Сәуле Досжан 23
Жақыптың мақтанашақ келіншегі Қантай аузының суы
құ рып жиылғандарға Хадишаның үйінің сəн-салтанатын, қа-
ла лы жерден көргенін айтып отырды. Зерліқан бəйбіше ке лі-
ні не айта түссін дегендей қой демеді. Өзі базаршылап ал ған-
да рын дастарқанға төгіп, базарлығын тарата бастады. Ке лі-
ні екеуі келісіп алғанындай Хадишаның бойындағы өз ге ріс
жайында көрші-көлемге ауыз ашпады. Өздерінше көз тиеді
дегендері. Тек əрқайсысы түнде ғана күйеулеріне айтып, ти-
ген сүйіншілерін жеткізді. Хадишаның əкесі мен кө ке сі де
пендешілікпен сол бірдеңемен татардың байын матап ал ған-
дай өздерінше мəз болысты. Бір-біріне айтпаса да, есеп те рі-
нің ойдағыдай шыққанына əрқайсысы іштей се нім ді болды.
Ал, Хадишаның өз есебі өзінде болатын...
Оның аңдығаны – Нұрия. Кеудесін көтере, ішін алдына
шы ға ра, «Көрдің бе?», – дегендей қайқаң-қайқаң етеді.
Арслан тоқалының екіқабат екенін естігелі есі жоқ. Не-
гі зі нен өзі балажан адам болса да Нұриядан перзент бол ма-
ған соң сыртқа сыр бермей салқынқандылау жүретін. Енді
Хадишаны отырғызарға жер таппайды. Қабағын бағып, ол
кө ңіл ді жүрсін деп анда-санда əзіл айтып қоятын болды. Ел
аралап кеткенде артына алаңдап жүреді. Бұрынғыдай Нұ-
рия ның бөлмесіне бара да бермейді. Тапсырмасы болса ма-
ла йы Мақтымға айтып, тамақ ішкенде Хадишаны жанына
алып отыратын болды.
Нұрия болса дастарқан басында ері мен тоқалдың жа-
нында отырғанымен өзін артықтау сезінетіндей. Өзіне еш-
кім айтпаса да мырзасының қарым-қатынасынан тоқалдың
аяғы ауырлағанын білді. Өзінен жиырма жас кіші тоқалды
зе кі мей ді, түртпектемейді, сонда да сол баласындай «бəле»
сұп-суық болып жүргені. «Жап-жас болып күндескенді қай-
дан біледі екен?», – деп ойлайтын. «Қазақтардың то қал да ры
бі рін ші баласын үлкен əйелге береді деп естіп едім. Хадиша
ханым босанса баласын мен бағармын. Ортамызда өсер», –
деп іштей үміттеніп те жүретін.