Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет2/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-4
Д 64


3
ҮЛКЕН ҮЙДЕГІ ҮРЕЙ
Шағын роман
1
Қарқаралының  ортасында  қараша  тамдардан  салтанаты 
өзгеше қос қабатты, сыртын ағаш шарбақпен əсемдеп қор-
ша ған үйдің қақпасы құпиялау дыбыспен қағылды. 
Түнгі  тыныштықта  анық  естілген  дыбыстан  үй  ішінде-
гілер үдірейісіп қалды. Бөлменің оң жағында болыскей кере-
уетте жатқан жігіт ағасы басын көтеріп:
– Ол кім болды екен екі кештің арасында? – деді наразы-
лау дауыспен.
– Мен барып көріп келейін, – деді қасында отырған сы-
лаң да ған ақ бауыр балықтай келіншек. Төсегінен сытылып 
тү сіп сыртқы есікке беттеді. 
Қорқыныш  па,  есікке  ұмтылғандағы  асығыстықтан  ба 
жү ре гі тарсылдап, мəсісінің өкшесі өкшесіне тимей қақпаға 
жа қын дады. 
Сол  түні  ай  тастай  қараңғы  еді.  Келіншек  қақпаның 
ашық тау тесігінен сыртқа қанша сығаласа да ештеңе кө рін-
бе ді. Əлден уақытта барып бəсеңдеу еркек даусы естілді:
– Исəнмісіз, Хадиша? – деп татаршалады еркек үні, əйел-
ді үйінен шыққаннан біліп тұрса керек.
Еркектің таныс үнінен əйелдің төбе құйқасы шымырлап, 
басы  айналып  кетті.  Ой  деген  жылдам  ғой. «Ойбай,  мына 
пəле қайдан сап ете түсті? Өлген жерім осы шығар. Қақ па ны 
ашсам ба, ашпасам ба...», – деп жанталасты ішінен. Еркек те 
жылдам екен, еркінсіп:
–  Хадиша,  мен – ерің  Арслан  болам.  Қақпаны  ашың! – 
деді өктемдеу үнмен өз босағасына келіп тұрғанын сездіріп. 


4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет