Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет38/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Енді ше, саған пана болайын деп келдім емес пе. Енді 
са ған күйеу болам.
– Қалай? Көкем мен əкеме айтпай сізге тие салам ба?
– Сен жас қыз ба едің əкеңнен рұқсат сұрайтын. Сен бай 
қатынсың, кімді үйге кіргізіп аласың – өзің білесің. Кə мө нес-
тер дің əйелдері сөйтеді. Мен бүгін қойныңа жатам, ертең кə-
мə сия ға əйелім деймін. Əке-шешең кейін ести жатар, – деді 
де саптама етігін шешіп, есік жаққа лақтырды. «Қаласаң да, 
қа ла ма саң  да  байың  болам.  Əйтпесе  жолың – жер  аудару» 
де ген ді білдірді əр қимылымен. Хадиша жирен шалы екеуі 
жататын  қос  төсекке  бірге  жатуға  жүрегі  дауаламай,  төргі 
бөл ме ге еркекке төсек салды.
–  Төсегіңізді  қонақ  бөлмеге  салып  қойдым, – деді  сы-
зылып.
– Қайда? – деп Төрегелді қолынан ұстай алды. Хадиша да 
«маңдайға жазылғаны осы шығар» дегендей қар сы лас па ды. 
Шала шешінген еркек келіншекті төсегіне ала құлады…
Ойда жоқта күйеулі болып қалған Хадиша «осының бəрі 
түсім  бе,  қазір  «кəмəсия»  дегені  келіп  үйімді  сыпырып  ке-
тетін  шығар»  деген  ой  түскенде  ұйқысы  шəйдай  ашылды. 
Жанында  жатқан  Төрегелді  түк  білмейтіндей,  осы  тө сек те 
өмір бойы жатып келе жатқандай қор-қор етеді.
Татардың ісмер қыздары тоқыған терезедегі əсем шілтер-
ден күн сығалап қарайды. Құдды Хадишаға «Күйеуіңнің кө-
зі не шөп салып, ойнастық құрдың ба?», – деп күліп тұр ған-
дай. Денесінің қызуы тез басылған əйел біртүрлі шошынып, 
«мына  дүлейдің  жатысын-ай,  қазір  оянған  соң  «Əй,  то қал, 
бір күнгі ойнасым болдың, енді дүниені сыртқа шы ғар» десе 
қай тем», – деп тағы ойлап жылы төсектен атып тұр ды. Шұ-
лы ғын, мəсісін асығыс киіп, орамалын жүре байлады. Есік ке 
жете бергені сол еді.
– Хадиша, қайда барасың, асығып? – деді еркек.
– Ұлымды тауып алып, үйдің заттарын сыртқа та сы та йын 
Ерметке – деп қайтер екен дегендей мұңая тіл қатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет