Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет36/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Ауыл-ауылды аралап жүріп «кəмпескеге» ұшырағандардың 
қызы  мен  тоқалдарын  байқап  жүр  еді. «Əке  атымен  қызы 
өте ді» дегендей байлардың қызын балиғатқа толмай жатып-
ақ атастырып, қыз болып қылтиғаннан алып кететін кө рі не-
ді.  Содан  ба  əзірге  көңілге  қонатындай  қызы  бар  бай  көр-
ме ді. Кейіннен тоқалы бар дегендерді аңдып еді тоқалдары 
сары қарын қатын болып шықты. Өзі сияқты кедей-кеп шік-
тің қыздары бар, бірақ оларды іштей менсінбеді. Кү ні не бір 
ауылды дүрліктіріп, салт атқа мініп қырды кезіп жүр се, ізде-
гені жанында жүріпті. Қарқаралының қақ ортасында тұр ған 
салтанатты үйде жүр екен. Дау шығарып то қа лым ды тартып 
алады дейтін байы қашып кеткен. Бары – бар мақ тай баласы. 
Елде Жақып деген ағасы бар деп еді, ол да белсеніп «бəл ше-
бек» болып жүр деп естіді. Өзі бəлшібек болса, ау дан дық мі-
лисамен қайын болғанға қуанбаса, қи нал мас. Осылай ойлар-
мен күндіз көріп кеткен келіншекке түн де ле тіп келгені еді. 
Бү гін-ертең деп соза бермей, мəселенің басын бірден ашып 
ал мақ шы болды.
– Хадиша, мен саған əдейі түнделетіп келдім… – деп бір 
тоқтады. Келіншек не дер екен дегендей барлай қарады. Ол 
үндемейді.
– Мынандай шексіз байлықты бір күнде арттырып жі бе ру 
де оңай емес шығар. Өкіметтің үкімін де бұзуға болмайды. 
Содан  саған  жаным  ашып  келдім.  Ертең  осыдан  шамамен 
аулаға шығарып берейік те «кəмпескенің» тізімін жасап, ар-
басына арттырайық. Қалғанына өзің ие бол. Зəкүн бо йын ша 
сені жер аударуымыз керек екенін білесің ғой, сол жа ғын да 
шешейік, – деп бір тоқтады. Соңғы сөздерді естіген Хадиша 
«бұл кісінің не ойлағаны бар» деп «сені жер аударуымыз ке-
рек екенін білесің ғой» – дегенінен іштей қорқып отырды.
– Сен əлі жассың, мына дүниеге ие бола алмайсың, өкі-
мет те сені жіберіп қоймайды. Сондықтан біреудің ете гі нен 
ұстағаның жөн болады, – деп келіншекке қарай жамбаспен 
сырғыды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет