IAS) сай қателері түзету. 
Капитал  өзгерісі  меншік  иелерінің  операциясы  нәтижесінде  іске  асады, 
есеп кезеңінде бөлінген акциялар дивидент пайдасына аударылады,сонымен 
қатар, бөлінбеген табыс, әртүрлі мүліктер. 
Ұйымға  қаржылық  есеп  берудің  жеке  формасы  ретінде,  оның  меншік 
капиталындағы  бөлінбеген  табысты  (жабылмаған  зиян)  көрсететін  есеп 
қажет. 
Сонымен қатар, ұйым бұл есепте көрсетуі қажет : 
- ұйым иелері мен және оларға таратумен байланысты операцияларды; 
-  кезең  басына  және  есепті  мерзімге  жиналған  таза  табыс  пен  шығынның 
қалдығы, кезеңдегі өзгерістер; 
-  әрбір  өзгерісті  анықтап,  кезеңнің  басымен  аяғынаменшік  капиталдың 
(жарғылық  капиталының,  резервтік  капиталының,  қосымша  төленген  және 
төленбеген  капиталының)  әрбір  бабының  баланстық  құнының  арасында 
салыстырулар жүргізу. 
Ұйымдар  есеп  беруде  немесе  түсіндірме  жазбада  мына  төмендегілерді 
көрсетуге тиіс: 
- капитал иелерінің капитал операциялары мен төлемдері; 
- есептік кезең басындағы пайда немесе зиян қалдығы мен өзгерістері; 


 
58 
-  меншікті  капитал,  эмиссиялық  кіріс  және  резервтердің  кезең  басындағы 
және соңындағы баланстық құнының өзгерісін ашып көрсету. 
Меншікті  капиталдағы  өзгеріс  туралы  есеп  есептік  кезең  ішіндегі  таза 
активтердің  өзгерісін  ашып  көрсетеді.  Меншікті  капиталдағы  өзгерістер 
салымдар  мен  дивидендтер  сияқты  акционерлермен  болған  операцияларды 
қоспағанда  есептік  кезең  ішіндегі  ұйымның  қызметі  нәтижесінде  пайда 
болған басқа да пайда мен зиянды қамтиды. 
Жарғылық  капитал.  Түсініктеме  жазбахатта  есепті  кезеңдегі  ұйымның 
жарғылық  капиталында  болған  өзгерістер  туралы  ақпаратты  ашып  көрсету 
қажет. 
Есепті  кезең  ішіндегі  қозғалысы  және  оларды  пайдалану  жөніндегі 
шектеулер  көрсетілген  өзге  де  капиталдың  мынадай  баптары  бөлек  ашып 
көрсетілуі тиіс: 
- акциялар бойынша сыйақылар; 
-  негізгі  құрал-жабдықтарды,  қаржы  инвестицияларын  қайта  алып 
бағалау сомасы; 
- резервтік капитал; 
- бөлінбеген табыс. 
Ұзақ  мерзімді  міндеттемелерді  ашып  көрсету  кезінде  баланстың 
мынадай  баптары  (бір  жыл  ішінде  өтелетін бөлігін  есепке  алмағанда)  жеке-
жеке ашып көрсетілуі тиіс: 
а) қамтамасыз етілген кредиттер; 
б) қамтамасыз етілмеген кредиттер; 
в) кейінге қалдырылған салықтар. 
Түсініктеме  жазбахатта  проценттік  ставкалар,  кредиттерді  өтеу 
мерзімді,  төлемдердің  кезектілігі  және  кредиттік  келісімдер  мен  займ  беру 
шарттарынан туындайтын басқа да ерекшеліктер ашып көрсетілуі тиіс. 
Түсініктеме  жазба  –  кәсіпорында  жасалған  негізгі  анлитикалық  құжат. 
Онда,  бірінші  кезекте,  бизнес-жоспарының  барлық  тауарлары  бойынша 
негізгі  себептерімен  қоса,  орындалу  жайына  қысқаша  баға  беріледі  және 
есептік кезеңде кәсіпорынның жұмысына оң және теріс әсер еткен жақтары 
да ашылады. 
Түсініктеме  жылдық  қаржылық  есептің  міндетті  құрамдас  бөлігі болып 
табылады.  Онда: ұйым  туралы мәліметтер,  құбылыстарды қаржылық  есепте 
көрсету  үшін  қолданылатын  оларды  бағалаудың  әдістері  мен  есеп  саясаты, 
қаржылық  есептіліктің  маңызды  баптары,  қаржылық  есептің  халықаралық 
стандарттарымен  міндетті  түрде  ашылуы  белгіленген  ұйымның  қаржылық 
жай-күйі көрсетіледі. 
Шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  және  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге 
асырмайтын  және  тауарларды  өткізу  (жұмыс,  қызмет  көрсету)  бойынша 
айналым  қаражаты  жоқ  қоғамдық  ұйымдар  (бірлестіктер)  түсініікте  жазба 
жасаудан босатылады. 
Түсініктеме  жазба  жасаған  кезде  бұдан  бұрыңғы  кезеңге  қатысты 
қаржылық  есептің  барлық  сандық  ақпараты  үшін  салыстырмалы  ақпарат 
ашылуға тиіс, бұл ағымдағы кезеңдегі қаржылық есепті түсіну үшін орынды 


 
59 
болған  жағдайда,  ол  шолу  ақпаратына  және  сипаттама  ақпаратына  енгізілуі 
тиіс. 
Түсініктеме  жазба  тәртіпке  келтірілген  түрде  берілуі  тиіс,  қаржылық 
есеп нысандарындағы қаржы нысанының әрбі сызықтық бабында сілтемелер 
мен  ескертулердің  келтірілгені  жөн.  Әдетте  әрбі  ескертуге  сандық  код 
беріледі, сол арқылы ол  ескертулер бөлімінде  келтіріледі.  Бұл  код  есептілік 
нысанындағы осы ескертуде ашылатын есептің сызықтық бабының тұсында 
көрсетіледі. 
Ескертулерді  есеп  нысандар,  оларда  ашылатын  ақпарат  бойынша 
топтастыруға  болады,  яғни  балансқа  ескертулер  бөлек,  кірістер  мен 
шығыстар  туралы  есепке  бөлек,  ақша  қозғалысы  және  т.б.  туралы  бөлек 
келтіріледі. 
Түсініктеме  жазбада  қаржылық  есепті  мүдделі  пайдаланушылардың 
бағалауына  және  шешімдер  қабылдауына  едәуір  ықпал  ететін  бухгалтерлік 
есептің қабылданған тәсілдері ашылады. 
Балансқа түсіндірме хатта ұйым мыналарды ашып көрсетеді: 
а) акционерлік капиталдың әр класы үшін: 
-шығаруға рұқсат берілген акция саны
-шығарылған  және  толықтай  төленген  акция  саны,  сонымен  бірге 
шығарылған бірақ толықтай төленбеген; 
-акциялардың номиналдық құнын; 
-жыл басындағы және жыл соңындағы акция саны; 
-ұйымның немесе оның еншілес ұйымдарындағы акция саны. 
б)капитал үстіндегі әр резервтің сипаттамасы және мақсаты. 
Ағымдағы  міндеттемелердің,  соның  ішінде  кредиторлардың  талап  етуі 
бойынша  төленуге  тиісті  міндеттемелердің  және  есепті  мерзімнен  кейін  бір 
жыл  ішінде  өтелуі  тиісті  ұзақ  мерзімді  міндеттемелердің  бір  бөлігінің 
мынадай баптары ашып көрсетілуі тиіс: 
а) қысқа мерзімді кредиттер; 
б)  ұзақ  мерзімді  кредиттердің  ағымдағы  бөлігі,  егер  ол  20-тармаққа 
сәйкес алынып тасталмаса; 
в) кредиторлық қарыз: 
- төленуге тиісті шоттар мен вексельдер; 
- сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар; 
- салықтар бойынша қарыз; 
- акционерлік қоғамның лауазымды адамдарына берешек қарыз; 
- өзге де кредиторлық қарыз. 
г) төленуге тиісті есептелген шығындар
д) болашақ кезеңдердің табыстары; 
е) күтпеген жағдайлар бойынша есептелген төлемдер. 
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі, егер ұйым кредиттік 
шартқа  сәйкес  міндеттемені  ұзақ  мерзімді  негізде  қайта  қаржыландыруды 
ұйғарса,  ағымдағы  міндеттемелерден  шығарып  тасталады.  Бұл  жағдайда 
міндеттемелердің  сомасы  мен  қайта  қаржыландыру  мерзімдері  ашып 
көрсетілуі тиіс. 


 
60 
Қаржылық  есептіліктің  халықаралық  стандарттары  жаңа  бухгалтерлік 
баланстың құрылымы төмендегі кестеде берілген: 
2-кесте 
ҚЕХС бойынша бухгалтерлік баланстың құрылымы 
 
Активтер 
Жол коды 
Ағымдағы активтер 
010-100 
Ұзақ мерзімді активтер 
020-200 
Ағымдағы міндеттемелер 
030-300 
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 
040-400 
Капитал 
050-500 
Баланс 
(300 жол+400 жол+500 жол) 
 
Жоғарыда  айтқандарымыз  түсініктірек  болу  үшін  үлгі  «Айша» 
жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктің  2015  жылға  жасалған  бухгалтерлік 
балансын қарастырайық (мың тг): 
3-кесте 
«Айша» ЖШС 2016 жылдың бухгалтерлік балансы 
(мың.тг.) 
Активтері 
Сомасы 
Пассивтері 
Сомасы 




 I Ағымдағы 
активтер: 
 
I. Ағымдағы міндеттемелер: 

Материалдық 
қорлар 
9638,2 
Бюджетпен есеп айырысу 
1704,6 
Дайын өнімдер  

Басқада міндетті төлемдер 
117,4 
Тауарлар 

Жабдықтаушылармен есеп 
айырысу 
425,4 
Аяқталмаған 
өндіріс 

Жұмысшылармен еңбекақы 
бойынша есеп айырысу 

Қысқа мерзімді 
дебиторлық 
борыштар: 
11634,5  Басқа да қарыздар 
4482,8 
Қысқа мерзімді 
қаржы салымы 

Жиыны 
6730,2 
Алдағы уақыт 
шығындары 

IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер: 
 
Берілген аванс 

Ұзақ мерзімді несие 

Ақша 
қаражаттары 
175,3 
Ұзақ мерзімді қарыз 

Жиыны  
21448,1 
Жиыны 

II..Ұзақ мерзімді 
активтер: 
 
III.Капитал: 
 


 
61 
Материалдық 
емес активтер 

Жарғылық қор 
 
Негізгі құралдар 
9746,2 
Резевтік қор 
787,7 
Ұзақ мерзімді 
қаржы салымы 

Бөлінбеген пайда (зиян) 
343,3 
Ұзақ мерзімді 
дебиторлық 
борыш 

 
 
Жиыны 
9746,2 
Жиыны 
24464,1 
Барлығы 
31194,3 
Барлығы 
31194,3 
 
Осы  жоғарыда  көрсетілген  «Айша»  ЖШС  бухгалтерлік  балансынан 
көретініміз-бұл  ұйымның  активтері  мен  пассивтері  31194,3  мың  теңге  тең. 
Мұндағы  кәсіпорынның  капиталы-24464,1  мың  теңгені,ал  міндеттемелері 
6730,2мың  теңгені  құрады.  Жоғарыда  берілген  теңдіктің  орнына  осы  санды 
орналастыратын болсақ мына түрде болады. 
Актив= капитал+міндеттеме 
31194,3 =24464,1+6730,2 
 
4- кесте 
2015-2016 жж. «Айша» ЖШС бухгалтерлік баланс мәліметтері  
бойынша активтердің құрамы мен құрылысына талдау жасаймыз 
 
р/с 
Көрсеткіштер 
2015 ж. 
2016 ж. 
Ауытқуы(-,+) 
мың 
тг 
үлес
і,% 
мың 
тг 
үлесі,

мың тг  үлесі,% 









Ағымдағы 
активтер 
1920

66,3  21464 
67,5 
+2258 
+1,2 
 
1.1 Ақшалай 
қаражаттар 
175 
0,9 
252 
1,2 
+77 
+0,3 
 
1.2 Дебиторлық 
берешектер 
9392  48,9  10445 
48,6 
+1053 
-0,3 
 
1.3 Босалқы қорлар  9639  50,2  10767 
50,2 
+1128 


Ұзақ мерзімді 
активтер 
9746  33,7  10337 
32,5 
+591 
-1,2 
 
2.1 Негізгі 
құралдар 
9746  33,7  10337 
32,5 
+591 
-1,2 
 
Активтердің 
жиыны 
2895

100  31801 
100 
+2849 

Кесте  мәліметі  бойынша  жалпы  активтердің  ішінде  қысқа  мерзімді 
активтердің 2016 ж. үлес салмағы 67,5 % құрап, өткен жылдан 2258 мың тг 
өскен,  ал  ұзақ  мерзімді  активтердің  үлес3  32,5  %  құрап,  өткен  жылдан  591 


 
62 
мың. тг өскен. Қысқа мерзімді активтердің ішінде босалқы қорлардың үлесі 
50,2%, ал дебиторлық берешектердің үлесі 48,6-48,9% құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет