Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет19/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
21
– Апа, жеңше! – деп сағынышты дауыспен кейуана мен 
іле сіп  келе  жатқан  келіншекті  қапсыра  құшақтады.  Апасы 
бай құс  та  сағыныштан  жылап  жіберді.  Жеңешесі  көтеріп 
келе  жатқан  қоржын-қошалағын  жерге  қоя  салып,  арбиған 
қол да рын қанатша жайып, қайынсіңлісін бас салды.
Дастарқан басында анасы Зерліқан сабыр сақтап, бəй бі-
ше лік  танытып  отырды.  Ал,  Қантай  жеңешесі  жан-жағына 
тамсана қарап, терезенің шілтерін, төсек жапқыштардың ма-
тасын ұстап көріп, кілемдердің түгін сипап таңданып жүрді 
де қойды. Енесі келініне отыр деп айта алмады. Зыр жү гір-
ген қыз мет ші лер ді көріп жеңгесі:
– Бойжеткен, сен тіпті ештеңе істемейсің бе? Кір-қо ңың-
ды да жуа ма? – деп сұрады.
– Ой, жеңеше-ай, кір-қоң болатын бұл қойлы ауыл емес 
қой. Біз өте таза тұрамыз. Төсек-орынды ауыстырып салып, 
киі мім ді  жуып  береді.  Шоқпен  қыздырған  темірмен  киім-
дер дің  қыртыстарын  жазып,  əдемілеп  қояды.  Біз  жуынып, 
ауыстырып киеміз де бұрынғысын жууға береміз. Кірлемей-
ді де. Сыртта монша деген бар, соған жуынамыз, – деп мақ-
тан ды Хадиша.
– Күні бойы ештеңе істемей ішің пыспай ма? – деп ауы-
зын сылп еткізді шешесі. Өзі байғұс үйдің, қора-қопсының 
тір лі гі нен ала таңнан қара кешке сүрсігіп жығылатын. Қан-
тай дың  күні  сиыр  сауып,  құрт-май  алып,  келі  түйіп,  кір 
жуып,  қора  тазалаумен  өтеді.  Қарқаралының  жайлауынан 
келген екі əйелге қаланың, татар байының тірлігі таң болды. 
Кетерде жеңешесі Хадишадан:
–  Бойжеткен,  сені  ұзатқалы  да  екі  маусым  ауысып  қап-
ты, бірдеңең жоқ па? – деп бүйірінен түртіп əзілдеді де, сол 
бірдеңенің  хабаршысы  қалай  болатынын  сыбырлап  тү сін-
дір ді. Хадиша да сыбырлап өз бойындағы өзгерістерді же ңе-
ше сі не айтты. Анасы аулақтау жерде ішек-қарын тазалаған 
əйел дер дің тірлігіне қарап тұрған. Жеңге мен қайын  сің  лі  нің 
сы быр лас қа ны нан Хадишаның сол бірдеңені көтергенін əккі 


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет