Үлкен үйдегі үрей
Сөйтіп жүргенде Хадишаның толғағы басталды.
Толғағы басталғаннан Нұрияны бөлмесіне жолатпай
қойды.
Қызметші əйелдер босандырып, кіндігін кесті.
Нұрия өз бөлмесінде «кедергі болмайын, менен сүйінші
сұрар, мырза келгенде қуанышты хабарды алдымен мен ай-
тармын», – деп дəмеленіп, аман-есен туса екен деп тілеуін
тілеп жатқан.
Кеш батқанша ешкім есігін ашпады...
Қызметшілер де тым-тырыс...
Хадишаның ұл тапқанын бұл байғұсқа ешкім айтпады да.
Біреуінің күйеуі атқа міне ел аралап жүрген көпестен
сүйінші сұрауға шапты...
Кеш бата үйдің маңы абыр-сабыр болғанда барып Нұ-
рия сыртқа шықты. Біреулер атын байлап, Арслан шапаны
желбіреп асыға басып үйге қарай келе жатыр екен. Алды-
нан шығып, иіліп тұрған бұған қараған да жоқ, ішке өтіп
кет ті. Артынан ерген шабармандары мұны қағып кете сақ-
та ды. Əшейінде «қажəйке» деп зыр жүгіретіндер қалай тез
өзгергенін байқап, тоқалдың туғанын, ұл тапқанын, мыр за-
сы ның өзіне суығанын іштей сезді Нұрия. Хадишаның бөл-
ме сі не жақындап еді Шəлиға қарсы кездесіп қалып:
– Қажейке-ау, шүйінші, Хадиша ханым ұл тапты ғой! –
деді əдеттегіше ақкөңілімен. Құл қатынның адалдығына риза
бол ған бəйбіше сұқ саусағындағы алтын сақинасын қыз мет-
ші сі нің алақанына салды. Ішінен «маған да жұғысты бол-
сын», – деп бата жасады. Бəйбішенің осынша жо март ты ғы-
нан есі шыққан Шəлиға жығылып-сүрініп сыртқа жөнелді.
Есік түбінде тұрып мырзасының Хадишаның бөлмесінен
шық қа нын күтті.
Көзінен от шашырап, жүзі алабұртып Арслан шықты бір
кезде. Нұрия иіліп:
– Қуаныштымын, мырзам. Баламыз ғұмырлы болсын! –
деді.
Сәуле Досжан
25
Арслан мұның қолын қос қолымен қысып:
– Нұрия, Құдай тілекті берді! – деді де сыртқа беттеді.
Күйеуінің ақжарыла қуанып тұрғанынан күш алып Нұ рия
ішке ұмтылды. Сол-ақ екен іште тұрған қызметші əйел:
– Хадиша ханым ешкімді кіргізбе деген, – демесі бар ма.
– Мен бөтен емеспін ғой, мен де анасымын ғой, – деді
Нұ рия даусы құмығып. Сонда төр алдындағы болыскей ке-
реуетте жатқан Хадиша басын көтеріп:
– Сен анасы емессің. Баланы тапқан мен. Мен ешкіммен
ұлымды ортақтаспаймын! – дегені даусы шаңқ-шаңқ етіп.
Нұрия не істерін білмей табалдырықта тұрып қалды.
Өмі рін де мұндай қорлық көрген емес. Көмейіне тас ты ғыл-
ған дай болып қысылып, көзінен жас парлады. Аяғын арт-
қа қа рай ақырын басып, кейін шегініп кетті де Хадишаның
жат қан бөлмесінің есігін жапты. Ұзын дəлізбен түпкірдегі өз
бөл ме сі не жеткенше омырауын жас жуды.
Ақымақ Хадиша сол күннен бастап өзі де қисық көздері
атысып, жер бетінде бала тапқан жалғыз сол сияқты ма ңы-
на адам жуытпай қойды. Қырқынан шыққанша қыз мет ші-
ле рі нен өзге үлкен үйге бейсауат адам кірмеді. Ақ үйдің ат
үзіл мей тін кермесі де «Мырзаның ұлы қырқынан шық қан ша
баруға болмайды екен» дегеннен босап қалды. Тек Хадиша
ғана үш қабат үйде қошқардай ұлын емізіп, салтанат құ рып
жатты...
Бейшара Нұрияның көрері əлі алда екен.
Бір күні қызметші əйел «Сізді мырза сыртқы тамға көш-
сін деп кеткен болатын», – деп көрпе-төсегін далаға қа рай
таси бастады.
Сөйлесейін десе Арслан қырға шығып кетіпті.
«Бұны шығарып жүрген сен бе?», – деп барайын десе Ха-
диша босағасына жолатпайды.
Бар бəленің пітенедей болған, бойы бір қарыс, үндемей
жү ріп арамдығы қырық қарыс Хадишадан келіп отыр ға-
|