Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет11/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
13
тау лас болып отырғанда қатар туылған ұл мен қызды айтты-
рып қойғандарын еске алып, Мүсілімді көрген сайын «құда-
құда» деп əзілдескен болатын. Осыдан бірер жыл бұрын би-
елері  егіз  құлындап,  қой-ешкілері  де  егіздете  тауып,  қатар 
өсіп келе жатқан қос ұлы шөп шауып, қора салуға жарап қал-
ға лы құдасы қайта есіне түскен.
Бəсібек Мүсілімнің үйіне оңашалап келіп Хадишаны көр-
ген, артынша күйеу болатын ұлы – Жазбегінен қа лың ды ғы-
ның құны деп бір ірі қара мен құлынды бие, бес-алты қой-
ешкі айдатып берген. Соны əкелгенде «күйеубала» тұ лы мы 
жалбыраған,  шикіл  сары,  тəмпіш  танау  жасөспірім  қыз ды 
көрген.  Өзі  ержетіп  қалған  бала  «Көке,  анау  Мү сі лім нің 
қызы кіп-кішкентай, сап-сары кене сияқты ғой», – деп онша 
ұнатпай келді. Сол-ақ екен тетелес інісі болашақ жең ге сі не 
«Саркене»  деп  ат  қойып,  Жазбекті  мазақтаудан  жа лық па-
ды. Жамандай берген соң ба күйеу жігіт «Саркенені» іш тей 
ұнатпай, өзінше алғысы келмейтін. Тіпті «қалыңдығым өсті 
ма  екен,  барып  көріп  қайтайын», – демейтін  де.  Қайта  іні-
сі Назбектің есіне «Саркенені» түсіріп, мазаққа ай нал мау ға 
тырысатын. Өзінің көзі түсіп жүрген қараторының əде мі сі, 
сүйіктісі де бар еді. Содан да болар əкесі:
–  Əй,  Жазбек  аржақтағылар  сенің  қалыңдығыңның  құ-
нын қайтарамыз деп жатыр. Алдағы жаз сені аяқ тан дыр сақ 
па деп отыр едік шешең екеуміз, – деді бір күні.
– Не боп қапты, қызын сүрлей ме екен? – деді мінезі қырт 
Жазбек.
–  Ой,  ақымақ,  сен  қатынсыз  өтесің  бе? – деді  көкесі  де 
қайтпай.
–  Мүсілімнің  «саркенесінен»  басқа  қыз  құрып  қап  па? 
Ал да ғы жазда біреу табылар! – деді өзінде жоқ ірілікпен.
– Немене, қалыңдығыңды қолдан беріп, қой бағып жүре 
бермекпісің? – дейді əкесі қайтер екен дегендей. Сөзінің са-
рынында  қолына  қонғалы  тұрған  құсынан  айрылып  қа лар-
дай болған адамның іш күйігі жоқ. 


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет