Үлкен үйдегі үрей – Иə.
– Атың кім бала?
– Тауфиқ, – деп бала үлкен адамша жауап берді.
– Тауфиық сен жаңағы ағаға бар, мен апаңмен сөй ле се-
мін, – деп есікке қарай итермеледі. Хадишаға мына ісі жақ-
па са да өкіметті өкіліне ешнəрсе айта алмады. Тауфиық том-
пи ған күйі есіктен шығып кетті.
– Сенімен ертеңгі мəселені кеңескелі келдім, – деді де
Тау пан ның артынан шығып, Ерматқа баланы тапсырып үйге
қайта кірді. Сырт киімін сенекке шешіп тастапты. Ба ға на ғы-
дай емес, түсі жылы.
Шашын қайырып тараған.
Бүркіт тұмсық.
Ботақан көз.
Ұзын бойлы жігітке Хадиша бір сəтке əйелдік кө зі мен қа-
рап қалды. Ол да сезе қойды ма?
– Өзіңнің атың кім? – деді жылы дауыспен.
– Хадиша…
– Жасың нешеде?
Жасын сұрағанға жыны ұстап, үндемеді.
– Ой, айналайын жап-жас екенсің ғой. «Көпестің то қа лы»
дегенге сары қарын қатын ба десем – деп жақындап ке лін-
шек тің қолынан ұстамақ болып еді. Хадиша ыршып түсті.
– Ой, өзің, асаусың ғой. Мен ертеңгі шаруаны алдын ала
өз еркіңмен келісіп алайын деп келдім, – деді де төрде жаю-
лы жатқан көрпешеге жанында жатқан жастықты құ шақ тап
жата кетті. «Өз еркіңмен шаруаны келісуге келдім» – деген
сөз дер Хадишаның ішін жылытты.
– Кел отыр, жақындау, – деп Төрегелді көрпешенің ше тін
көр сет ті. Хадиша бір тізерлеп жайғасқан соң.
– Хадиша, мынау сұмдық байлық қой, оның бəрін са ған
өкімет бере салмайды. Мұның біразын, шындығында үй-
дің, төрт қабырғасынан басқасын өкіметке өткізуге тура ке-
леді. Ертеңнен бастап «тізімдеуші кəмəссия» деген 3–4 адам