Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет46/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
же ңе ше сі  барылдаған  дауысымен  қосылса  анасы: «Қан тай-
жан,  бұл  сағынышпен  сызылдырып  салатын  əн  ғой», – деп 
кү ле тін.  Сол  сағынышпен  салатын  əні  Хадишаның  кө ңі лін 
ас таң-кестең еткені. Əннің үшінші қайырымын қа йы ра бере 
ал кеп жыласын дыбысын шығармай. Көзінен пар ла ған жас 
бе тін жуды. Баласын бауырына қысып алған ке лін шек сол бір 
күн де рін сағынды. Қолынан ұшып кеткен соң ал тын ның қа-
ді рін  білді. «Жылағанымды  мына  бейбақ  бай қап  қалса,  пə-
уес ке ні тоқтатып алып сабар», – деп қорқып бе тін құба жол-
ға  бұрып  жылады.  Төрегелді  болса,  мана  əйел  əн  бас та ған-
да-ақ  қалғып-мүлгіп  барып  қорылға  басқан.  Кө шір  жі гіт тің 
бұ лар мен  ісі  жоқ,  аңдығаны  қара  жолдың  ой-шұ қы ры.  Тек 
құ ла ғы  жеңгесінің,  əсем  əнін  естіп,  жанын  тербеп  ке ле ді. 
Хадиша Абайдың əнін шырқады. Оны Жирен шалға келген 
қо нақ келіншектен қайта-қайта айттырып алып жат та ған еді. 
Арслан осы əнді Хадиша үйреніп алған қыста керемет қуан-
ған болатын. Алдағы жаз шыға саған мұғалім жалдап оқы та-
мын», – деп жүргенде заман аумалы-төкпелі болып кетті ғой.
Тəңірім қосқан жар едің сен,
Жар ете алмай кетіп ем,
Бір көруге зар едім мен,
Айнымасқа бекіп ең…
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем, –
деген сөздері қандай, əсем сазды əуені қандай шіркіннің. 
Сол жылдары Қарқаралыда Абайдың өлеңін жаттап, əнін 
шырқау  дəстүрге  айналып  еді.  Арслан  айтатын. «Абай  аға 
да, Құнанбай қажы /қажы ата дейтін/ да əкемнің, осы үйін-
де талай қонақ болған. Қажы атам мешіт салдырғанда кө бі-
не біздің үйге түседі екен» дейтін. Қажы атаның салтанатты 
ме ші ті үйлерінің қарсысындағы қырдың үстінде Қар қа ра лы-
ның  бас  белгісіндей  болып  тұратын.  Елден  келген,  қырдан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет