Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет33/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
қой ды. Екпіндеген еркек сенекке аяқ киімін де шешпей төргі 
бөл ме ге  өте  шықты.  Барқытпен  тыстаған  орын дық қа  жай-
ғас ты. Жан-жағына барлап, ұзақ қарады. «Кəм пес ке ші» еке-
нін іші сезген Хадиша үндемей босағаға сүйеніп тұр.
– Иə, тоқал, байың мына дүниені саған тастай қашқаны 
қа лай? Жер аударылып жоғалам деп қорыққаны ғой. Сен ке-
дей дің қызы болған соң, саған тиіспейді деген ғой, – деп ке-
кетті. Басындағы былғары кепкені шешіп үстелге қойды да 
былғары сөмкені ашып əлдебір қағаз шығарды.
–  Мынау  КазЦИК-тің  байдың  мүлкін  тартып  алып,  ке-
дейге тарат не ортаққа құй деген үкімі. Өзіңнің сауатың бар 
ма? – деп қағазды бұған ұсынды. 
Хадишада қайдан сауат болсын, тек соңғы жылдары ақша 
санағанды үйренген жирен шалдан. Қояндының жəр мең ке-
сі не  барғанда  қолына  ақша  да  берген  базарлатып.  Сауаты 
жоғын біліп қояды ғой деп ойлап, еркек берген қа ғаз ға қо-
лын ұсынбады. Міз бақпай тұра берді.
–  Мен  аудандық  мілисаның  орынбасары  Төрегелді  Тоқ-
пақ бай баласы жолдаспын. Мына Үкімді орындау маған тап-
сы рыл ған.  Сен  кедейдің  қызы  болғаныңмен,  саудагер  бай-
дың,  яғни  көпестің  қатынысың.  Соның  кедейді  сорып,  ал-
дау сырап  тапқан  байлығын  сен  басып  қалдың.  Сондықтан 
ол қа шып кетсе де, Акметовке тиесілі жазаны саған қол да-
на мыз, – деді зілденіп қарап. Ойпырмайдың көзінен от ша-
шырайды. Хадиша қорыққанынан қоянша дірілдеді. Əсіресе 
«жазасын сен аласың» дегенге Таупанын жетектеп жер ауда-
рып жі бе ре  тін дей шошыды. Үндемеді.
– Ертең келіп бар мүлкіңді тізімдейміз. Сен қайда қа ша-
сың қатын басыңмен. Ары кетсе Егіндібұлаққа əкеңе ба рар-
сың. Өкіметтің қолы ұзын, айға шықсаң айдан, қырға шық-
саң қырдан тауып алады. Бүгінде бəрі бəлшебек өздері-ақ ұс-
тап береді. Сондықтан ойлан, ертең келеміз… – деді де бұл 
бай ғұс тан жауап күтпей-ақ шығып кетті.


Сәуле Досжан
37
Акметовтың баласына тигелі бері басынан сөз асып көр-
ме ген,  өз  билігі  өзіне  тиген  Хадишаға  мына  қорлық  өлім-
мен  тең  болды.  Ал  кеп  жыласын,  ал  кеп  жыласын.  Жирен 
шал дың жүрген ізіне зар болғанын енді біліп зар иледі. Есін 
жиын сыртқа шығып еді, аулада Ермет жүр екен, «таз ашуын 
тырнадан» алады дегендей:
– Əй, сорлы, бала қайда? – деп баж ете түсті.
– Ханша, Таупанды тығып қойдым, – деп емпеңдеп келе 
жатыр еді.
– Тыққаны несі, ол татардың баласын қайтсін, оған мына 
дү ние керек. Қараң қалғыр, сен не білуші едің? – деп жаз ғы-
ра жөнелді.
Ермет өз үйіне барып Таупанды ертіп келді. Бір бəле бо-
лып жатқанын сезген бала шырылдап келіп,
– Əти, əни, – деп шешесін бас салды. Жирен шалдың үй-
ре туі мен əке-шешені «əти-əни» деп атайтын.
Мұндай жағдайда ақылдасары Ермет пе, баласын жетек-
теп өз үйіне кіріп алып Хадиша не істерін білмей дал болды. 
Əншейінде  елден  келіп-кетіп  жататындар  да  жоқ,  Шə ли ға-
ның да қарасы батты. «Нені берсем, нені алып қалсам» деп 
ала сұ рып, əрнені бір ұстап жүргенде түн ауды. 
Мұның шамы өшпей тұрған соң ба Ермет үйге бірден кі-
ріп келді де:
– Ханым, бағанағы «өкімет кісі» келді, – деді даусы құ-
мы ғып.
– Қандай өкімет? Ертең келем деп еді ғой. Түн ортасында 
о несі? – деді.
– Білмеймін, ханым, – деп жатқанда «түнгі қонақ» бөл ме-
ге кіріп келді.
– Сен шаруаңа бар, үйге ешкімді кіргізбе, – деді еркек Ер-
метке өзі осы үйдің қожайынына ұқсап.
Хадишада үн жоқ, ұлының қолынан ұстап қатып қал ған 
үйдің ортасында.
– Мынау көпестен туған балаң ба? – деді мілиса.


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет