Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет25/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
міз  деп  Ағабек  байдың  үйір-үйір  жылқысын  тартып  алды. 
Бəй бі ше сі нің он екі қанат ақ үйдегі мүлкін қызыл отау деген-
ге береміз деп көшіріп əкетті. Ауыл азан-қазан боп, Ағабектің 
ұл да ры қалған малын шекара асырамыз деп түнделетіп шы-
ғыс қа  қарай  көшіп  кетіпті», – дегенде  қарындасының  қор-
қы ныш тан денесі дірілдеді. Сол сұмдық, бəлшебек деген ті-
зім де гіш тер  өз  үйлеріне  де  келе  жатқандай  шошыды.  Есік 
аш па ған қыз қалпында қырықтан асқан «жирен шалға» тиіп 
əрең жеткен үш қабатты үйін келіп тартып алатындай болды.
Ағасының ойында түк жоқ əңгімені сапырып отырғанда 
кө пес күйеу келді. Масаты қалпағын қолына ұстаған қалпы 
есік тен еңкейіп кірді. Төрде ұлын алдына алып отырған қа-
йын аға сын көріп:
– Жақа, қашан келіп қалдыңыз? – деп жымиған болды қос 
қолымен қайынағасы Жақыпқа ұмтылып. Бірақ қаны қа шып, 
түсі бозарып тұрды...
Соңғы кездері жирен шалының қабағы түсіңкі, дас тар қан 
басында  ауыз  ашпайтын  болған.  Хадиша  екеуі-ақ  отырып 
ішкен тамақ та батпай ма, жоқ Жақып айтып отыр ған сұм-
дық тар дан іштей шошып жүр ме?!
Нұрия байғұс дастарқан басы түгіл, үлкен үйдің бо са ға-
сы на жолаттырылмай қойғалы қашан. 
Жақыптың  алдындағы  бала  өз  əкесіне  ұмтылды.  Аяғын 
бір-екі басып əкесінің алдына келіп жайғасты. Қыз мет ші лер 
қаннен-қаперсіз баяғыдай зыр жүгіріп қызметтерін жасауда. 
Аға сы  мен  еріне  қоюлап  шəй  құйып  отырған  Ха ди ша ның 
бұл жолы баяғыдай мейманасы тасып мастанбады. Бір үрей 
жү рек басына топталып алып, денесін дірілдетті. Се бе бі, ма-
на ғы  өзіне  айтқан  сұмдықтарды  ағасы  еріне  айтып  жатыр 
еді. Арслан бұл жағдайлардан біраздан хабардар екенін мə-
лім де ді. Содан соң екі еркек əңгімені сыртқа шығып оңаша 
жал ғас ты ру ға кетті. Баласын емізіп отырған кішкентай сары 
ке лін шек бір сұмдықтың жақындап келе жатқанын жан дү-
ние сі мен сезді...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет