Сәуле Досжан 11
Жалғыз ұл анасы Ғақлияның жөн-жоба көрсетуімен əке-
ден қалған саудагерлік кəсіпті жалғастырып, қыр қа зақ та ры-
ның досына айналды. Соры қайнағанның сол таңдап алып
берген татар əйелінен он жыл күтсе де перзенті болмады.
Сонда да сыр бермей əкесі құсап қампайып дəуренін сү ріп
жүр ген де заман өзгерді. Қызыл төңкеріс келді қазақ даласы-
на...
Орталықта, терістікте жүріп жатқан астаң-кестең дүр бе-
лең қиыр далаға бірде қылыш асынған ақтың əскері, келесі-
де орысшалап боқтық аралас сөйлейтін қызыл болып келді...
Келген сайын «малыңды бер... көлік бер.. салық төле», – деп
қуы ра тын. Баяғы жайбарақат, мамыражай заман күрт өз-
герді.
Акметовтар əулетінің де дəурені өтті...
Алдында ғана, осы төңкерістен бірер жыл бұрын қа зақ-
тың байларына еліктеп: «Бəйбіше бала таппады, ұр пақ сыз
өте тін болдым, тоқал алам», – деп алармандарын жі бе ріп
Мү сі лім деген шаруаның ел аралап жүргенде көріп қал ған,
жас қызын атастырды. Бойжеткеннің аты – Хадиша еді. Атас-
тыр ған жері бар екен. Акметовтың жалғызының көзі түс ті
дегенді естіп Мүсілімнің ағайындары «Мүсеке, ба сы ңыз ға
бақ қонағалы тұр. Хадишажан бай татардың жиып кеткен
дү ние сі не күмп етеді. Бара бір ұл туып берсе, сол дү ние сіз-
ді кі де ңіз. Бəсібектің баласымен батаны бұ зып, өт кіз ген қа-
лы ңын қайтарыңыз, оны көпестің ұлы-ақ тө лей ді...», – деп
аға йы ны өзі жуас Мүсілімді асықша иірді. Ол болса күн діз
күл кі сі, түнде ұйқысы бұзылып, бата бұзуға Құ дай дан қор-
қып, бесігінен атастырған Бəсібектің ұлын аяп Арс лан ның
жі бер ген айтшысына жауапты кешіктірді.
Хадиша болса анасының айтуымен жеңешесінен ес ті-
ген нен-ақ есі кетті. Өзі кедейшілікте өскен соң ба, бай дың
жал ғы зы дегенге көз алдына күні-түні ел жыр ғып айтатын
Қар қа ра лы да ғы Акметовтың ағаш үйі елестеп, қашан құ да-
лар келер екен деп елеңдеумен таң атырып, кеш батырды.