Үлкен үйдегі үрей – Сен көргеніңнің бəрін қағазға түсір, – деп бір жас мили-
цияны жазуға отырғызып қойды.
Марат үйінен Бұлбұлдың сауда жасағанда киетін қытай
қол ға бы ның екеуін алып келді. Екі жігіт кендір қапқа қаң қа-
ны салып алмақ болып екі жағынан ұстап еді, қаңқа үгі ті ліп
кетіп, бөлек-бөлек болып қалды.
– Енді сүйектерді жинап салып алыңдар, – деді бастық.
Екі жігіт мүше-мүше болып қалған сүйектерді жинап
шық ты. Бас сүйектегі көздің орны мен мұрынның орны үңі-
ре йіп, жақтың тістері ақсиып кəдімгі мектепте анотомия
са ба ғын да көрсететін басқа ұқсап-ақ тұр. Қабырғалар бө-
лі ніп-бөлініп кетті. Жамбас сүйек ойығынан екіге опырыл-
ды. Қаптың түбінде ғана қалған сүйектерді жоғарыға берді.
Ма ңа йын да шіріп кеткен киімнің қалдықтары болды. Оны
бө лек қапқа салды. Сандықтың түбінен баяғы Арсланға сіл-
тенген айбалта шықты. Темірінің асылдығы сондай əлі тот
баспапты да. Тек ағаш сабы шіри бастаған. Оны комиссия
мү ше ле рі тегіс қолдан-қолға өткізіп қарап шықты.
– Осымен өлтірген де сандықтың түбіне тастай салған
ғой, – деді бастық.
– Мынау революциядан бұрынғы қару ғой, – деді ересек-
теу милиция.
– Сонда бұл адамды революциядан бұрын өлтірген ғой,
содан бері ешкім мұнда сандық барын білмеген бе? – деп та-
ңыр қа ды тағы біреуі.
– Біз елу жылдай тұрып келеміз, отынқорадан өмірі отын
үзілмеген, ешкім түбіне қарамаған ғой, – деді Қайрат.
– Міне тарихи оқиға! – дейді Марат.
Айбалта бөлек қалтаға салынды. Сандықтың түбінен
тағы да өрнектері таттан көрінбей қалған екі құмыра шықты.
Іші бос. Олар да бөлек қалтаға салынды.
– Мынау не шашылып жатқан көрпелер ме? – деді бастық.
– Ол осы сандықтың ішінен шыққан, – деді Қайрат.
– Оны да қапқа салыңдар.